Талдықорған: 0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘМІРЕ ӘРІН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ!

24 сәуір 2017
КҮЛТӨБЕ
ӘМІРЕ ӘРІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "АЛАШ" ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ!
WhatsAppTelegramFacebook

Әр сайына жыр қонақтап, әр бұтасына өлең ұялаған қасиетті Жетісу жерінде өмірі өнермен, өлеңмен астасқан дара дарындар аз емес. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын арқалы ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы Әміре Әрін сондай тарлан таланттардың қатарында. 

Журналистік қарбалас қызметінен қолы қалт еткенде шабыт тұлпарына мініп, өлең өлкесіне өзіндік жолын салған қаламгер осы уақытқа дейін «Тамызық», «Маздақ» атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарып, жырсүйер қауымға дарынды ақын ретінде танылды. Өлеңдері облыстық, республикалық деңгейлерде өткен жыр мүшәйраларында әлденеше рет топ жарып, республика деңгейінде жарық көрген бірнеше жыр жинақтарына енгізілді. Әр жылдары «Тылсым тыныс» атты деректі повесі мен «Кенен жерім – Көксуым» деп аталатын публицистикалық шығармалар жинағы, «Ауғанның от-жалыны» атты зерттеу кітабы, «Томирис» әңгімелер жинағы жарық көрді. 
Әміре Әрінұлы бас редакторы болып табылатын облыстық «Жетісу» газеті әдебиет саласындағы жылт еткен жақсы жаңалықтарды оқырманға жеткізуге асығып, қаламгерлердің шығармашылығын жүйелі насихаттап тұрады. Басылымда жерұйық мекенде дүниеге келген ақын-жазушылардың өлең, әңгімелері де жиі жарияланады. 
Күні кеше ғана талантты әріптесіміз, білікті басшымыз ӘРІН Әміре Әрінұлына осындай жетістіктері үшін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Секретариатының шешімімен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының берілгендігі белгілі болды. 
Белгілі ақын-жазушылардың, сонымен бірге әдебиетімізге жанашырлық, қолдау танытып жүрген Өзбекстан, Азербайжан, Белорус Республикалары қаламгерлерінің қатарында жоғары марапатқа ие болған қадірлі әріптесіміз Әміре Әрінұлын Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық саласындағы алар асуларыңыз дәйім биіктей берсін дегіміз келеді. 

Ізгі тілекпен: «ЖЕТІСУЛЫҚТАР».

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

26 қазан 2026
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

26 қазан 2026
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

26 қазан 2026
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

26 қазан 2026
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

26 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.