Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НӘТИЖЕ ТОЛЫМДЫ

20 шілде 2019
КҮЛТӨБЕ
НӘТИЖЕ ТОЛЫМДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алматы облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,9 пайыз, ауылшаруашылығы 3,2 пайыз, құрылыс жұмыстары 1,4 пайыз, бөлшек сауда тауар айналымы 3,7 пайызға өсіп, 364,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ алқа мәжілісінде баяндады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Әбдірахым қатысқан алқа мәжілісінде облыс әкімі Амандық Баталов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. 
Амандық Ғаббасұлы өз баяндамасын индустрияландыру мәселесі бойынша бастады. Мәселен, 2010-2018 жылдары ИИДМБ аясында облыста алпыс жаңа кәсіп- орын іске қосылды. Соның есебінен тоғыз мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
– Бағдарлама өңдеуші сектордың үлесін экономикада 20 пайызға дейін арттыруға және өңірде фармацевтика сынды жаңа салалар құруға мүмкіндік ашты. Президент «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін толыққанды пайдалану керектігін атап өтті.  Біз осы саладағы жұмысты жандандыруымыз қажет. Атап айтқанда, индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығына жобаларды сапалы іріктеп, экспортты арттыру керек, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Өз баяндамасында облыс әкімі Амандық Баталов облыстың әлеу-меттік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілету мақсатында Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларына сәйкес тоғыз басымдық бойынша алдағы міндеттерді жіктеп айтып берді. Соның ішінде елді индустрияландыру, агро- өнеркәсіптік кешенді дамыту, кәсіпкерлікті өркендету, тұрақты макроэкономикалық ортаны қалыптастыру, бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өмір сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін нығайту, аймақтарды дамыту, мемлекеттік басқару тиімділігін және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталып, тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетерлігі, туризмді дамытуда да жақсы нәтижелер бар.  Жетісудағы туристер ағыны жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы облысқа екі миллионға жуық адам келді. Оның ішінде Алакөл көлінің өзіне бір миллион. 
Аймақ басшысы өз сөзінде «Еңбек» бағдарламасының тиімділігін арттыру, сапалы жұмыс орындарын құру қажеттігіне де тоқталды. Осыған байланысты ол жауапты тұлғаларға тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша шаралар атқаруды тапсырды.
АӨК дамыту мәселелері де шет қалмады. Ауыл-шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі биылғы жы-лы 750 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Өңірде бірнеше трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеуде. Бұл туралы Амандық Ғаббасұлы: 
– Президент барлық ауылшаруашылығы жерлеріне аудит жүргізуді, жер кадас-    трының ақпараттық жүйесін цифрландыруды тапсырды. Жер – өндірістің басты факторы. Бұл мәселеге баса назар аудармасақ, ауылды дамыта алмаймыз. Осыған орай тапсырылған жұмыстарды келесі жылдың соңына дейін аяқтау маңызды. Облыста 2015 жылдан бастап түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы бес жүз мың гектарға жуық пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бар. Олардың жартысынан көбі пайдалануға берілді. Біз де  цифрландыруды бастадық, – деді. 
Инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлінуде. Бі-рінші жартыжылдықта облыс экономикасына 223,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Аймақ басшысының айтуынша, әкімдердің жұмысы экономикаға инвесторларды тарту бойынша бағаланады. Бүгінде облыс бойынша жүзеге асырылатын үш жүз жоба бар. Олардың 83-і ағымдағы жылы іске қосылып, өңірде бес мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар мен олардың өкілдерінің бизнеске кедергі келтіруге бағытталған іс-әрекеттері туралы атап өтіп, бұл үшін заңнамада қылмыстық қудалауға дейін көзделген қатаң шараларды қарастыруды тапсырған болатын. 
Бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде облыс кәсіп-  орындарды тіркеуде  15-ші орында, меншікті тіркеуде 14-ші орында, электр желілеріне қосуда 11-ші орында және құрылысқа рұқсат алу бойынша 5-ші орында тұр.  
Аймақ басшысы сөзін: 
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың негізгі басымдықтарын атап көрсетіп, алдымызға үлкен міндеттер қойды. Елбасының бастамасымен қолға алынған ИИД, жұмыспен қамту, тұрғын үй және басқа да салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды одан әрі жалғастырып, іске жаңа серпінмен кірісуді тапсырамын. Сонымен қатар Арыстағы құрылыс нысандарындағы жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындауды, істі қарқынды түрде жүргізуді құрылыс басқармасынан талап етемін, – деп қорытындылады.

Еңлік ҚАБДЕШ

Қатысты жаңалықтар

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Еуроодаққа қабылдау талаптары қатаңдайды: Жаңа мүшелерге 15 жылдық бақылау енгізілуі мүмкін

Бүгін, 13:00
Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Кондитерлік өнімдердегі трансмайды анықтайтын жаңа ұлттық стандарт күшіне енді

Бүгін, 12:30
Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Құқықтық тәрбие: Жетісу облысының прокуратурасы жасөспірімдермен жиын өткізді

Бүгін, 12:03
Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Жетісу мен Шыңжаң кәсіпкерлері өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Бүгін, 11:54
Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Отандасымыз Аустриядағы турнирде алтын еншіледі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.