Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қош, қысқы Универсиада!

13.02.2017
КҮЛТӨБЕ
Қош, қысқы Универсиада!
WhatsAppTelegramFacebook

Көк аспанға иек артқан асқаралы Алатаудың баурайын  байрақты бәсекеге, дүбірлі думанға бөлеген ХХVІІІ Дүниежүзілік студенттердің қысқы Универсиада ойындары да өз мәресіне келіп жетті. Ел тарихынан ойып орын алған бұл спорттық шараға әлемнің 57 елінен 2 мыңнан астам спортшы, 20 елден мыңдаған еріктілер мен сан мыңдаған туристер келіп, он күннен астам уақыт аралығында көрікті Алматының табиғаты мен тамаша сәулетіне қанықты. Еліміздің абыройын асқақтатып, мерейін тасытқан  қысқы Универсиада ойындарын тамашалауға асыққан жанкүйерлердің қарасы көптігімен қуантты. Әсіресе, жастардың санасын сілкінтіп, спортқа деген қызығушылығын  арттырғанын айтқан абзал. Спорттық шараның жоғары деңгейде өтуіне 3000 ерікті ерен еңбек сіңірді. 

Осылайша тарих қойнауына қатталған қысқы Универсиаданың жабылу салтанаты 12 мың орынды «Алматы – Арена» мұз айдынында өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин, сондай-ақ, Красноярск қаласының мэрі Эдхам Акбулатов қатысты. 
Айтулы додада жеңіске жеткен спортшылар мен еріктілерге, жанкүйерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Арнайы шоу бағдарлама ұйымдастырылды. Спортсүйер қауымның жүрегіне шуағын төккен мерекелік салтанат фолк, этно және рок жанрлары араласқан «Ұлы Дала сырлары» атты музыкалық қойылыммен ашылды. Ардақ Балажанованың орындауындағы халық әні «Ұлытау» тобының рок-әуенімен, Жәмилә Серкебаеваның және 150 дауылпазшының өнерімен астасып, жаңа музыкалық реңк берді. Осыдан кейін 57 елдің туын көтеріп шыққан спортшылар шеруі басталды.  Шеруді бастаған қазақстандық спортшыларға көрермендер зор ілтипат танытты. 
Мыңжылдық тарихы бар Алматы спортсүйер қауымның көзқуанышына айналды. Осы уақыт ішінде Қазақстан әлемді, әлем Қазақстанды жаңа қырынан таныды, – деді ХХVІІІ қысқы Универсиаданың жабылу салтанатында сөз алған ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев. – Халықаралық қауымдастық халқымыздың тамыры терең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлылығын, әлемдік бәсекелес­тіктегі тегеу­рінін сезінді. Алматы Универсиадасы әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдыр­ды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Спорт – бейбітшілік пен татулықтың, ынтымақтастық пен тілектес­тіктің символы. Жер жаһан көз тіккен бұл Универсиада нағыз жастық жігердің алауы, жарқын жеңістердің бастауы, болашақ Олимпиада чемпиондарының мектебі», –  деген болатын. Расымен де халық пен халықты, мақсаты бір жастарды біріктірген Универсиада ең әуелі шуақты басқосу, – деген Үкімет басшысы спортшылардың жетістігі олардың ерен еңбегінің жемісі екендігін атап өтті. – Универсиадаға миллиардтан астам адам көз тікті. Аз уақыттың ішінде спорт нысандары, мәдениет және денсаулық сақтау нысандары бой көтерді. Олардың барлығы еліміздің тұрғындары үшін қызмет етуін жалғастыратын болады. Біз қол жеткен жетістіктерімізді мақтан тұтамыз.
Келесі сөз кезегін алған Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин Универсиада ойындарының өткізілуін өте жоғары деңгейде ұйымдастыр­ған Қазақстан жұртшылығына жүрекжарды алғысын білдіре келіп:
– Осы спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына қатысатындығына күмәніміз жоқ. Бұл Универсиадада жеңіліс тапқандар жоқ, одан қалған естеліктер, осында жинақтаған тәжірибе жаңа белеске жетуге жол ашатын болады. Универсиа­даның Алматыға өз пайдасын тигізетініне сенемін! – деді. Сөз соңында Универсиада ойындарын ресми түрде жабық деп жариялады.
– 2019 жылғы Универсиада ойындары Ресейде өтпек. Біз эстафетаны Красноярск қаласына табыстаймыз. Красноярск – бұл қысқы Универсиада ойындарын өткізуге қауқары бар санаулы мегаполистер қатарындағы қала. Алматыға Красноярск қаласы делегациясының келгеніне қуаныштымыз. Бір-біріміз туралы ақпаратқа көбірек қанық болып, жақсы дос болып та кеттік. Бұл ынтымақтастықтың басы, – деген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек FISU байрағын Красноярск қаласының мэрі Эдхам Акбулатовқа салтанатты түрде табыс етіп, келесі Универсиаданы сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.
Өз кезегінде Красноярск қаласының басшысы да Қазақстан халқына деген ыстық ықыласын білдірді. Бұдан кейін Халықаралық Универсиада ойындарының дәстүріне сай эстафетаны қолына алған Красноярск қаласының таныстырылымы  көрсетілді. Артынша красноярлық өнер ұжымының шоу-концерттік бағдарламасы ұсынылды. Онда ресейлік мәнерлеп сырғанау шебері Алексей Ягудин де басты рөлде өнер көрсетті. Көрерменнің көңілінен шыққан музыкалық бағдарлама аяқталысымен ХХVІІІ қысқы Универсиаданың алауы сөндірілді. Рәсім аясында танымал эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Дастан Оразбеков «Алау» әнін шырқады.
Сонымен, ХХVІІІ қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медальді қоржынға салып, 2-орынға тұрақтады. Жалпыкомандалық есеп бойынша Ресей мемлекеті 1-орынды, Оңтүстік Корея елінің спортшылары 3-орынды иемденді. 

Алматы қаласы.

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026
Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.