Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨМІР МЕКТЕБІ

25.02.2018
КҮЛТӨБЕ
ӨМІР МЕКТЕБІ
WhatsAppTelegramFacebook

    Әр мамандық тұңғыш табалдырықты аттаудан басталады. Мен үшін «Жетісу» газеті кәсіби қаламгерлік өмірімдегі алғашқы өмір мектебі болып табылады. Өмір жолым осы мекемеден басталады деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Ол: «Жетісуда істейді он бір ақын, газетті біреуі жоқ оңдыратын», – деген кезеңнің аяқталып келе жатқан тұсы еді. Тәжірибеден өтіп жүрген кезімде үйір басқан Нүкеш Бәдіғұлов ағамыздың алғауымен соңғы курста қызметкер болып шыға келдім. Өлең қуған он бір ақын орындарын Нүкеш аға мен Кеңшілікке қалдырыпты. Облыстық газет деген аты болмаса, мамандардың сапасы мен оларға қойылатын талап «Социалистік Қазақстаннан» бір кем болмайтын. Үнемі үлгі әрі бәсекелес болатын. Сақа журналистер де сол мектептен шыққан сайыпқырандар еді. Газеттің макетінен бастап жазу мәнеріне дейін сықиып, «галстугін тағып» тұратын. «Лениншіл жастың» еркіндігіне бейімделіп қалған біз сияқты борбастарға ең қиын соққаны да осы болды. Етек-жеңді жиюға, қымсынып жүруге, штампқа бейімделуге тура келді.


