Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды. Жаңа заңнамалық түзетулер банк қызметін реттеу, байланыс саласын дамыту және жеке тұлғалардың банкроттығы мәселелерін қамтиды.
Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.





