Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НӘПСІНІҢ ҚҰЛЫ

04.09.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Шүберектей үлбіреген қызға басы кеткен бастық жұтына қарады. Табанынан төбесіне дейін тіміскілей көз тастады. Қуыстағы қу нәпсісі оянып, үй-жайын, қатын-қалашын ұмытты. Басына үйіп-төгіп байлық берсем, көп айлық берсем қоғадай құлар деді дәметіп.

 – Кел, кел төрлет, – деді. Қарақошқыл көлеңкеленіп тұратын бөлмесіне күннің өткір сәулесі өткендей іріңденген көзі іліне-шалынып, қылғындырған галстугін ағытты. 
Имене басып кірген ару ұсынған орындыққа отырды. Оның ойында он тиын да жоқ. Ал кесек қара беттің пиғылын ит иіскеп білмес. 
– Жұмыс сұрай келіп едім, кешірім өтінем, – деді қыз қызарыңқырап. Кесек қарабет сойған түлкідей жымиып қойып, басын изей берді.
Нәпсісіне оқыра тигендей болған ол: – Жұмыс болады, болғанда қандай?  Маман таппай, жалтақтап отыр едім, құдайдың өзі айдап келген шығар, – дей салды жағына, жағымпаздана. 
«Атым – Марал, фамилиям…», – дей бергені сол еді:
– Жә, керек емес, оны кейін айтасың – деп қыздың нәп-нәзік саусақтарын, түк басқан қолымен қыса қойды. Қымсынған қыз көзін төмен түсірді. 
 – Ең болмаса тегімді де сұрамадыңыз ғой, қандай мамандықта оқығанымды білмейсіз, сізге бәрібір ме? – деді қыз басын көтерместен. 

 Кесек қара бет алақанын алақанына үйкей көз алдымда жүрсең мәнәқасы келісер деп: «Ол жағын менің мамандарым қатырады», – деп қыздың білегінен қысты. 

Қыз қолын тартып алды. Тітіркеніп кетті. Кесек қара бет болса, қанды сезген қасқырдай арудың ақ тамағына тастай танауын тақады. Орындықтан ыршып тұрған қыз: «Басқа айтарыңыз болмаса кетейін, ғафу етіңіз», – деді үрке қабылдап. 

Алпыс айлалы қара кеудесінен итерген қыздың қарсылығын құп көрмеді. Сөйтті де белінен қайта қапсыра құшты. Құрыштай қол құрсауына түсіп, торғайдай тыпырлаған ару: «Кешіріңіз, белімді босатыңызшы», – деді керегедей кеудесінен итеріп. Кесек қара бет қолын ыстыққа қарып алғандай тартып алды. Сол екен есікті ашып қария кірді. Кесек қара бет пасық ісінен  пысынап кетті ме, маңдайынан майы аралас тер ақты. Бетмоншағы шашылып, әлгі жанға аңтарыла қарады-ай… 

Бәрі есінде. Әсіресе, балалығы. Көз алдынан кино ленталарындай зырғуда. Әкесі марқұм қайтыс болғанда ол боқмұрын еді. Ағайыннан артық екі үй арасынан аламысық аттамаған. Соғыс салған сойқанды жылдардың зауалды күндері екі отбасын одан әрмен жақындастырып, туыстастырып жіберген еді. 

Жалғас бала болса да біледі. Ойнап жүргенде аяғын тең басқан әскер адамы әлдебір буылған қағазды ұстата қойған. Шалдармен төбешікте мәжіліс құрған әкесіне әлгі қағазды апарып береді. Сонда ғой, әкесі хатты ашып көрмей-ақ қайғыдан қисая беріп еді. Ол хатпен майданда мерт болған қос бауырдың қаралы хабары жеткен болатын. 

Міне, содан бері екі үйдің түтіні тең түтеді. Қос отбасының қора-қопсысын бөрене бөліп жатпады. Басқа түскен қиындықтың да, қуаныштың да демін тең татысты. 

Өмір аласапыран құйынымен кімді қайда қумады дейсіз? Семен қария қайтыс болған соң Жалғастың тәрбиесі Жұманға ауысты. Алты жасар баланы 13 жасына дейін бағысып, адам болды дегенде шеше жақтан туыстары тартып алған. Содан бері ортада отыз жыл орағыта өткен. Жалғас ержетті. Адам болды. Қалада тұрып, қалада тәрбиеленді. Орысшалыс. Сонысынан болар, өткенге өкпек қарайды. Жұмандай қарияның барын білсе де бүйрегі бұрып бір келмеді. Білім қуды, шетел асты, түрлі қызмет құлағын ұстады. Жаланған жас та емес. Қырықтың кең ішінде.

Қызмет, мансап деп жүргенде құдайдың кереметімен өскен, өнген жеріне бір мекемеге басшы болып тағайындалды. Соны естіген Жұманда ес қалды ма? «Ат айналып қазығын тапты» деген осы болар десті. «Бес уақ намазын қаза етпеген Семен әкесі бір аунап түскен шығар…» – деді қуанып.

Ал Жалғас ше? Ақыры алабөтен ойынан арылмады. Әке орнына әке болған қарияның қарғадай тірі жүргеніне разы емес. Жалғасты әкесі қайтқан соң туыстары алдап қалаға алдырған. Жұман қарияға табиғи бала оңайлықпен ажырасын ба. «Ол шал ішеді. Сенің Семен әкеңе арақты беріп-беріп өлтірген. Енді сені құлдай жұмсап, қолбала етпекші…» – деп қорқытқан еді. Содан бері Жұманды жек көріп кетті. Тек Жұман дейсіз бе? Барлық біткен қария көзіне Жұман боп көрінді, жаман боп көрінді.   

Жұман қария есікті ашпас бұрын өзіне-өзі қуанғандай болды. Өткенді есіне түсірді. Құлындай құлдыраңдаған кезінен Жалғасты алдына отырғызып, ауылды аралайтын. Құлағына Қосқұлақта Семен әкесінің мазары барын құйып, «Жолың түссе бейітке бар. Топырақ ал. Жеңілдесін», – дейтін. 

 Өз баласынан гөрі жетімек Жалғасты жалғызсыратпау үшін жанынан  тастамайтын. Танығанның барлығы «Жұманның баласы Жалғас ержетсе қызымды беріп, құда болам» деп те көңілін көтермелеп қоятын.

 Қарияның Жалғастың есігін қақпай кіргені де сол еді. Өз көзіне сенер емес. Жаз көңілін мұз еткен кесек қара беттің бұлыңғыр көзі байыз таппады. Жалғастың қос құйыршығынан қарияның қарт жүрегі суынды білем. Арадағы үнсіздікті ару қыз ғана түсіне қойған жоқ. Жұмаш қарияның кеудесіндегі кермек естелік Жалғастың жанарында реніш пен кек, қорқыныш пен қысастық күйде көрініс берді. Қарияның немере қызын көңіл көтерер көрпелесіне тәндеген нәпсісі торға түскендей тапырлады.

Арудың «тегімді сұрамадыңыз…» деген сұрағын Жалғас кеш түсінді. Түсінгенде не пайда? Ар мен ұят қария үшін – өлім болды, Жалғас үшін – беттің қызылы ғана…

Серікжан НҰРБАҚЫТҰЛЫ
Нарынқол ауылы,
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Полицейлер Алакөл жағалауында экологиялық рейд жүргізді

07.07.2026
Елге алма әкелуге уақытша шектеу енгізілмек

Елге алма әкелуге уақытша шектеу енгізілмек

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.