Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОБЛЫСТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒА БЕРДІ

14.05.2018
КҮЛТӨБЕ
ОБЛЫСТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА ОҢ БАҒА БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

    Облыста атқарылып жатқан жұ- мыстарға оң баға беремін. Облыс әкімі Амандық Баталов менің берген тапсыр- маларымның барлығын орындады. Соңғы 3 жылда аймақта   3 млн. шаршы метр баспана қолданысқа берілген.
Облыста бұрын қант қызылшасы, жүгері өсірілетін. Осыларды қалпына келтір деп тапсырма берген едім. Бүгінде қант қызылшасының алқабы жыл санап кеңейіп келеді. Тәтті түбірді қайта өңдеуден өткізетін кәсіпорындар да іске қосылды.
    …Газдандыру қарқын алып келеді. Бүгінгі таңда  газ желісі көптеген елді мекендерге таратылған. Әлеуметтік саладағы жаңалықтарға қуандым.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

 

АЛАКӨЛ ЖЕТІСУДЫҢ ЖАҚҰТЫ

  Қазақстан Президенті Алматы облысының Үшарал қаласына келгеннен кейін жаңа әуежайдың жұмысымен танысып, облыстың шағын авиация саласын дамыту перспективалары жөнінде мәлімет алды. Мемлекет басшысы Алакөл ауданының Ақши кентіндегі темір жол вокзалының жаңа ғимаратын аралап көрген соң  еліміздің туризм саласын және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

   Жиын барысында өңір басшысы Амандық Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа облыстағы туризмнің даму барысы жөнінде баяндады. «Соңғы төрт жылда облыста туристік қызмет көрсету көлемі екі есе артты. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 3,9 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы 8,3 миллиард теңгеге өсті. 2018 жылы мұны 10 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Алакөл ауданында көрсетілген қызмет көлемі 2017 жылы 3,5 миллиард теңгеге жетіп, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 8 есе артты», – деді облыс әкімі.
   Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға қатысты бөлігінің іске асырылу барысы жөнінде баяндады. «2017 жылы республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 603 шақырым жол пайдалануға берілді. Жалпы, 2022 жылға дейін 24 мың шақырым жолдың бәрі бір қалыпқа келеді деген ойдамыз», – деді Инвестициялар және даму министрі. Сондай-ақ, кеңесте «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына 2020 жылға дейінгі Алакөл демалыс аймағындағы көліктің қолжетімділік картасын таныстырып, транзиттік тасымалдау ісін дамыту стратегиясының жүзеге асырылуы барысы жөнінде баяндады.
   Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ішкі және сыртқы туризмді дамыту жолында барлық кедергілерді жою мақсатымен Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың іске асырылуы, сонымен қатар, ЭКСПО-ның тиімді өзгерістерін қолдау үшін министрлік тарапынан атқарылып жатқан шаралар жөнінде әңгімеледі. «Еліміз туризмнің экономикалық нәтижесін ЭКСПО-ны өткізу барысында нақты сезінді. Сол кезде Қазақстанға 7 миллионнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Ішкі туризм легі 20 пайызға өсіп, шамамен 6 миллион адамға жетті», – деді ведомство басшысы.
   Нұрсұлтан Назарбаев кеңестің және туристік кластер нысандарын аралаудың қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті ақтарушы органдарға Қазақстанның туризм саласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
– Алакөл Қазақстан бойынша демалушылар ең көп баратын жерге айналуы керек. Ол ыңғайлы жерде орналасқандығымен ерекшеленіп, барлық өңірдің тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр. Көлдің кереметтігі суының емдік қасиетіне байланысты. Оның құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтер бар. Осыған байланысты Алакөл еліміздің туризм саласы үшін өте маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

www.akorda.kz

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТҰРУДЫҢ ӨЗІ БАҚЫТ

    Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғанға келді.  Мақсаты –  елдің  жай-күйін көру, мемлекеттік бағдарламалардың орын-далу барысын бағамдау. 