    Алғашында бұл мәнерді мойындамап едім, мүшелемей, сүйегімді шағып-шағып бергенде, дымсыз көндім. Оның үстіне, мен – хабар, тұрмыстық қызмет, спорт бөлімінде істегендіктен де, өзім аңсаған еркін қаламгерлік мақалалар жайына қалды. Кеше кешкісін өткен жиналыс, жарыс, конкурстардың хабары сағат онға дейін «шұғылдатып» теруге кету керек. Шаралар түнгі он екіде аяқталады, қаланың сыртындағы пәтерге жетіп, жазып бітіргенше таң атып қалады. Келе «диктовкаға» отырсаң да бәле. Ал кезекші болған күндері түнгі үш пен таңғы бестің арасында баспаханада жүргенің. Алғашқы арынды өте ауырсынып жүрдім, ақыры басбілгі атанып, жетекке ере жүріп, өз соқпағыммен жүруге тырыстым. Мұны білген Пернебек Бейсенов, Жәнәбіл Темірбеков, Баймолда Мусин, Хабдышаар Әміренов, Мұғалімбай Жылқайдаров, Марат Тұрапов, Жұмаш Арғынбаев, Қырғызбай Дәуітов (тікелей бастығым), Шекербек Садықанов, Әбекең Бөлебаев, Әбіқұл Ибрагимов, Нүкеш Бәдіғұлов, Тәуірбек Сұртаев сияқты майталмандар өз бөлімдерінің іссапарына тартып, аудандарға баруға мүмкіндік жасап отырды.
Әрине, Қырғызбай ағам қызғыштай қориды. Бірақ, ынтам іссапарда. Сол іссапарлар арқылы мен өзімді шын мәнінде жураналист ретінде алғаш сезіндім. Ал Кеңшілік пен Қаржаубай Омаров (Айтолқын) бастатқан жете қабыл тетелестер, Уәлихан Қалижанов, Жақыпжан Нұрғожаев, Марат Тоқашбаев, Рақымжан Өтегенов, Тұрлыбек Мамасейітов, Рысбек Сәрсенбаев, Мұқатаев (есімі есіме түспей тұр) сияқты жастар өзара тонның ішкі бауындай бауыр басып кеттік. Бәріміз де сын, қыл үстіндеміз, бірақ секретариатта істейтіндердің азабы күнді-түні үзілмейтін. Күлимән, Жәмила, Күлпән апайлардың жүзі жылы еді. Машбюродағы апайлар мен Нұрбүбі бастатқан қыздар да жастарды жандарына тартты, сырласымызға айналды. Барлық жастар осы жылдары отау құрып, шаңырақ көтердік. Сондықтан да бір-бірімізге әлі де ыстық көрінеміз. Алғашқы екі жыл осындай басбілгілікпен өтті. Бұл мен үшін үлкен журналистік және өмірлік мектеп болды.   Енді өзім де бас көтеріп, екі-үш айда бір рет ерікті тақырыппен іс-сапарға шығатындай  еркіндікке ие бола бастадым.
    Мен неге «Жетісуды» өмір мектебі болды деп есептеймін? Соған екі-үш тәмсіл келтірейін, онсыз қаламгердің қаламы төселмейтіні анық. Бірінші, журналистиканы, тақырып таңдау мен мақаланы беттеу, дерек жинау, материалды қорыту, бастықтарға оқыту және кезекті санға салудан бастап корректурадан өткізуге дейінгі, оның ішінде, күнделікті ресми газет шығарудың барлық өндірістік қитұрқыларын бастан кешірдім. Бұл – журналистиканың ұлы мектебі. Мерзімді баспасөзде, газетте істемеген адамды қазір де журналист ретінде мойындамаймын. Бір сәтте бар мәселені бағалап, табан астында шешім қабылдап, жазып, жариялап үлгеру дегеніңіз айтқанға ғана жеңіл! Қазіргі ғаламтор да оны алмастыра алмайды.
Корректура дегеніңіз – қылкөпір. Кезекші болған күні ертеңінде жаның мұрныңның ұшында тұратын. Қатеден ұры ешнәрсе жоқ. Көріп тұрып жібересің! Бір жолы түн ортасына таман корректура аяқталды. Сара апай қол қойды. Алаңдай бердім де, бір беттің оймақтай жерін дөңгелете сызып: «Осы арада бір пәле бар!» – дедім. Жарысып та, салыстырып та, әріптеп те қайта оқыдық. Түк жоқ. Бетті қорғасынмен қалыптауға жібердік. Жарты сағаттан соң жаңағы мәтіннің бір жолына көзім түсіп кетіп, айқайлай атып тұрдым. Сара апай да алаңдаса керек, кете қоймапты. Көре сап қалыптау цехына жүгірдік. Бет қалыпталып, құйылып, басылуға кетіпті. Цех бастығына жалынып, басу машинасын тоқтаттырып (ал оған үлкен айыппұл төленеді), әлгі ұры әріпті «морашкалатып» – бұлдырлатып жіберіп жанымыз қалды. Өзі ресми мақала еді. Бас редакторымыз да: «Тіс жармаңдар», – деді. Сондағы байқамағанымыз: «Адам аласы – ішінде», – деген тіркестің бірінші сөзі  дұрыс тасымалданбапты. Содан бастап терімдегі мақалалардың ең бірінші тасымалдануларын қарайтын болдым.
    Екінші, алғаш орналасқан кезімде қатарласа шаштараздардың конкурсы мен АҚШ – СССР боксшыларының жекпе-жегі өтті. Екеуі де түнгі 12-ден кейін аяқталды. Қаланың сыртындағы үйге түнгі сағат екінің мөлшерінде бардым. Қатираға сүйеніп репортажды жазып, сегіз жарымда диктовкаға отырдым. Баймолда Мусинге апарып бердім. Көкпеңбек шимай, түзету! Қатты намыстандым. Қайтадан машинисткаларға бастыруым керек. Оларға беттей алмаймын. «Менен журналист шықпайды екен. Кетейін», – деп Баймолда ағаға бардым. Ол: «Сен әлі ұйқыңды ашқан жоқсың. Неге көкпеңбек сызу екеніне қара! Оқы!» – деді. Қарадым. Оқыдым. Дұрыс. Бірақ мәтін өңделген. Қайта сызылған жерлерді оқытты. Сонда байқағаным, «диктовка» жасағанда «шаштаразшылар», «шаштаразшылар» деп көптік және қолданылуға тиісті емес септікті қайталай беріппін. «Шаштараз» дегеннің өзі көптік септігінде тұр емес пе?! «Шы» мен «лар» артық! Ал боксшылардың жекпе-жегін әсірелеп тізіп жазған кезімде «есеңгіретіп тастады», «есеңгіреп кетті», «есеңгіретті» дегенді ауыстырып жаза беріппін. «Мынаны оқып отырып мен де есеңгіреп кеттім. Оқырманда не ес қалады? Көк шимай қып тұрған да бір-ақ сөз ғой», – дегені. Боксшылардың атын атап келіп, аналар мыналарды есеңгіретіп тастады деп бір-ақ сөзбен қайыратын жинақы тіркес қой керегі! Қазір мұндай «шылар» мен «есеңгіреуден» көз аша алмайсың. Сөйтіп мен, етістік пен баяндауышқа, септік жалғауларына «жау» ретінде қарайтын болдым. Қазір де бір жазғанымды  2-3 рет өңдемей ешқайда ұсынбаймын. Міне, бұл – «Жетісудың» маған берген сабағы. Сонда М. Жылқайдаров, Т. Сұртаев, Х. Әміренов, М. Тұрапов ағаларымыздың бір бет цифрдан бір бет газет материалын «диктовка» жасап шығарының алдында, баяндауыштар мен етістіктерді қағазға түсіріп алатынының себебін түсіндім. Бұл амалсыздықтан туған ұлы амал. Өз басым оған қайтып жоламадым.
