Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ ЕКІНШІ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

27.09.2024
КҮЛТӨБЕ
МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫЛАРДЫҢ ЕКІНШІ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

Бас прокуратурада Мемлекеттік айыптаушылардың екінші республикалық форумы өтті.


ҚР Президентінің көмекшісі Е.Н.Жиенбаев, Конституциялық Соттың Төрағасы Э.Ә. Азимова және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Е.Ластаев құттықтау сөз сөйледі.

Жұмысқа Жоғарғы және Конституциялық соттардың, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, Парламент депутаттары, көрнекті заңгер ғалымдар мен өңірлік прокуратуралардың қызметкерлері де қатысты.
 

Форумды аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысы 2022 жылғы наурызда Қазақстан халқына жолдауында Әділетті Казақстанды қалыптастыруда негізгі қадамдардың бірі болып табылатын сот төрелігін жүзеге асыруға азаматтық қатысуды кеңейтуді тапсырғанын
атап өтті.

Қадағалау ведомствосының басшысы «Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 40-тан аса баптары алқабилер сотында қаралатын ауыр және аса ауыр қылмыстар құрамдарын қамтиды.
Жалпы, елімізде алқабилер соты институты 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оған азаматтардың сенімі жыл сайын артып келеді», — деп атап өтті.

Осы орайда прокурорлар мен адвокаттардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет.

Олардың сауатты және белсенді қатысуы тараптардың жарыспалылығын арттыруға және заңдылықты нығайтуға ықпал етуі керек.

Сонымен қатар Бас Прокурор прокурорларды кәсіби даярлаудың ерекше маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік айыптаушыларды алдын ала дайындау керектігін баса айтты.

Сондықтан ол салалық Қызмет пен Құқық қорғау органдары академиясына өз жұмысын тыңдаушыларға шешендік өнер мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын үйретуге бағыттауды тапсырды.

Форумда сондай-ақ алқабилер сотын дамыту перспективалары, алқабилердің жеке деректерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, олардың қылмыстық процестегі рөлін нығайту және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Судьялар, адвокаттар, практик-заңгерлер мен прокурорлар алқабилер институтын дамыту, қылмыстық процестегі тараптардың жарыспалылығын арттыру мәселелері және басқа да өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасады.

Форумның бірінші күнінің қорытындысы бойынша қатысушылар алқабилер сотын дамытудың көтерілген мәселелерін шешу және сотта мемлекеттік айыптау сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірледі.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.