Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасымен арадағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
«Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», – делінген ресми хабарламада.
Аталған шарт екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, саяси, экономикалық және қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бағытталған.





