Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапары аясында Токио қаласындағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды.
1920 жылы салынған бұл кешен Жапониядағы императорлық киелі орындардың бірі саналады. Ғибадатхана аумағында 120 мыңға жуық ағаш өсетін, жасыл желекке көмкерілген кең саябақ орналасқан.
Мейджи Джингу ғибадатханасы түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосқан Император Мейджиге арналған.
Кешенмен танысқаннан кейін Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.





