Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Маман даярлаудың жаңа моделі

17.04.2017
КҮЛТӨБЕ
Маман даярлаудың жаңа моделі
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда өткен І Халықаралық  форумға қатысу­шылар техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жақсарту жайында ой қозғады. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауап­кершілігін арттыру да негізгі әңгіме арқауына айналды. Жиынға облыс әкімі Амандық Баталов,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық, кәсіптік білім беру департаменті жетекшілері және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және шетелдік кәсіпкерлер қатысты.

Форумның пленарлық отырысындағы алғашқы сөзді облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы алды.  «Қазақстанның көрікті жері, жер жаннаты, қасиетті жерұйық мекен – Жетісудың төрінде өтіп жатқан халықаралық форумға қош келдіңіздер! Жиынға қатысушылар мен  шетелден келген мәртебелі қонақтарға  алғысымды білдіремін», – деген облыс әкімі ары қарай «Білім. Бизнес. Кәсіп» форумын өткізудің мақсатына тоқталды. Дуалды оқытудың тиімділігін сөз етті. Форумды өткізудегі  негізгі мақсат – жұмыс берушілерді ортақ іске жұмылдыру екенін айтты. Амандық Ғаббасұлы  кәсіптік білім беруді еңбек нарығының талаптарына сай,  оқу – өндірістік  тәжірибе негізінде жүргізудің тиімділігін жан-жақты тарқатты. Дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы  кәсіби маман даярлаудың жаңа моделін құрастырудың маңыздылығына тоқталды.  
Облыста  барлығы 73 колледж бар. Онда 32 мыңнан аса білімгер оқиды.  Дуалды оқытуды енгізудің республикалық жол картасына 27 колледж енгізілген.  Тегін техникалық және кәсіптік білім беру үшін  өткен оқу жылында облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.  Оған  5 мыңнан аса білімгер қабылданып, оның 3 мыңы жұмысшы мамандықтарын меңгеруге  тілек білдірді.   Бұл орайда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы басшысының орынбасары сөз  алды. Ол бизнес өкілдерін  әріптес­тікке, жас мамандарды  жұмыспен қамтуға қолдау көрсетуге  шақыр­ды. Жаңа индустриалдық революция жұмысшы мамандардың кәсіби біліктілігі жоғары деңгейде болу  керектігін көрсетті. Себебі, жұмысшылар  заманауи өндіріс орнында жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істей алуы қажет.  
Форумда Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы өкілдігінің басшысы Рейнер Герц кәсіптік-техникалық мамандарды даярлаудың тиімділігіне тоқталды.  Трир қаласы қолөнер палатасының үйлестірушісі Альберт Овер Қазақстандағы дуальды оқытуды әлі де жетілдіру керектігін сөз етті. Шетелде мұндай жүйе қолданысқа енгеніне ғасыр­ға жуық уақыт өтіпті. Ал біздің елде білім мен кәсіпкерліктің бірлесіп жұмыс атқарып жатқанына  бес-алты жыл ғана болған. 
Жиында Қазақстан туристік ассоциациясының директоры Рашида Шайкенова туризм саласы бойынша маман даярлаудың қиындықтарын атап өтті. Орталық Азия университеті үздіксіз білім беру мектебінің директоры Гүлнар Жұншалиева құрылыс саласындағы өзекті мәселелер және сала болашағы жөнінде ой тарқатты. «ҚазРосАгро» серіктестігінің басшысы Амангелді Мүсілім дуалды оқытуға өз септігін тигізіп, жаңа жүйенің іске асуына қолдан келген көмегін жасап жүрген азамат. Ол өз сөзінде балаларды еңбекке білім алып жүрген кезінен баулудың тиімділігін  айтты. 
– Мен басында ұл-қыздарды қымбат техникалардың тетігіне отыр­ғызуға қорқатынмын. Шынымды айтсам, техниканы бұзып тастай ма деп күдіктенетінмін. Кейіннен байқасам, білімгерлер техниканы дұрыс пайдалану керектігін, жұмысты жауапты атқарғанның артықшылығын  тәжірибелі мамандармен бірдей түсінеді екен, – деген серіктес­тік басшысы форумға қатысушы кәсіпкерлерді дуалды оқытуға қолдау білдіруге шақырды. 
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылады. Түйін сөзде мемлекеттік тапсырысты әзірлеу мен бөлу жөнінде ұсыныстар мен кадр тапшылығын болжаудың нарықтық механизмін енгізу қажеттігі айтылды. Кәсіби бағдар жүргізуді назарда ұстау, экскурсиялар мен шеберлік сағаттарын өткізу, заңнамаға дуалды оқытуға қатысатын кәсіпорындарға салық саласында жеңілдіктер беру жөнінде қарар қабылданды. Форум соңында оқу орындарымен бірлесіп, табысты еңбек етіп келе жатқан бірқатар компания басшыларына облыс әкімі Амандық Баталов  Алғыс хат табыс етті.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.