Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мейір мен пейіл ұштасты

26.03.2018
КҮЛТӨБЕ
Мейір мен пейіл ұштасты
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі  Жетісу жерінде кеңінен тойланды. Облыс орталығындағы «Жастар» спорт сарайынан бастап «Жастар» саябағына дейінгі атшаптырым аумақта киіз үй тігіліп, көрме ұйымдастырылды. Облыс әкімі Амандық Баталов бастаған топ бірінші кезекте қала шетіндегі бұлақтың көзін ашып, бір-бір кесе мөлдір судан қанып ішкен соң  мереке тойланып жатқан жаққа бет алды.  Бұл жолғы Наурыз мерекесіне Халық Қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов қатысып, жетісулық жерлестерімен бірге болды.

Облыс әкімі Амандық Баталов бастаған ел ағаларын, тізгін ұстар азаматтарды ел-жұрты қуанышпен қарсы алып, төс қағыстырып, «Ұлыс оң, ақ мол болсын!» деген тілектерін жеткізді. Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның «Сазген», «Адырна», «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамбльдерінің дәстүрлі әншілері жыр-шашуын тарту етті. Жас ақындар сөз сайысын, айтыскерлер өнерлерін ортаға салды.
Бұл күні ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге ерекше көңіл бөлінді. Бір-бір ақ шаңқан киіз үй тіккен Талдықорған қаласы әкімдігі, облыстық ішкі саясат басқармасы, Жетісу мемлекеттік университеті, колледждер мен денсаулық сақтау мекемелері ән-күйді шалқытып, салт-дәстүрден көрініс көрсетті. Облыс басшысы мерекеге орай тігілген 5 киіз үйдің әрқайсысына бас сұғып, сурет, қолөнер көрмелерін аралады. Биыл 100 жылдығын атап өткелі отырған «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің көрмесіне де көз тоқтатып, газеттің алғашқы шыққан нөміріне, басылымды әр жылы басқарған редакторлар портретіне, 100 жыл бұрынғы фотоаппарат, жазу машинкасына назар аударды. Қос басылымның тарихи жолы көпшілікті де қызықтырды. 
Биылғы Наурызға қала мектептері де атсалысып, Астананың 20 жылдығына орай көрме ұсынды. Бұл орайда Талдықорған қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Мария Құрмашева: 
 – Әр мектеп бір-бір жылды арқау етіп, сол жылда Астанада қандай тарихи оқиғалар орын алғандығын зерттеп, оны сурет, қолөнер бұйымдары арқылы көрсете білді. Бұл балалардың шығармашылық қабілетін арттырумен қатар Астана туралы танымын кеңейтуге де септігін тигізді. Бұдан басқа да Астананың 20 жылдығына орай эссе  жазу, фотобайқаулары да ұйымдастырылуда, – деді.
Ақ шаңқан киіз үй тіккен «Білім», «Саламатты Қазақстан» ауылдарының салт-дәстүр көріністері де көпшілікті бейжай қалдырмады. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастары 10 бөбектің тұсауын кесуге ұйытқы болып, бұл рәсімді облыс әкімі Амандық Баталов атқарды. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімді, дарынды жастары да өнерлерін ортаға салды. Ұлттық ойындарға кеңінен орын беріліп,  арқан тартыс, тоғызқұмалақ, дойбы, қолкүрес, асық ату, гір тасын, қошқар көтеруден күш сынаған білекті жандар сый-сияпатқа да қол жеткізді.  
Биылғы жылғы Наурыздың бір ерекшелігі – 20 қазан палау басылып, көпшілікке тегін таратылды. Сондай-ақ, наурызкөже мен бауырсақтар да ұсынылды.  
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да Наурыз мерекесіне ерекше атсалысып, әр ұлт өзінің салт-дәстүрін паш етті. Көпшілік қырғыз елінен келген акробаттардың өнерін қызыға тамашалады. 
Осынау шат-шадыман шаттық ортасында облыс әкімі Амандық Баталов көпшілікті ұлық мерекемен құттықтады.
– Құрметті жетісулықтар! Ардақты ағайын!
