Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Министр есеп берді

07.06.2016
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының Жарлығына сай қоғамдық кеңес алдында орталық ат­қа­рушы органдар  басшыларының  2016 жылға есеп беру кестесі бойынша ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев есеп берді. Астана төрінде онлайн режимінде өткен министрдің баяндамасын облыс әкімдігінің үлкен жиынжайында өңіріміздегі мемлекеттік ме­кемелер, қоғамдық ұйымдар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының өкіл­дері және экология саласының мамандары тыңдады. Ауқымды шарада екі мәселе қаралды. Алдымен Энергетика министрлігіне қарасты коми­тет­тердің өткен жылы атқарған жұмыстары мен биылғы алты айда қол жеткізген табыстары жайлы баяндама оқыған министр келесі кезекте БАҚ өкілдері мен облыс тұрғындарынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Өз баяндамасында ол министрлік жұмысының не­гізгі бағыттары, энергетика саласын дамытудың басты тетіктері, жеткен жетіс­тік­тер мен орын алған келең­сіз­діктер, алдағы жоспар­лар­ға, соның ішінде эколо­гия мәселелеріне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, аталмыш министрлік қа­шан­да жоспарға сай қыз­мет жасап, ойдағыдай нә­ти­желерге жеткен. Өткен жылы басталған эко­но­ми­калық дағдарыстың сал­да­ры қанша  ауқымды бол­са да министрлік жұмысты ба­ғытын жүйелі жоспарлап, көптеген өндіріс орнын сақ­тап қалған.

Өткен жылы мұнай ба­ға­сы үш есеге төмендеді. Осы тұста елімізде үш үлкен жо­ба бойынша жұмыстар жос­парланды. Сол қатарда «Теңіз­шевройл» компа­ния­сы мен «Қарашығанақ»  кен орнын кеңейту жұмысы қол­ға алынса, биылғы жылы «Қа­шаған» жобасын іске қо­су қарастырылған. Бұл елі­міз­дің мұнай өндіру сала­сын­да 26 мың жұмыс орнын ашып, 40 миллиард дол­лар­дан астам инвестиция тар­туға мүмкіндік береді.

 Қара алтыннан өзге де ми­нистрліктің құзырындағы ел экономикасын өркендетіп отырған газ, электр энергия­сын жетілдіру, атом электр стансысын салу жоспары, уран өнеркәсібін дамыту, та­ғы да басқа маңызды са­ла­лар жетерлік.  Министр бұл орайда атқарылып жатқан жұмыс ретімен де жан-жақты таныстырып өтті. Әсіресе, жасыл экономиканы дамы­туды, жалпы халық тұтына­тын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кезек күттірмейтін маңыздылығы мен экологиялық ортаны қор­ғау мәселесін тілге тиек етті. Қанат Бозымбаев ал­дағы уақытта бензин өнер­кәсібін модернизациялау жұ­мыстарының қауырт жүріп жат­қанына айрықша тоқ­тал­ды. Осы арқылы елімізде екі түрлі Еуропалық өлшемге сай бензин өндіріліп, жа­нар­май нарығы толық қам­та­ма­сыз етілмек. Сонымен қатар, бү­гінгі таңда елді мекендерді газ­бен қамту мәселесі рес­пуб­ликалық және жергілікті бюджет есебінен шешіліп келе жатыр.

Министрдің айтуынша, өткен жылы елді газдандыру 43 пайызға жетіпті. Бұл тө­мен көрсеткіш болмаса да ойдағыдай жетістік те емес. Ал 2016 – 2018 жылдары   Ақ­төбе, Батыс Қазақстан, Оң­түстік Қазақстан және  Қос­анай облыстарындағы 66 елді мекен газбен қам­ты­лады деп күтілуде. Осы жыл­дар аясында қосымша 14 елді мекенге газ құбыры тар­тылатын көрінеді. «Ин­дус­трия­лық-инновациялық да­му» бағдарламасы бойын­ша  «Бейнеу – Шымкент» газ құ­быры салынды және қол­да­нысқа берілді. Бұл жоба оң­түстік өңірлерінің газға тәуел­ділігін шешкенімен та­би­ғи газдың қызығын көре алмай жатқан жерлер де бар­шылық. Олар алдағы күн­нің еншісінде.

Бір айта кетерлігі, ал­да­ғы уақытта Елбасының тап­сыр­масымен электр энер­гиясын тасымалдайтын кә­сіп­орын­дар­ды ірілендіру жұмысы қол­ға алынады.  Бұл Пре­зи­денттің Астана экономи­калық форумында,   «Париж келісімі» аясында  жасыл экономиканы дамыту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі «Жол картасын» әзірлеу туралы тапсырмасы ая­сын­да қолға алынады.

Баяндамадан кейін ми­нистр Қанат Бозымбаев «24.КЗ» теларнасы мен «Қа­зақстанская правда» газе­тінің тілшілерінен, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының тұрғындарынан түскен әр­түрлі мазмұндағы сұраққа жауап берді. Сол қатарда     І. Жансүгіров атындағы Же­тісу мемлекеттік универ­си­теті техникалық пәндер ка­федрасының аға оқыту­шы­сы, техника ғылымдарының кандидаты Жайлаубай Әлім­­беков қалдықтарды көлемі, құрамы, түріне бай­ланысты сұрыптап, «Рұқсат етілген қоқыс орны» деген ұғым енгізу қажеттілігін айтып өтті. Оның сұрағына министр: «Бұл ұсыныс тек қана экономикалық емес, санитарлық-эпи­де­мио­ло­иялық, техникалық және басқа да талаптар мен өл­шемдерге сай келетіндіктен министрліктің жанынан құ­рылған кеңес отырысында қарап, қорытынды шығару керек», – деп жауап берді.

Осындай әлеуметтің әлеуе­тін дамытатын маңыз­ды мәселелер көтерілген басқосу жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Қажет Андас

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.