    Елбасы облыс орталығындағы сапарын Көрме кешенін аралаудан бастады.  Онда кәсіпкерлермен кездесті. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мекеменің  соңғы бес жылда атқарған жұмысына тоқталып, нәтижесін айтты. Өңірде 100 мыңнан аса шағын және орта кәсіп субъектісі бар. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтініштердің 71 пайызы бизнестің пайдасына шешілген.  Мұнда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қолдау білдіру,  ауылшаруашылық кооперативтерін құру, жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады. «Бастау» кәсіпкерлікке бейімдеу мектебі  өткен жылы 7 ауданда 1312 адамды оқытқан. Оған барлығы 1,1 млрд. теңге бөлінген. Нариман  Әбілшайықовтың айтуынша,  биыл аталмыш оқыту бағдарламасы 19 ауданда жүзеге асырылып, оған 3361  адам қатыстырылмақшы. 
    Облыс әкімі Амандық Баталов облыстың экономикалық даму, ауылшаруашылығын қолдау барысында көрсеткіштеріне тоқталды.  Ауылшаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі 2017 жылы 647,6 млрд. теңгені құраса,  2018 жылы 704,9 млрд. теңгеге жетеді деген болжам бар.  Салаға  инвестиция тарту да жыл санап өсіп келеді. Облыс басшысының айтуынша, өткен жылы тартылған  инвестиция мөлшері  42,7 млрд. теңгені құраса, 2018-де 53,9 млрд.-қа жетіп отыр.  Сөз арасында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу  барысында қандай шаруалардың атқарылып жатқанын сұрады. Өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы қайта өңдеу кәсіпорындары туралы, олардың  өнімдерінің сұранысты өтеудегі  шама-шарқын жан-жақты айтып өтті. Соңғы жылдары ет-жүн өнімдерін өңдеуге барынша көңіл бөлініп келе жатқанын сөз етті.  Мемлекет басшысы  бес әлеуметтік бастамаға ерекше ден қоюды тапсырды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев виртуальді көрсетілім бойынша  облыстың мәдени ошақтарына саяхат жасады. Мұражайлар, ондағы жәдігерлер экран арқылы көрсетілді.  Мемлекет басшысы Шоқан Уәлихановтың мемориалды мұражайы жайлы сұрады. Рустам Әлиұлы аталмыш мәдени ошақты бейнекөрсетілім арқылы көз алдыға келтіріп, жәдігерлерімен таныстырды. Елбасы бұдан кейін кәсіпкерлер кеңсесінің, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының және бизнес инкубатордың жұмысымен танысты. 
    Нұрсұлтан Әбішұлы келесі кезекте Салтанат сарайына бас сұқты. Онда неке қию және жиын өткізетін залды аралап көрді.  Жаңа да еңселі сарайда Елбасы журналистерге сұхбат берді. 
– Облыста атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беремін. Облыс әкімі Амандық Баталов менің берген тапсырмаларымның барлығын орындады. Соңғы 3 жылда аймақта 3 млн. шаршы метр баспана қолданысқа берілген.
    Облыста бұрын қант қызылшасы, жүгері өсірілетін. Осыларды қалпына келтір деп тапсырма берген едім. Бүгінде қант қызылшасының алқабы жыл санап кеңейіп келеді. Тәтті түбірді қайта өңдеуден өткізетін кәсіпорындар да іске қосылды. Енді жүгеріні қолға алу керек. Соя, арпа өсіру керек. Бұлар осы жақтың төл дақылы. Яғни, күнкөріс көзі. Халықтың үйренген кәсібімен шұғылдануына жағдай жасаған дұрыс. Алма бақтарының алқабы кеңейіп келеді екен. Алакөлге барған сапарымда туризм мен кәсіпкерліктің қанат жайып келе жатқанына куә болдым. Ақши ауылының турист қабылдау  мүмкіншілігі жоғары. Алматы – Талдықорған  тасжолы жасалды. Енді сондай жол Алакөл ауданы арқылы Шығыс Қазақстан облысына тартылады. Алматы облысы  шекара маңында орналасқан. Сондықтан екі ауданды қайта құрдық. Ол аудандар тұрғындарының  қуанып жатқанын білемін. Құттықтаймын. Көшкен ел қайтып келуі үшін өндірісін дамытып, жұмыс беретін жағдай жасау керек. 
   Газдандыру қарқын алып келеді. Бүгінгі таңда  газ желісі көптеген елді мекендерге таратылған. Әлеуметтік саладағы жаңалықтарға қуандым.  Жалпы облыстың экономикасын  4 аудан алға сүйреп келеді. Енді, артта қалған аудандарға жағдай жасалуы тиіс. Солардың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салыңдар. Мектептер әлі де салыну керек. Себебі, бала саны артып келеді. Демография жақсаруда.  Жалпы Алматы облысы, оның ішінде Талдықорғанда тұру – бақыт. Мұндай таза ауада тұрған адамдар сырқаттанбайды да. Сіздер бақыттысыздар, талдықорғандықтар. Ел-жұртқа амандық тілеймін. Бақытты болыңыздар, отбастарыңыз аман болсын, – деді Елбасы. 
   Шынымен де Талдықорғанның өзгергенін көз көріп келеді.  Экономикалық, әлеуметтік жағдай жыл санап жақсаруда. Дала – жайқалған астық, мыңғырған малымен, ал қала – сәулетті ғимараттарымен ерекшеленуде. 

Г. ТҰРСЫН 

Қатысты жаңалықтар

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

АХАТ қызметіндегі цифрландыру

06.03.2026
Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

Елімізде жарты миллионға жуық педагог-әйел еңбек етеді

06.03.2026
«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

«Қай ғұлама пәрмен берді?». Логотиптегі өзгеріс

06.03.2026
Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш жағалауындағы жаңа демалыс орындары: Жетісуда үш коммуналдық жағажай ашылады

06.03.2026
Медицина қызметкері марапатталды

Медицина қызметкері марапатталды

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.