Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МУЗЕЙ — ӨҢІР ТАРИХЫ МЕН ҰЛТ РУХАНИЯТЫ

13 мамыр 2024
КҮЛТӨБЕ
МУЗЕЙ - ӨҢІР ТАРИХЫ МЕН ҰЛТ РУХАНИЯТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облыстық Мұхаметжан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде «Музей – өңір тарихы мен ұлт руханияты» атты мерекелік шара өтті. Мәдени шара қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби теміржолшы-инженер, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы М. Тынышбайұлының 145 жылдығына, облыстық музейдің құрылғанына 50 жыл толуына және музей қызметкерлерінің төл мерекесі 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылды.


дың құттықтауы мен музей қызметкерлерін марапаттаудан тұратын ресми бөлімі музей ауласында өтіп, музей фойесіндегі «Ұлт мұратын ұлықтаған Мұхаметжан» атты көрменің ашылуымен жалғасын тапты. Көрме «М. Тынышбайұлының Сталинге жазған хаты» атты сахналық көрініспен басталып, тарихи тұлғаның тағылымды өмірі мен елеулі еңбек жолын аға ғылыми қызметкер Еркін Стамшалов презентациясында таныстырды.  

Музейдің «Көне және орта ғасырлық тарих» залында ХVІІІ ғ. өмір сүрген әулие, емші, қобызшы, көріпкел, ұста Көтен тәуіп Қоңырбайұлына арналған тұрақты экспозициялық комплекстің ашылуы өткізіліп, қобыз аспабымен Абыздың күйі «Толғау» орындалды. 

– Музей – кешегі тарихты бүгінгі күнмен байланыстырып, оны кейінгі ұрпаққа ұлықтайтын, сынаптай сырғыған уақытты пайдалы өткізуге, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін əмбебап орталық. Əр музей өз алдына бояуы қанық, айтар ойы анық өзгеше бір əлем. Бүгінгі орайлы сəтті пайдалана отырып, қордағы материалдарды тіркейтін, экспонаттарды сақтау мен оларды халыққа таныстыруға дейінгі көзге көрінбейтін жұмыстың бəрін істейтін сала қызметкерлерінің ұшан-теңіз еңбегіне алғыс айтамын. Алдағы уақытта да бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұсынатын, жинақталған мұраны ғылыми айналымға енгізетін музейдің қызметі жанданып, келушілердің қатары қалың болсын, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменұлы.

Шараға арнайы Астана қаласынан келген музейтанушы маман Нұрсерік Жолбарысұлы, Көтен тәуіп Қоңырбайұлының ұрпақтары, ардагерлер, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мамандары, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Айғаным АЙТМҰХАН

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.