Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Отандық өндіріс үлесі молаяды

02.03.2024
КҮЛТӨБЕ
Отандық өндіріс үлесі молаяды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс автожолдарының жалпы ұзындығы 3988 шақырымды құраса, оның 2732,1  шақырымы облыстық маңызы бар автожол санатында. Өткен жылы бұл салаға 9,2 млрд. теңге қаражат бөлініп, игерілді. Нәтижесінде облыстық маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 93 пайызға жетті. Биыл аталған салаға  20 млрд. теңге қаражат бөлінген. Демек, аймақтағы жол сапасы жақсара түседі деген сөз.

Мемлекет басшысы 2022 жылы облысқа келген жұмыс сапарында облыс әкіміне үш жыл ішінде апатты 15 көпірге күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді, сонымен қатар, Балқаш көліне дейінгі автомобиль жолдарын жөндеу жұмысын аяқтауды тапсырған еді. 

– Былтыр  облыстық маңызы бар автожолдардың бойына орналасқан 5  көпірге күрделі жөндеу жұмысы басталып, 2 көпір пайдалануға берілсе, 3-і биыл қолданысқа беріледі. Ал 10 көпірдің құжаттарына қайта түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, – дейді облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.Сол сапарында Мемлекет басшысы облыстың туристік кластерін дамыту мақсатында іске асырылатын Балқаш көлінің жағасына апаратын 137 шақырым автожолды қайта жаңарту жұмысына да назар аударғаны белгілі. Яғни, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автожолының құрылысын «Жол» ЖШС, «Лепсі – Балқаш көлі» автожолының құрылысын «Қазстройцентр» ЖШС жүргізуде. Бүгінде асфальт-бетон жабынын төсеу толығымен аяқталып, жол бойын абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Биылғы  шомылу маусымына дейін жол құрылысы толығымен аяқталады деп күтілуде.

Бүгінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Өткен жылдары облыстық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында 17 дана бейнебақылау камерасы, 87 жол белгісі, 321 шулы жолақ, 12 бильборд, 1 шақырымға жуық металды тосқауыл және 10 жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл-көк түсті жарық маяктары орнатылды. Биыл облыстық маңызы бар автожолдардың  22 теліміне 45 дана бейнебақылау камерасын орнату көзделуде. Қазіргі таңда сметалық құжаттамасы әзірленуде. 

Автожолдарды қысқы күтіп ұстауға да ойдағыдай көңіл бөлінуде. Былтыр жергілікті бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті 8 мекеме, 84 мердігер ұйым жұмыс атқарды. Облыстың маршруттық желісі 72 автобус бағытын  қамтиды. Оған 18 тасымалдаушы, 330 жылжымалы құрам қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 31 әлеуметтік маңызы бар қатынас тиесілі. Олардың бәрі жергілікті кәсіпкерлік нысандары арқылы жүзеге асады. 

Осы тұста қоғамдық көлікте көпбалалы аналар­ға жеңілдік берілсе, студенттер мен оқушылардың облыс орталығының қалаішілік бағыттары бойынша тегін жол жүруі қаржыландырылған. Сонымен қатар, демеушілік ретінде көру және есту қабілеті бұзылған I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға, ауған-тәжік соғысының және Таулы Қарабақ соғысының ардагерлеріне өткен жылы 600 тегін жол жүру билеті үлестірілсе, биыл 735 билет ұсынылды. Бұл да отандық кәсіпкерлердің тұрғындарға көрсеткен үлкен қолдауы деуге болады. «Алматы –Үшарал – Алматы», «Астана – Үшарал – Астана», «Талдықорған–Үшарал – Талдықорған» бағытындағы әуе жолдарында «Скат», «Қазақ Эйр» сияқты отандық компанияның рейстері  жолаушыларды  тасымалдайды. 

Былтырдан бері «Мойынты – Достық» теміржол учаскесінің екінші жолының құрылысы басталды. Облыс аумағынан өтетін учаскенің ұзындығы 451 шақырым. Инвестиция көлемі  293 млрд. теңгені құрайды.  Осы жобаның құрылыс жұмысын отандық компаниялар атқарса, жұмысшылары жергілікті тұрғындар, пайдалануға берілген соң жерлестеріміз жұмысқа орналасады. 

Осы тұста «Облыстағы ауқымды істерді кімдер жүргізіп жатыр?»  деген сұрақтың туындауы да мүмкін. 

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратынша, облыстық маңызы бар  автожолдардың құрылысы мен жөндеу жұмысына «ЖОЛ» ЖШС, «АБЗ Карьер ДРСУ» ЖШС, «Алакөл жолдары» ЖШС, «Талдықорған жолдары» ЖШС, «Қазқұрылысорталығы» ЖШС, «Гордорстрой» ЖШС және басқа да жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер атсалысады. Сонымен қатар, жол құрылысына отандық кәсіпорындар өндірген материалдар қолданылады.

Дегенмен, облыстық басқарма тарапынан автожолдарды күтіп ұстау және жөндеу бо- йынша мемлекеттік тапсырыстарды орындауда мердігер мекемелердің жұмысына талап, бақылау күшейтілген. 

– Мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыс сапасын бақылау басқарма, мердігер мекеме, техникалық қадағалау, авторлық бақылау және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облысы бойынша филиалының қатысуымен жүзеге асады. Өткен жылдан бастап орташа жөндеу жұмысына техникалық қадағалау ұйымдары қатыстырылды. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелердің техникалық құжаттамасы Ұлттық сапа жол активтері орталығы арқылы тексерістен өтіп, ведомстволық сараптаманың қорытындысын алады. Бұл өз кезегінде жобаның негізсіз қымбаттауының алдын алады, – дейді басқарма басшысы.

Демек, облыстағы жол құрылысындағы отандық кәсіпкерлерге мүмкіндік, отандық материалдарға басымдық берілетін жақсы жағдай қалыптасқан. Бұл ұмтылыс басқа саладағы ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүріп, алыстан арбалайтындардың қадамына тұсау салады деп үміттенеміз. 

Қажет АНДАС
Фото: otyrar.kz

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

09.08.2026
Азияда топжарды

Азияда топжарды

09.08.2026
Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

Бағалау өзгерді, білім сапасы ше?

09.08.2026
Қара өлеңнің Қастегі

Қара өлеңнің Қастегі

09.08.2026
Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.