Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мына ауыл қай ауыл?

07.11.2016
КҮЛТӨБЕ
Мына ауыл қай ауыл?
WhatsAppTelegramFacebook

Неге екенін білмеймін, ауылымды алғаш көргенде ойыма Ерлан Жүніс ақынның осы бір өлең шумағы орала берді, орала берді…  Ауылыма келмегелі қаншама жыл өтіпті. Отбасымызбен қалаға көшкендіктен туған жерімізден алыстап кете бардық. Тек жүрегімізде ауылымызға деген сағыныш пен әдемі естеліктер ғана қалды. Сол баяғы өзімнің көз алдымда қалған ауылымды іздеп келемін. Бір уақыт бала  шағым сағымдай бұлдырап, қол бұлғап  өте шыққандай болды. Сонсын… «қайда  жүрдің осыншама  уақыт?»  деп  тіл  қатқандай  болды  КЕҢ  ДАЛА.

Рас,  мен  кеткелі  қашан?..  Арада  жиырма  жылды  артқа  салып  келіп  тұрған  балаңды  айыптап, сөге  көрмеші  дегім  келген. Неге екенін қайдам, бұл сөзді де айта алмадым.  Осы сәтте көмейге келіп кептелген өксік пен жанарға іркілген жасты да еш адамға  білдіргім келмеген.   
Шынымды  айтсам, балаң   шағым өткен ауылым бұл  жылдар ішінде одан бетер  ажарланып,  айшықтала  түскен шығар  деуші  едім. Осы уақытқа дейін өз балама «мақтан етіп  айтып  келген  ауылымның» бүгінгі ажары көңілге кірбің түсірді. Ауылым жайлы тамсана әңгіме қозғағанымда  «Сіздің ауылды бір көрсе ғой» дейтін баламды өзіммен бірге ерте  барғаным үшін іштей кейідім. Жылдар бойы жыр етіп келген ауылым туралы сөздерімнің еш құны қалмағандай  болды.     
 Реңі кетіп, көркі қашқан  ауылыма қарап, тағы да тіл  ұшына мына бір жыр жолдары оралып сала  берді.      
 Сұлбасы  тұр  көше-көше үйлердің, – деп басталады  бұл  өлең.  Сонсын: 
 Білінбейді еш тіршілік 
белгісі,
Жүрек  сыздап, бір  
беймаза  күйге  ендім.
Әрбір  үйі  айналғандай  
қамалға,
Сенбейді  ауыл  қазір  
ешбір адамға… 
***
…Ауыл  үстін  қараңғылық  
басыпты,
Ай да «ұялып», бұлт  
тасалай  қашыпты.
Аунап-қунап  қайтайын  
деп  келіп ем,
Қайран  ауылым  көңілімді  
жасытты.
 …Басына  тартсаң,  етегіне жетпей  жатқан мына заманда «арманы  жоқ  ауыл бола ма» деп сұрасаңыз, «ол менің  ауылым шығар, бәлкім» дер едім. Себебі, бұл ауылдың  адамдары  жаз  бойы  шаң, қыс  бойы  балшық  кешіп  жүрсе де  «неге  бұлай?»  деп  сұрамайды. Өйткені олар ауылдың  әлі де жанданып кетеріне  сенбейді. «Ажарлы   ауыл»  туралы  армандамайды да.      
Айдынды  Алакөл  ауданына  қарасты  қазіргі  ҚЫЗЫЛҚАЙЫҢ  ауылы Көлбай  ауылдық округіне қарайды. Екі  ауылдың арасы тым алыс  емес десек те,  айырмасы  жер мен  көктей  дерсің. Округ  орталығын аралап көрмедім, бірақ,  бір кездері  аты  дардай  болған  қой  кеңшарының (ол тұста  ауыл  Саратовка  деп  аталатын), бүгінгі  Қызылқайыңның  бояуы  қашқан суреттей болып,  тасада  қалып  қойғанына  қапалымын. Осы уақытқа  дейін талай ауылдың  көркейіп, гүлденіп  жатқанын  жазып, қалам тербегенімді қайтейін  дедім ішімнен, өз туған мекенім жетім қыздың күйін кешсе… 
