Талдықорған: -2°C
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

20.02.2026
КҮЛТӨБЕ
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы «С5+1» форматы шеңберінде мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңес жұмысына дипломатиялық корпустың, оның ішінде жаңадан тағайындалған АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт, сондай-ақ халықаралық компаниялар мен іскер қоғамдастықтың өкілдері және ҚР мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде Премьер-министр Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан маңызды саяси кезеңнен өтуде. 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумда азаматтар жаңа Конституцияның жобасы бойынша дауыс береді. Жаңа Конституция Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларын айқын көрсетеді. Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздің орнықты экономикалық өсуін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың табысын арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін жаңа инвестициялық циклді толыққанды іске қосуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар 19 ақпанда Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысының ерекшелігіне назар аударылды.

«Кеше Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысына қатысып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамасына қолдау білдірді. Қазақстан Газаны қалпына келтіру үдерістеріне қатысуға мүдделі. Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынастардың орнықты дамуы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді», – деп атап өтті Премьер-министр.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонда жаһандық аренада сөйлеген сөзі әсерлі болды. Біз бүгінгі таңда жоғары деңгейде орныққан екіжақты қарым-қатынастарымыздың одан әрі кеңеюін күтеміз. Коммерциялық ынтымақтастығымыз 2025 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Тек 2025 жылдың 4-тоқсанының өзінде қазақстандық және америкалық компаниялар арасындағы мәмілелер көлемі $17 млрд-қа жетті. Бұл нәтижелер біздің көзқарасымыздың бір екенін және екі елдің экономикалық өсімін көрсетеді, оның игілігін халқымыз көрмек, сонымен бірге өзара қарым-қатынасымыз нығая түседі», – деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули М. Стаффт.

Отырыста шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты кеңейту, ұзақмерзімді капиталды, технологияларды және үздік халықаралық тәжірибелерді тарту, бизнес үшін ашық және болжамды орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Инвестор-компаниялардың өкілдері инвестициялық өзара іс-қимылдың оң динамикасын және салық реформасы шеңберінде болжанатын әрі реттеуге келетін орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Инфрақұрылымды дамытуға, цифрландыруға, өндірісті локализациялауға, озық технологияларды енгізуге және тұрақты экономикалық өсімге бағытталған ұзақ мерзімді әріптестіктерді қалыптастыруға баса назар аударылды.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Сәуле Жақаева «С5+1» алаңдарында қол жеткізілген уағдаластықтарды жалғастыру үшін бюджетке қосымша жүктемесіз теміржол, авиациялық және аэронавигациялық инфрақұрылымды жаңғырту үшін US EXIM кепілдігімен қаржыландыру тартылғанын, бұл елдің технологиялық деңгейі мен транзиттік әлеуетін арттыратынын хабарлады.

Eurasia Group Kazakhstan бас операциялық директоры Сергей Глокке Үкіметтің қолдауымен Қазақстанда John Deere техникасын өндіруді локализациялау, сервистік инфрақұрылымды кеңейту және АӨК-те кооперацияны тереңдету жоспарлары туралы айтты. Атап айтқанда, Түркістан облысындағы зауытта өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасы мен көкөніс өсіруге арналған жабдықтар желісін кеңейту жоспарлануда. Тәжірибесін жетілдіру мақсатында қазақстандық мамандар АҚШ-тағы John Deere кәсіпорындарында біліктілігін арттырады. Өткен жылы Мемлекет басшысы жариялаған Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылы кәсіби құзыреттілікті дамытуға және кадрлық әлеуетті нығайтуға қосымша серпін берді. Кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру экономиканың жетекші салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы үшін басымдық болып қала береді.

Wabtec Corporation компаниясының ТМД елдері мен Моңғолиядағы далалық сервистер және техникалық қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Ғайни Дүйсенова кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу арқылы өндірісті кеңейту жоспарлары туралы хабарлады. Қазақстан америкалық Wabtec Corporation холдингінің өңірдегі өндірістік серіктестері арасында көлемі бойынша екінші орында тұр. Ынтымақтастық жылдарында ҚР-да 700-ден астам локомотив шығарылды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100 теміржол техникасын құрайды. ҚТЖ-мен әріптестік шеңберінде локомотивтер мен дизельді қозғалтқыштарды шығаруды одан әрі ұлғайту жоспарлануда. ҚР-да теміржол инфрақұрылымын дамыту, «осал тұстарды» жою бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарды ескере отырып, локомотив паркін жаңарту және өндірістік қуаттарды кеңейту елдің транзиттік әлеуеті мен өткізу қабілетіне серпін береді.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов «C5+1» форумы шеңберінде OpenAI және NVIDIA-мен қол қойылған келісімдер Қазақстан үшін білім беру және жасанды интеллектіні дамыту саласында түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастамаларды жүзеге асыру цифрлық экономика үшін кадрларды жүйелі даярлауды көздейді және қазіргі заманғы есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруға, оның ішінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталығы алқабы» жобасы шеңберінде негізделуі мүмкін.

Deloitte Kazakhstan компаниясының салық практикасы жөніндегі серіктесі Елдос Сыздықов Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан салық реформасы аясында қабылданған өзгерістерге оң баға беріп, ҚҚС-ты уақытылы қайтармағаны үшін өсімпұлды уақытша алып тастау және әкімшілендіру рәсімдерін жетілдіру теңгерімді сипатқа ие, ал жаңа нормалар ашықтықты арттыруға және іскерлік ортаны нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Жалпы, арнайы салық режимдерінің параметрлерін қайта қарау, ең алдымен, теңгерімсіздіктерді жоюға және салық салудың әділ жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Көтерілген мәселелер бойынша Қаржы және Сыртқы істер министрліктерінің басшылары пікір білдірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және қолайлы инвестициялық ахуал құруға бейілді екенін атап өтті. Жаһандық технологиялық тізбектерді қалыптастыру шеңберінде Үкімет халықаралық технологиялық компанияларды ынтымақтастыққа тартуға және серпінді цифрлық жобаларды жүзеге асыру үшін инфрақұрылым құруға ден қояды. Жауапты мемлекеттік органдарға Америкалық сауда палатасымен бірлесіп алдағы жұмыстарда жиында айтылған бастамалар мен бизнес ұсынымдарын ескеру тапсырылды.

 

Қатысты жаңалықтар

Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

20.02.2026
Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

20.02.2026
«Жетісудың» жеңісті жолы жалғасады

«Жетісудың» жеңісті жолы жалғасады

20.02.2026
Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылы 6,5% -ға өсті

Қазақстанның ЖІӨ 2025 жылы 6,5% -ға өсті

20.02.2026
ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

ҚР Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

20.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.