Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚОС ГАЗЕТТІҢ ҚУАНЫШЫ

23.04.2018
КҮЛТӨБЕ
ҚОС ГАЗЕТТІҢ ҚУАНЫШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

    Әманда адам баласы ақпаратсыз бір сәт те ғұмыр кеше алмайды. Өзі өмір сүретін қоғамы жайлы, оның тыныс-тіршілігінен хабардар болуы шартты жайт. Күнделікті өзгерістер, бояуы бөлек тарихи сәттер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жол тартады. Жаңалыққа жаны құмар, елінің болашағынан үлкен үміт күтетін жандар басылым беттерін, радио, телеарна, әлеуметтік желілерді үзбей бақылауда ұстайды. Осылардың ішіндегі көненің көзі іспеттес, талай өзгерістер орын алса да өз болмысы мен маңызын жоғалтпағаны – газет. Ал газеттің оқырмансыз құны жоқ. Қазақ баспасөзіндегі ең қария басылым, жүз жылдан бері «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» атанған облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттері ойлы оқырмандарымен кездесіп, ілтипатқа бөленіп жүр.

 

    Осы жолы қос газет Қаратал ауданының жұршылығымен жүздесті. Аудан әкімдігіне жиналған қазыналы қариялар ақ батасын арнап, жүрекжарды тілектерін ағытты. Жиынның алғы сөзіне төрелік еткен облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы,     Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін алғыс айта келе тарих толқынынан сыр шертті. 
– 1918 жылдың 22 маусымында  «Жетісу ісші халық мұхбыры» атауымен жарық көрген газет күні бүгінге дейін үздіксіз шығып келеді. Талай аумалы-төкпелі кезеңдер өтті, оның бәрі газет бетінде жарық көріп жатты. Кезінде алашордашылардың ұлтты сүюге, әдебиет пен мәдениетке баулу, білім алуға үндеу тұрғысында ресми, ресми емес мақалалары басылды. Газеттің атауы сан мәрте өзгергенімен ел сүйіспеншілігінен ажырамады. 1963 жылы бүгінгі «Жетісу» атауына ие болды. Алғашқы редакторы Сабыржан Шәкіржан, – деген Әміре Әрінұлы басылымның бүгінгі болмысы, қазақ руханиятындағы орнын сөз етті. Сондай-ақ, ол редакцияда еңбектеніп, қанаттанған  қоғам қайраткерлерін тілге тиек етті. Айталық, бүгінгі қазақ әдебиеті мен журналистикасының майталмандары Кеңшілік Мырзабеков, Тұрсын Жұртбай, Қуандық Түменбай, Марат Тоқашбаев, Рысбек Сәрсенбаев, Мейрамбек Төлепбергенов сынды атпал азаматтар қызмет етіп, тәрбиеленді.
– Газет 100 жасқа толуда. Бұл дегеніміз руханияттағы, қоғамдық-мәдени өмірдегі елеулі құбылыс. Қазақ елі көлемінде аталып өтеді. Облыс әкімі Амандық Баталов үлкен көңіл бөліп отыр. Рухани жаңғырудың  аясында халықтың газетке, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында кешенді шара белгіленді. Қаржы бөлініп, үлкен дайындық жүруде. Осы айдың аяғында өтетін спорттық жарыстарға республиканың әр жерінен журналистерден құралған оннан астам командалар қатысып, бақтарын сынайды, – деген Әміре Әрін әлеуметтік желі мен ғаламтор қанша дамыса да газеттің ешқашан өлмейтіндігін, әдебиет пен мәдениеттің жүгін арқалап болашаққа аманаттайтындығын жеткізді. Кездесуге жиналған жандардың барлығына алғыс айтып, ілтипат білдірді.
    Облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер академиясының академигі Атсалим Идигов газеттің алғашқы санының қиындысын көрсетті. Газет «Заря свободы» атауымен 1918 жылдың 8 наурызында жарық көреді. Басылым әртүрлі тарихи жайттарды басынан өткеріп, көптеген оқиғаларға куә болады.
– Өз кезінде газетімізде көптеген елге есімі мәлім азаматтар мақала, көркем шығармаларын жариялады. Мысалы, Мұхамеджан Қаратаев, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Дмитрий Снегин, Дмитрий Фурманов, Олжас Сүлейменов. Барлығының да мақсаты халықты жақсылыққа, оқуға, білімге шақыру болатын. Әуелгі кезден-ақ тәрбие құралы атанған газет қазір де сол бағытынан таймады. Бұл дегеніміз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені жастардың болашағы – елдің келешегі. Олар үшін сіз бен біз жауап береміз, – деді Атсалим Саламович. Сөз соңында барлығын береке-бірлікке, ауызбіршілікке шақырып, тыныштық, амандық, тұрақтылық тіледі. 
    Көптің көкейіне шуақ сеуіп, жан семіртіп, көңіл сергітер кештің маңызды бөлігіне де кезек берілді. «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, қос газет тұрақты оқырмандарына кәдесый ұсынды. Талай жылдан бері редакциямен етене араласып, тұрақты түрде мақалаларын жариялап жүрген Қараша Қараман, Жексенбек Сұлтанбеков, Марина Хайбулина, Сағира Иманғалиева және Сарқыт Дәркембаеваға микротолқынды пеш беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. 
– Журналистика – қастерлі мамандық. Сондықтан сол жауапкершілікті сезініп, шын көңілімен берілгендер ғана осы салаға келеді. «Жетісу» газетінің жетістігі – жастарды тәрбиелеп жатқандығында. Қуаныш Тұнғатар, Асыл Сұлтанғазы, Қозыбай Құрман, Мақпал Мыса сынды көп жігіттер мен қыздарымыз жақсы көрініп жүр. Қай-қайсысы болмасын талантты да талапты.  Іздеп жүріп оқитын авторлар. Газет адамдарды табыстырады, көкжиегін кеңейтеді. Қос газеттің ғасырлық мерекесімен құттықтаймыз, биіктен көріне беріңіздер! – деді қаламгер Қараша Қараман. 
    Жылы жүздесудің куәгері болған, 42 жылдан бері «Огни Алатау» газетімен жақын қарым-қатынаста жүрген Марина Хайбулина және қазақ, орыс тілінде еркін жазатын журналист Жексенбек Сұлтанбеков көңіл түкпіріндегі құттықтауларын айтты. 
    Еркін форматта өткен жиынның түйін сөзін Қаратал ауданының әкімі Рауан Рақымбеков алып, «келген қадамдарыңызға гүл бітсін!» деген ақжарма тілегін жеткізді. «Осы мерейтой секілді алтын діңгектей  қос басылымымыздың екі бас редакторының 100 жылдық тойларын жұрт болып атап өтуге ақ тілек білдірейік, ағайын!» – деп қорытты лебізін.

Мәулен ӘНЕРБАЙ.

 

Қатысты жаңалықтар

20 жылдан асқан 2,4 млн көлік: Өнеркәсіп министрлігі ресми деректерді жариялады

20 жылдан асқан 2,4 млн көлік: Өнеркәсіп министрлігі ресми деректерді жариялады

06.03.2026
Барлыбек Сырттанұлының 160 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Барлыбек Сырттанұлының 160 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

06.03.2026
Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ сыйлығымен марапатталды

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ сыйлығымен марапатталды

06.03.2026
Ырғайты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Ырғайты ауылдық округінің әкімі тағайындалды

06.03.2026
Қызылащы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Қызылащы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

06.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.