Талдықорған: +23°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ ҮЛЕСІ

06.06.2024
КҮЛТӨБЕ
ОҢТҮСТІК КОРЕЯНЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ ҮЛЕСІ

Әлемнің 50 елінен келген студенттер G50 K-Academy жобасының  аясында «Кореяның ақпараттық-коммуникациялық технологиялары» атты сабағына қатысты. Кореяның жартылай өткізгіштер нарығы туралы білім алды. Бұл күнгі сабақ Самсунг инновациялық музейіне экскурсияға барып, оның тарихымен танысумен  аяқталды.


XXI ғасыр – ақпараттық технологиялар заманы демекші,  бүгінгі таңда әлем бойынша жартылай өткізгіш өнеркәсібіндегі үстемдік үшін жаһандық бәсекелестік өте қарқынды болуда. Бұл бәсекелесте АҚШ пен Қытай секілді ұлы державалармен қатар Жапония, Тайвань және Оңтүстік Корея мемлекеттері әлемдік деңгейде жоғары нәтиже көрсетуде. 2022 жылдың нәтижесі бойынша жартылай өткізгішті құрылғылардың жалпы нарығында АҚШ 50%-бен І орынды, ал Оңтүстік Корея 17,7%-бен ІІ орынды алды. Әсіресе, жартылай өткізгішті жады құрылғылары бойынша Оңтүстік Корея әлем нарығының 60,5%-ын қамтып, І орынды иеленді. Оңтүстік Кореяның жартылай өткізгішті жады құрылғылары жоғары сапалы технологиямен жабдықталып, жасалынған. Алайда корей компаниялары әлемдік бәсекелестегі өз орнын сақтап қалу үшін үздіксіз зерттеулер мен инвестициялар жасап, одан да жоғары дәрежеге көтеруді көздеп қана қоймай, өздерінің озық технологияларының негізінде жартылай өткізгішті Foundry нарығындағы үлесін үлкейтуге ұмтылуда. 

Ал жүйелі жартылай өткізгіштер бойынша АҚШ 69,9%-бен әлем нарығының үштен бір бөлігін алып, әлдеқайда алда тұрғандығын көрсетті. ІІ орынды Тайвань, ІІІ орынды Еуропа, IV орыннан Жапония көрінсе, Оңтүстік Корея V орынға жайғасқан.

Осыған орай  Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль 2023 жылдың екінші тоқсанында мұндай әлемдік қарқынды бәсекелесте Кореяның  жекеменшік компаниялары жалғыз, жеке мемлекеттің күшімен жеңіске жете алмайтындығын ескеріп, мақсатқа жетуде бұл саладағы мықты шетелдік компаниялармен байланысты нығайту керектігін атап өтті. 

Қазіргі таңда жартылай өткізгіштер өнеркәсібіндегі бәсеке тек экономикалық бәсеке ғана емес, ол әлемнің геосаяси жағдайын басқарып, өзгертетін сала. Сол себепті әлемнің үлкен державалары бұл салада озық болуды мақсат етіп, бар күштерін жұмсауда. Оңтүстік Корея жартылай өткізгішті даярлауда қажет ететін табиғи байлық қоры мен шикізаттарының аздығы, тіпті жоқтығына қарамастан ұлы державалардан қалыспай, кейбір саласында олардан да жоғары деңгейде тұр. Сондықтан Оңтүстік Корея қазіргі таңда ақпараттық технология саласы бойынша ұлы держава деп те аталып жатады. Корейліктердің осындай жоғары деңгейдегі жетістікке жетуінің сыры бүгінгі таңда баршаға мәлім, яғни ол – адам ресурсы, білім мен еңбек ресурсы және оған деген инвестицияның үздіксіз жасалуы.

Ал Қазақстанға келер болсақ, біздің еліміз табиғи қоры бай ел, алайда бұл саладағы біздің өнеркәсібіміз дамымаған. Ақпарат технологиясы – болашақтың кілті демекші, біз де бұл саладағы алдыңғы қатардағы елдермен байланыс жасай отырып бұл саладағы кәсіби білімімізді жетілдіріп, олармен тәжірибе алмасып, өнеркәсібімізді дамытуымыз керек. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары Оңтүстік Корея әлемдегі ең кедей мемлекеттердің бірі болғанын және табиғи ресурсы да керемет емес екендігін ескеретін болсақ, адам ресурсының, білім мен еңбек ресурсының сондай күшті екендігін байқауға болады. 

Меруерт НҰРПЕЙІC, 
Сеул Ұлттық 
универститетінің студенті
Оңтүстік Корея

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.