    Үш жылдың ішінде өзімнің бар шығармашылық мүмкіндігімді таныта алдым деп ойламаймын. Алайда кейінгі дау-дамайы көп болған екі-үш сын мақаламды қазір де қысылмай еске аламын. Бір күні хат бөлімінің меңгерушісі Ә.Бөпебаев ағамыз шақырып алды да: «Мына арыздағы адамдардың бәрін білемін. Дұрыс жазылған. Бірақ облыстық кәсіподақ, ауданаралық автобаз бірлестігі, ауданаралық сот, аудандық аурухана – төртеуінің де шешімін жоққа шығарып отырған аудандық партия комитеті және оның бірінші хатшысы. Біздің журналистер де ол адамды жақсы біледі. Азулы. Сен жассың. Көрінуің керек және сені ешкім танымайды. Барып кел», – деп жұмсады. Бәрімен жолықтым. Жеке сөйлескендер арыз иесін қостайды. Аупарткомға тіреле береді. Идеологиялық хатшы есік алдынан алыстап шығармайтын болды. Курстасым да шыр-пыр етеді. Аудандық сот та, аудандық аурухананың бас дәрігері де, кәсіподақ бастығы да бір-бірінен айнымайтын анықтамалармен «жарылқап тастады». Адымымды аштырмады. Қонақүйдегі кезекші апайға мені бақылап отыруды тапсырыпты. Ол кісі сақтандырды. Үшінші күні таңертең бірінші хатшы қабылдайды деді. Бюроның жиналысы бір-екі тәулікке созылады. Мені ешкіммен жолықтырмаудың амалы екенін түсіндім де бірден аурухананың тіркеу бөліміндегі медбикеге барып, әлгі кісінің бас қағазын сұраттым. Бәрі де арыздағыдай екен.
    Сол күні қабылдаған дәрігерге әлгіні көрсетіп ем, жылап жіберді: «Сіз бесінші тексерушісіз. Мынау менің қолым. Қайдан алдыңыз? Басым пәлеге қалды-ау!» – деп сарнай жөнелді. Сөзінің растығына қол қойдырып алдым да, жолай көлікке отырып (арасы 150 шақырым), ауданаралық сотқа келсем, заң факультетінде параллель оқыған қыз тәжірибеде жүр екен. Түскі үзілісте ауданаралық соттың үкімінің көшірмесін алып, автобірлестіктің кәсіподағына барып, бәрін анықтадым да, аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының атын атап отырып түнімен «Арыз – біреу, төрелік – төртеу» деген фельетонды жазып, Ә.Бөпебаев ағама апарып бердім. Ол дереу бас редакторға беріп, редколлегияға жылдам талқылатты, ертеңгі санға шыға келді. Мені қуып жеткенше мақала шығып  үлгерді. Ал, содан бастап менің жұмысым облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы І. Балтағұловтың қабылдауының алдына «ауысты». Марқұм Рахметолла Нұрпейісов ағамыз біресе түсінік алады, біресе жұбатады, ақыры бір айдың ішінде сырласқа айналдық. Сөйтсем, әлгі бірінші хатшы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың жақын досы екен. Газетке шыққан мақалаға шара қолданылуы тиіс, ал мында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының аты аталып тұр. Қызметтен кетуі керек. Олар: «Газет қателестік деп кешірім сұрауы керек», – депті. Бас редактор еріксіз көнді. Майдангер Ә.Бөпебаев ағамыз: «Сенікі дұрыс. Облыстық, ауданаралық соттар да араласып, тілшілеріңіз жалған ақпаратты алыпты деп жатыр. Мен: «Өздерің жалған хаттама жасап отырсыңдар. Мәселе Орталық комитеттің талқылауына ұсынылады. Ал журналист «Правда» газетінде журналистердің құқын қорғайтын комиссияға жазамын деп отыр. Өтірік хаттамаларыңды жоғалтыңдар!» – дедім. Сен, енді алған бетіңнен қайтпа», – деді.
    Бас редактордың, обкомның атына 15 беттей түсінік жазып: «Жазғанымнан қайтпаймын. Егер мәжбүрлейтін болсаңыздар, онда «Правданың» журналистер құқығын қорғайтын комиссиясына жүгінемін», – деп көрсеттім. Қойшы, бір ай өткеннен кейін бәрі де тынышталып,  қызметіме кірісе бастадым. Үш айдан кейін жаңағы бірінші хатшы бар бірінші хатшылардың үстінен қарайтын комиссияның меңгерушісі болып ауысты. Кінәлі адамдар жазаланды. Үш айдан кейін А.Асқаровпен де, әлгі хатшымен де кездестім. Асекең жөнімді сұрап: «Біздің балдыз сенің шаңыңды бір қақты-ау, ә?» – деді. Кейін де, араға жиырма жыл салғаннан соң сол оқиғаны бір есімізге алғанымыз бар. Реті солай болды ма, жоқ, обком өз бөлімдерінің есебіндегі журналисті бір сүріндірмей қоймайтыны қаперімде болды ма, үй кезегін күтпестен, тіс қаққан журналист есебінде басқа қызметке ауыстым. Бұған тура сондай тақырыптағы облыстық ішкі істер  бөлімі мен ауылшаруашылығы бөлімінің, күзет қызметі мекемесінің кемшіліктері әшкереленген «Тар жолдағы талапай» атты кезекті фельетонның дүбірі де қосылса керек.
    Мен қаламыма сенім мен қуат берген «Жетісу» газетін өзімнің төл шаңырағым және өмір мектебімнің басы деп есептеймін. Сол жылдардағы ағаларым мен қатарластарымның жан жылуын әлі де жақын сезінемін.
 
Тұрсын ЖҰРТБАЙ.
«Жетісу» газетінің 1974-1977 жылдар аралығындағы корреспонденті,
әдеби қызметкері,
филология ғылымдарының докторы, жазушы, алаштанушы

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.