Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы Halyq Uni сайты дерегіне жүгініп.
Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар.
Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын іске асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», – деп жазды президент өзінің Х парақшасына.
Фото: t.me/aqorda_resmi





