Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-нің «Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК-ның жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес келмегені анықталды, бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады.
Осыған байланысты Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.





