Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Нұротандықтар» жұмысы көңілден шықты

03.04.2017
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте мәслихаттың ХІІІ кезекті сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Амандық Баталов, облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері мен депутаттар қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихаттың депутаты Жанболат Жөргенбаев жүргізді.

Күн тәртібінде алғашқы кезекте  «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихаттағы фракциясымен 2016 жылы атқарылған қызметі туралы есебі тыңдалды. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ғалиасқар Сарыбаев баяндама жасады.
Бандамашының сөзіне жүгінсек, өткен жылдың 20 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қорытындысы бойынша облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарының құрамына 334 депутат сайланған. Оның 326-сы «Нұр Отан» партиясының, 8 депутат өзге партиялардың мүшелері. Облыстық мәслихаттағы 44 депутаттың 43-і депутаттық фракция құрамына енген. 
Мәжілістегі фракция мүшелері мәдениет, білім, спорт денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлерімен, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес өкілдерімен 657 кездесу өткізген. Кездесулер барысында партияның «Есіктен есікке» акциясы аясында облыс тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, Үндеуін, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген. 
«Нұр Отан» партиясы алғаш рет пилотты түрде «Ең үздік депутат», «Ең үздік депутаттық фракция» рейтингін анықтау бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялардың және оның мүшелерінің қызметін бағалауды жүзеге асырған. Бағалаудың мақсаты депутаттық фракция және оның мүшелері жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру, мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды, оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау, партиялық бақылау мәселелеріндегі фракция рөлін күшейту, фракцияның белсенді мүшелерін анықтай отырып, партиялық кадрлық резервке қосу, халықпен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету, өз міндеттерін сапалы және нәтижелі орындау, фракция депутаттарының белсенділігін арттыру болып табылады.
Бағалау қорытындысы үш деңгей бойынша анықталды.    0-ден – 39-ға дейін «төмен», 40-тан 69-ға дейін «орташа», 70-тен жоғары балл аралығы «жоғары» көрсеткіш. Облыстық мәслихат депутаттары ұсынған құжаттарға сәйкес 19 депутаттың бағасы «төмен», 18 депутаттың бағасы «орташа», 6 депутаттың бағасы «жоғары» бағаланған. Сондай-ақ, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстағы салынып жатқан нысандар бойынша рейдтік іс-шараларға қатысып, бақылауға алған, азаматтарды қабылдап, сұрақтың оңтайлы шешілуіне ықпал еткен облыстық мәслихат депутаты  Ермек Келемсейіт ең жоғары 116 балды алған. Сонымен қатар Доғдыргүл Молдахалықова мен Жақсылық Үшкемпіровтің жұмыстары жоғары деп танылған.
Дәл осындай бағалау бойынша аудандық, қалалық мәслихаттар жанындағы 263 депутаттық фракция мүшелерінің атқарған жұмыстарына сараптама жасалып, 19 депутаттың жұмысы «жоғары», 85-і «орташа», 158-інің жұмысы «төменгі» деңгейде екендігі анықталған. Ал аудандық, қалалық мәслихат жанындағы фракцияның жұмысы бойынша Текелі, Талдықорған қалалары және Іле, Жамбыл, Райымбек аудандары жоғары деңгейге ие.
Партияның басты назарындағы маңызды жұмыстардың бірі – «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау. Облыстық мәслихат депутаттары төрағалық ететін 5 комиссия мүшелері құрылыс нысандарының сапалы тұрғызылуын бақылау мақсатында 17 рейд өткізген. Оның ішінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ құрылыс жұмыстарына 4 рейд ұйымдастырылған. Сонымен қатар депутаттардың бастамасымен «Алматы – Өскемен» тас жолының 235–259 шақырымындағы құрылыс жұмыстарының сапалы, уақытылы жүргізілуін тексеру мақсатында 3 рейд өткізілген. Нәтижесінде, тас жолдың бір жолағы пайдалануға беріліп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.
Депутаттық фракция мүшелері халықпен кездесулер, қайырымдылық іс-шаралар өткізген. Оның ішінде облыстық мәслихат депутаттары партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде 944 қабылдау өткізіп, 1109 адам қабылдаған. Партиялық комиссиялардың кураторлары жергілікті мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына 17 ұсыным жолдап, олар толығымен шешімін тапқан.
– Биыл 26 наурызда барлық деңгейдегі мәслихаттардағы шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізілді, – деді өз сөзінде Ғалиасқар Төлендіұлы. – Облыстағы 9 сайлау округі бойынша 54903 сайлаушының 54471-і немесе 95,6 пайызы жоғары белсенділік танытып, сайлауға қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған кандидаттар орташа есеппен 83,5 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның ішінде облыстық депутаттыққа үміткер Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембінов 88,1 пайыз дауыспен сайланды.
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының бірыңғай мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес депутаттардың 30 жасқа дейінгі пайыздық көрсеткіші 6-дан,  депутаттардың бастауыш партия ұйымдарының төрағалары ретінде пайыздық көрсеткіші 30-дан кем болмауы тиіс. Ал облысымыз бойынша 30 жасқа дейінгі депутаттардың саны 17 немесе 5,2 пайыз, ал 20 депутат, яғни 6,1 пайызы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары. Осыған байланысты, аталған бірыңғай мақсатты көрсеткіштерді орындау үшін бірқатар жұмыстар атқаруымыз керек.
Есепті тыңдай келе «нұротандықтардың» жұмысына көңілі толған депутаттарға облыстық мәслихаттың жаңа хатшысын сайлау ұсынылды. Бүгінге дейін бұл қызметті атқарған Серік Мұқановтың өз еркімен жұмыстан  босату туралы  өтінішін ескерген халық қалаулылары бұл қызметке бұған дейін облыс әкімі аппаратының басшысы болған Сұлтан Дүйсембіновтің лайықты екендігін жеткізіп, оны бірауыздан қолдап, дауыс берді. 
Облыстық мәслихаттың депутаттары Ермек Келемсейіт, Ызғарбек Бектұрсынов сөз сөйлеп, Сұлтан Дүйсембіновтің бұған дейін атқарған жұмысына көңілдері толатынын, жаңа жүктелген міндетті де абыроймен алып жүретініне сенім білдірді. Өз кезегінде сөз алған Серік Мейірханұлы бұған дейін бірлесе жұмыс атқарған депутаттар қауымына, облыс басшысына алғысын жеткізді.
Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов ел-жұртына 44 жыл қалтқысыз қызмет еткен Серік Мұқановтың жаңа қызметке ауысатынын айтып, осы уақытқа дейін атқарған жұмысына ілтипат білдіріп, иығына шапан жапты. Сұлтан Мырзабекұлының бұл жұмысты өз деңгейінде атқаратынына сенім білдірді. 
Жиын соңында келесі сессия отырысының төрағасы сайланды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.