Ажары қашқан ауылыма қарап, жүрегім езіліп сала  берді. Қайтіп, қалай көмектесемін деп қапаландым. Елді мекеннің бүгінгі жайына кім құлақ асып, көмек қолын созар дедім.  Ауыл әкімінің де жаны ауырмағаны ма деп өзім тап болған сан сұрақтың жауабын іздедім.
  …Бұл  ауылдың  әкімі  де армансыз  шығар  деймін  сонсын. Не үшін дейсіз бе? Себебі, оның  миын ашытып, күнде есік қағатын айқайшыл  қария да, не бітіріп жатырсың  деп  әкіреңдейтін  тентек ұлдар  да жоқ  сияқты. Мұндағы  жұрт  өзге ауыл адамдары секілді  теледидарға, яки  газетке  шағымданып шу  көтеруден  бөлек, тіпті, әкімінің үстінен арыз айтып, ауданға да бармайтын секілді. Ал әкімі ше? Оның да бұл ауылға обал  болды-ау деп жан аурыртпайтыны  айдан анық. «Сен тимесең, мен тимен» деп жүрген болар. Шыны сол, ауылымның  жайына қарап, әкімін де танығандай  болдым. 
Ауылға көрік  беріп  тұрған  бір ғана ғимарат болса, ол  осыдан отыз  жыл  бұрынырақта  бой  көтерген  мектеп  қана. Ал  бір  кездері салынып  жатқан Мәдениет үйі  ше? Ол  талан-таражға түскелі қашан  дейді ауыл жұрты. «Жап-жақсы салынып басталып  еді. Бірақ  бір әкім кетіп, тағы бірі келіп, жағдай  осыған  жетті  ғой. Ақырында сол жерге  жақын  тұратын адам   өзінің  мал қорасы  етіп  қойды.  Қысқасы, қазір,  өзің  көріп тұрғандай, соғыстан кейінгі  кейіпті танытқан ғимараттың қираған сұлбасы  қалды  ғой  қаңырап.  Ауыл  жайын өз көзіңмен көріп тұрсың. Бұдан артық  не  айтуға  болады?», – дейді  ауыл  тұрғындарының  бірі.    
  Туған мекенімнің мүшкіл хәлін көріп,  санамды сан саққа қашырған оймен ауыл көшесін аралап біраз  жүрдім. Мектеп маңына жақын  тұрған жердегі қираған  ғимаратқа  да  көзім түсті. Бұл  жерде бір кездері ел қызығатын,  ауыл  адамдары ғана емес, мына қара  жолдың бойынан арлы-берлі өтіп жатқан жолаушылар түсіп сауда  жасайтын  дүкен  бар еді.  Енді,  міне, жермен  жексен болғанын  айтамын да.  Е-е-еех… деймін  демімді  тағы  да  ішке  тартып.
Ең  болмаса  ауыл  әкімі  күш жинап, кетеуі кеткен  ауылдың көркін одан  әрі қашырып тұрған осы бір  қираған  ғимараттарды толығымен  бұзып, орнын  тазалап, тазартып қойса болмас  па  еді  деймін іштей… Сананы  жегідей  жеген ойлар кеудемді  тұншықтырып  бара  жатқандай. Ауылыма  келіп, кең тыныстай  алмай  кетіп барамын. Арагідік санамды тұнық  ойлармен  тазартқым келіп: көше  бойларына ауылды көркейтуге, тазалықты  сақтауға, адалдық  пен әділдікті, елді сүюді үйретер жалынды, нақыл сөздер жазылса  ғой  деп қоямын  тағы. Неге екенін қайдам, өзге  ауылдарда  бар  саялы  саябақ, кітапхана, жастарға арналған орын, Мәдениет үйі мен спорттық  нысандар туралы  мен  ештеңе  ойлай да,  армандай  да  алмадым. 
…Артымда  армандамайтын  ауылым… армандай  алмайтын  ауылым…  арманын  ашып  айта  алмайтын  ауылым  қалды. 
Арада  жылдар  өтіп, туған мекенім  туралы қалам тербеудегі  ниетім  біреуге  кінә артып, мін  тағу емес,  ауылымның жайын аудан әкіміне, облыс басшылығына құлаққағыс ету ғана… 

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.