Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде «Нотариаттың маңыздылығы» тақырыбында брифинг өтті.
Жиында облыстық нотариаттық палатаның төрағасы Арман Бекішбаев нотариаттың жұмысына кеңінен тоқталды.
– Нотариаттың басты міндеті – жеке және заңды тұлғалардың (ұйымдар мен мекемелердің) меншігін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, ҚР заңнамасының нормаларына уақытылы сәйкес келетін құқықбұзушылықтардың алдын алу шарттары мен мәмілелерді куәландыру, мұрагерлік құқықтарды ресімдеу, атқарушылық жазбалар және өзге де нотариаттық іс-әрекеттер жасау. Нотариустар ҚР қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, оны нотариаттық іс-әрекеттер жасау туралы өтініш білдірген барлық мүдделі тұлғалардан сақтауды талап етеді, заңдылықты нығайтуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Нотариустар көптеген елге экономикалық қатынастарға қатысушылардың экономикалық қызметіне үлкен әсер етеді. Азаматтық құқықбұзушылардың өсуіне жол бермейді және олардың бұзылуының алдын алады. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде нотариустар азаматтардың құқықтарының бұзылмауын қатаң қадағалайды, – деді Арман Сейітжапарұлы.
Сонымен қатар, ол нотариат – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін нақты белгіленген тәсілдермен, атап айтқанда, нотариустардың мемлекет атынан заңда көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауы арқылы қорғайтынын айтты. Сотта дау туындаған жағдайда нотариат куәландырған құжаттар мүдделі тарапқа өз құқықтарын дәлелдеуді жеңілдететінін, нотариус ресми растаған уағдаласушы тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мазмұны даусыз және сенімді болады.
Басқосу барысында Арман Бекішбаев журналистердің сауалдарына тұшымды жауап беріп, облыс бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
Сурет: ғаламтордан алынды





