Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметін атқарған журналист Руслан Желдібайдың әкесі Сұлтан Желдібай өмірден өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сұлтан Желдібай 1956 жылы дүниеге келген. Ол Жамбыл облысы Қаратау қаласының тумасы, ұзақ жылдар бойы инженер-шахтер болып еңбек еткен.
Марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Астана қаласында өтеді.
Еске сала кетейік, Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында туған.





