Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақ философиясы қайда қалды?!

14.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Қазақ философиясы қайда қалды?!

share.google

WhatsAppTelegramFacebook

Жасырып қайтеміз, «философия» деген ұғым ауызға ілінсе, санамызда бірден Еуропаның ойшыл алыптары сап түзеп шыға келеді. Гегельдің күрделі жүйесі, Ницшенің өткір тұжырымдары, Канттың ақыл мен танымға қатысты қағидалары – мұның бәрі әлемдік ой тарихында өз орнын әлдеқашан алған. Сондықтан болар, бізде философияны Батыспен байланыстыру әдетке айналған.

Алайда тереңірек үңілсек, дәл сондай ойшылдық дәстүрдің өз топырағымызда да тамыр жайғанын байқаймыз. Қазақ дүниетанымында философия бөлек ғылым ретінде емес, өмір сүру салты, тіршілікке көзқарас, адам мен қоғамның арақатынасы ретінде қалыптасты. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабиды айтпағанда, Қорқыттың өмір мен өлім туралы толғанысы, Асан қайғының «Жерұйықты» іздеуі, болмыстың мәніне үңілуден туған сұрақтар. Бұқар жыраудың ел мен билік, заман мен адам жайлы айтқандары әлеуметтік философияның айқын көрінісі. Ақтамберді мен Сыпыра жыраулардың толғауларынан ар-намыс, ерлік ұғымдары анық аңғарылады.

Бұл қатарда Абайдың орны айрықша. Ол адам болмысына, мінезге, ақыл мен жүрекке қатысты терең пайым жасады. Шәкәрімнің «Үш анық» еңбегі – ақиқат, сенім, ар ілімі туралы тұтас философиялық жүйе. «Мұсылмандық шарты» арқылы да ол дін мен адамгершілікті бір-бірінен ажыратпай, ой сүзгісінен өткізді. Байқап қарасақ, Батыс ойшылдары күрделі терминдермен жеткізген көптеген тұжырымды қазақ ойшылдары қарапайым, бірақ салмақты тілмен баяндап кеткен.

Сонда сұрақ туындайды: жалпы «қазақ философиясы» деген ұғым бар ма? Әрине, бар. Бірақ, ол еуропалық үлгідегі трактаттармен емес, жыраулық поэзиямен, нақыл сөзбен, ғибратты әңгімемен өрнектелді. Сондай-ақ, қазақ философиясы – жазылған қағаздан гөрі, халық жадында сақталған ой. Ол өмірден алыстамады, күнделікті тіршілікпен біте қайнасты. Сондықтан да оны тану үшін өзгеше өлшем керек.

Ал әлем мойындай ма деген сауалға келсек, мәселе мойындауда болмауы керек. Ол өзіміздің бағалауымызда жатыр. Неміс, қытай, грек философиясы деп атау қалыптасуы үшін сол елдер ең әуелі өз ойшылдарын жүйелеп, ғылыми айналымға енгізді. Бізде де мүмкіндік бар, бірақ ұлттық ойға деген сенім әлсіз сынды. Өзгенің сөзі салмақтырақ көрініп, өзіміздің даналық екінші қатарға ысырылып қала береді.

Неге біз өзгені көбірек дәріптейміз? Өйткені дайын қалыпқа сыйған дүниені қабылдау оңай. Ал төл табиғатымыздағы философияны танып-білу ізденісті, еңбекті, жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық ойлау жүйесін жаңғырту үшін оны тек тарихта қалдырмай, бүгінгі заманмен сабақтастыра білу қажет.

Шынтуайтында қазақ философиясы өткеннің сарқыншағынан бұрын, болашаққа бағыт беретін рухани шамшырақ. Оны жоқ іздеп, сырттан телмірмей, өзіміздің сөзден құйылған алтын қазынамыздан, жыраулар мен ғұламалар мұрасынан танитын уақыт жетті. Сонда ғана ұлттық санамыз нығайып, өз ойымызды өзіміз қадірлей алатын деңгейге көтерілеміз.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Мейірім азайған шақ

Мейірім азайған шақ

18.03.2026
Былтыр 46 мыңға жуық жұп ажырасқан: Неге жас отбасылар тез ажырасады?

Былтыр 46 мыңға жуық жұп ажырасқан: Неге жас отбасылар тез ажырасады?

18.03.2026
Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу қашан міндеттеледі?

Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу қашан міндеттеледі?

18.03.2026
2026 жылы жол ережесін бұзғандар үшін айыппұл көлемі қандай?

2026 жылы жол ережесін бұзғандар үшін айыппұл көлемі қандай?

18.03.2026
Қазақстандықтар аз үйленетін болған

Қазақстандықтар аз үйленетін болған

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.