Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қант диабетін ерте анықтау деңгейі артты: 260 мыңнан астам адам тегін диагностикадан өтті

13.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Қант диабетін ерте анықтау деңгейі артты: 260 мыңнан астам адам тегін диагностикадан өтті

Рixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Былтыр еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі басым бағыттардың бірі қант диабетімен ауыратын пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға арналды. Заманауи медициналық стандарттарды енгізу нәтижесінде мемлекет ең маңызды диагностикалық зерттеу – гликацияланған гемоглобин деңгейін анықтау бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Көп адам қандағы қант мөлшерін күнделікті өлшеу жеткілікті деп ойлайды. Алайда медицинада гликацияланған гемоглобин сынамасы қант диабетін бақылаудың ең сенімді тәсілі саналады. Бұл талдау пациенттің соңғы 3 айдағы орташа қант деңгейін көрсетеді. Яғни, бір күндік көрсеткіш емес, ағзаның ұзақ мерзімді жағдайына баға береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл жоғары дәлдіктегі сынаққа 261,5 мың пациент қол жеткізді. Бұл елімізде II типті қант диабетімен есепте тұрған азаматтардың тең жартысы (49,9%). Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3 есе өскен. Бұл мемлекеттің аурудың асқынуына жол бермеу үшін жүйелі жұмыс істеп жатқанын дәлелдейді.

Зерттеулермен қамту деңгейінің артуы консультациялық–диагностикалық қызметтерді оңтайландырудың нәтижесі. Бұрын пациенттер түрлі мекемелерге жүгініп, қайталанатын талдауларға уақыт жоғалтатын. Қазір пациенттердің маршруты қайта қаралып, тиімсіз процедуралар жойылды. Осының арқасында босаған қаржы мен ресурстар тиімділігі дәлелденген маңызды зерттеулерге бағытталды.

Бұл қадамдардың басты мақсаты – әрбір науқастың мүгедектікке ұшырауының алдын алу. Қант диабеті дер кезінде бақыланбаса, көру қабілетінен айырылу, бүйрек жеткіліксіздігі және жүрек ауруларына әкелуі мүмкін. Гликацияланған гемоглобин сынақтарымен халықтың жартысын қамту – ұлт саулығы мен өмір сүру ұзақтығын арттыру жолындағы маңызды белес.

Биыл, яғни 2026 жылы алдын алу бағдарламасы одан ары кеңейеді. Ауруларды басқару бағдарламасына (АББ) қандағы глюкозаның жоғарылауы сияқты қауіп факторлары бар азаматтар ертерек тартылады. Бұл диабетке дейінгі жағдайларды (предиабет) анықтап, аурудың асқынуына жол бермейді.

Мамандардың айтуынша, дұрыс тамақтану, белсенді қозғалыс және тұрақты медициналық тексеруден өту арқылы қант диабетін бақылауда ұстауға болады. Мемлекет тарапынан көрсетілетін тегін диагностикалық мүмкіндіктерді пайдалану – әрбір азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігі.

Егер сіз немесе жақындарыңыз созылмалы шаршауды, үнемі шөлдеуді немесе салмақтың кенет өзгеруін байқасаңыздар, міндетті түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгініп, скринингтен өтуді ұсынамыз.

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.