Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӨНІМ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ

06.08.2016
КҮЛТӨБЕ
ӨНІМ ЕСЕЛЕНЕ ТҮСЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде қасиетті Қаратал ауданы еңбекшіл елдің арқасында ырысы еселенген өңірге айналды. Күріш өсіруден ең солтүстік аймақ атанып, ақ күрішін ақ күмістей сапырған дала бүгінде балтамырды да баптап егуге ден қойған. Соның арқасында биылғы жылы аймақтағы тәтті түбір алаңы өткен жыл еншісіндегі 560 гектардан 940 гектарға дейін артып, Елбасы тапсырмасының, өңір басшысы бастамасының аудандарда тыңғылықты орындалып жатқанының айқын көрінісіне айналды. Осы ретте аудан әкімі Қайрат Бисембаевпен бірге әулиелер мекеніндегі егістік алқаптарының бүгінгі жай-күйімен танысып қайттық.

Ерте көктемде түрен тісі ти­ген әрбір егістік алқабы көк желегін көзге тартады. Көз ұшы көк теңіз. Түрен тісі дегеннен шығады, аудан әкімі Қайрат Бисембаевтың  айтуынша, өңір­­де 1990 жылдан бері бал­тамырды еккенге, жинағанға, күтіп-баптағанға бір де бір техника жаңармай келіпті. Сон­дықтан да осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында өткен жылы өңір әкімі Амандық Баталовтың тікелей қол­дауы­мен ауданда «Алға» сервистік дайын­дау орталығы құрылып, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 107 мил­лион теңгеге 25 бірлік техника сатып алыныпты. Осы техни­каның арқасында бұл жылы егіс­тік алқабындағы маусымдық, айлық шаралар өз деңгейінде тыңғылықты жүріп жатыр. Бұған қоса биыл аймақта облыс әкі­мінің қолдауымен тағы да 2 сер­вистік дайындау орталығы ашыл­мақ.

Біз ат басын тіреген Жол­барыс ауылдық округі кезінде қызылшаның отаны болыпты. Ол уақытта елді мекеннің аты 2000 гектарға дейін тәтті тамыр егумен шыққан. Қазірде бұл бағыттағы құлшыныс көңіл көншітуде. Бір ок­ругтің өзі биылдыққа 600 гек­тар­дан аса аумақта қызылша өсіріп отыр. Түсім жағынан да бұл округ қызылшамен айналысатын басқа елді мекендердің алдында. Мұны бізге осындағы “Молжігі­тов» шаруа қожалығының егін­жайымен танысу барысында ау­дан әкімі баян етті.

– Қаратал ауданы құмды жер­лермен көп шектесетіндіктен то­пы­рағы құмсағыздау, көбіне-көп тез шөлдеп, суды көп қажет ете­тін аймақтардың бірі. Осы се­беп­ті де бізде көп жағдайда егістік алқаптарында өнім жинау көр­сеткішінде әртүрлілік  орын алып жатады. Бұл жылы біз тәтті тү­бір­ді дендетіп өсіретін негізгі         8 округті белгілеп, осы бағытта нақты жоспарлар түздік. Соның арқасында биыл біз өткен жылғы  өнім көрсеткішін (гектарына 300 центнер) айтарлықтай еселей түсеміз деп үміттенеміз. Бұлай ауыз толтырып айтуымызға өз­де­ріңіз көріп отырған мына төл өніміміз негіз болады, – деп бір-екі түп тәтті тамырды жұ­лып алып көрсетті.

Қызылша аралығының ты­ғыз­дығын, желегімен киіздей тұтасып жатқанын байқап, оның жайын сұрағанымызда “Молжігітов” шаруа қожалы­ғы­ның басшысы Исатай Төлеу­бек­ұлы мұны жаңа техноло­гия­ның жетістігі деп түсіндірді. Бұ­рындары тұқым сепкенде қатар арасы 60 сантиметрлік өлшеммен егіліп келсе, қазір бұл цифр 50 сантиметрге өз­геріпті. Соның нәтижесінде, біріншіден, себілген тұқым қатарының жиілігі артып, өнім көбірек алынса, екіншіден, бұл қазу жұмыстарында жаңа тех­ни­каларға да қиындық тудыр­майды. Осы тәсілдің арқа­сында тәтті түбір қатарлары ара­­сындағы бостық азайып, егін түбіне көлеңке көптеп тү­седі. Соның есебінен топы­рақтағы ылғал көбірек сақ­талуда. 

Егіннің жауы  арамшөп екені айтпасақ та белгілі. Әдетте топырақ қабатында 30 см. те­реңдікте жатып та ұзақ мер­зім­ге шірімей, жерге соқа тиі­сімен дүр ете қалатыны да рас. Алайда мұнда арамшөптің қыл­­пы да білінбейді. Бұған қарап төккен тер мен еселеп ет­кен еңбектің табын бай­қа­ғандай болдық. Осы ретте ау­дан әкімі де бұл ойымызды құптап, мұндағы жұрттың қант қызылшасына шындап көңіл бөле бастағанын айтты.

Қаратал ауданы.

 

Қозыбай құрман.

Қатысты жаңалықтар

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.