Ұлыстың ұлы күні, жақсылықтың жарқын мерекесі, Жыл басы – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Әз Наурыз Мәңгілік Еліміздің айбынын асырып, Ұлы Дала ұрпақтарына бақ-береке әкелсін! Жер жаннаты  Жетісуымыз жайнап, гүлдене берсін! Қазыналы қарттар, жалынды жастар, бақытты сәбилеріміз аман болсын! Береке мен бірліктің бастауы болған Наурыз мерекесінде барша жетісулыққа, әр шаңыраққа бақыт, қуаныш тілеймін.
«Дастарқанға ақ толатын, елге бақ қонатын, арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп бекер атамаған»
, – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, дана халқымыз Наурызды ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған.
Наурыз айы – жаңару мен жаңа істің, ырыс пен ынтымақтың алтын арқауы саналған.
Күллі шығыс жұртына ортақ – Наурыз мерекесінің тарихы тым тереңде жатыр. Күн мен түн теңелетін, жыл басы Наурызда бұлақтың көзін ашып, ағаш еккен. Алыс кеткен ағайын қауышып, жақсы тілекпен татуласқан.
Халқымыз Ұлыстың ұлы күнінде  жаңа жылға үлкен үміт артады. Тепе-теңдік, ізгілік пен жаңару үйлесім тапқанда  елге құт қонып, береке орнайды.
Себебі, Наурыз мерекесі – ерекше қасиетті, қастерлі мереке. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызды саралап, келешекке жоспар кұрамыз. Тәуелсіз еліміздің өркендеп, өсуі жолында жаңа бастамаларға негіз қалаймыз.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, оларды өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге елімізде барлық жағдай жасалған. Оның айқын көрінісі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.
Бұл маңызды құжат XXI ғасырда халқымыздың қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтауға мол мүмкіндіктер жасап отыр.
Рухани жаңғыру аясында облысымызда көптеген жоба жүзеге асырылып, жемісін беріп жатыр.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев наурыз айының басында «Әлеуметтік саланы жаңғыруға бағытталған 5 бастамасын» ұсынды. Еліміз үшін өзекті, әлеуметтік салаға жаңа серпін беретін шараларды іске асыруды міндеттеді.
Мемлекет басшысының атаған 5 бастамасында халқымыздың нұрлы болашаққа деген үлкен үміті, ақ арманы жатыр.
Елімізбен бірге Жетісу жұртшылығының әлеуметтік жағдайы жақсарып, экономиканың барлық бағытында жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Өндіріс, жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындар жұмыспен қамтылып, ел ауқаты артуда. Жолдар жөнделіп, көрікті, сәулетті ғимараттар бой көтеруде. Береке-бірліктің арқасында бұдан да үлкен мақсаттарға қол жеткіземіз. 
Тәуелсіздік тұғыры берік болып, ел абыройы арта берсін!
Біз бүгін ақ ниетпен жыл басы – әз Наурызды қарсы алып отырмыз. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, салт-дәстүрімізді айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әр отбасына бақыт пен молшылық әкелсін! Жеті қазынаның бірі саналатын  ит жылы жетісулықтар үшін ырысты, берекелі жыл болсын! – деді. Осыдан кейін облысымыздың, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген ғарышкер Айдын Айымбетовке «Алматы облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті.
Халық ерекше шаттыққа бөленген бұл күні Жастар саябағында ортақ тайқазаннан дәм татып, елдің татулығы мен бірлігін арттырған Наурыз мерекесі туралы театрландырылған көрініс сахналанды.  Облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның, «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблі әншілерінің ән-жыры қалықтады. Наурыз мерекесіне арнайы келген елімізге танымал әншілер Жанар Дұғалова, Айкерім Қалаубева, Мұқасан Шахзадаев, Абай Олжас көпшілікке жылы лебізін жеткізіп, ән шашуларын тарту етті.  Ұлық мерекені Жетісу жұртшылығы осылайша атап өтті. Сол күні Жер-Ананың мейірі мен ел-жұрттың пейілі әдемі үйлесіп тұрды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.