Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

16.01.2026
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Қазақстанда Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

primeminister.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі мәселелерден сабақ ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрларды дайындау мақсатында тұрғызылды. 350 төсек-орынға есептелген жаңа мекеме еліміздің түкпір-түкпірінен туберкулезбен ауыратын 2,5  мың науқасты жыл сайын емдеуге және диагностикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.

«Бұл орталық Президент тапсырмасымен ұлт денсаулығын нығайту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бой көтерді. Бүгінде мұнда ғылыми зерттеулер, озық технология және болашақ мамандарды тәрбиелеу бағыттары өзара сабақтасып, біртұтас жүйеге айналып отыр. Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және отандық медициналық ғылымды дамытуға зор үлес қосады деп сенемін», – деді Аида Балаева.

Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде денсаулық сақтау нысандарымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да қарқынды дамып жатқанын атап өтті.

«Кейінгі екі жылда елде 695 жаңа медициналық нысан, 614 мың орынға арналған 419 жаңа мектеп салынды. Бұл 19 апатты мектепті жоюға, 58 мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге және 190 мектептегі оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 237 спорт нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 69-ы қалаларда, 168-і ауылдық жерлерде орналасқан. 2025 жылы 61 мәдениет нысанының құрылысы аяқталды. Өңірлерде 251 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер, ең алдымен, халықтың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік қорғауды нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті А.Балаева.

Іс-шара барысында ИАҰҒО-ның бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастырылып, мекеменің инфрақұрылымы мен жабдықталуы таныстырылды. Сонымен қатар мекеме ұжымымен де кездесу өтті.

Айта кетейік, Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы қысқа мерзімде салынған. Мұнда клиникалық көмек көрсету, ғылыми жұмыс жүргізу, білім беру, цифрлық технологияларды пайдалану секілді мүмкіндіктер бар. Орталық балалар мен жүкті әйелдерге де  медициналық көмек көрсетеді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел түрде 500 төсек-орынға дейін кеңейтілуі мүмкін.

ИАҰҒО – диагностика мен емдеуден бастап, инфекциялық және паразиттік ауруларға, оның ішінде дәріге төзімді туберкулез түрлеріне қатысты күрделі зертханалық зерттеулер жүргізе алатын толыққанды мекеме. Орталық инфекциялық қауіп-қатерге ұлттық деңгейде мән беретін, ғылыми жаңалықтар мен инфекциялық аурулармен жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлайтын базаға айналмақ.

Қатысты жаңалықтар

Заңғар Нұрланұлы әлемнің үздік 10 жас теннисшісінің қатарына кірді

Заңғар Нұрланұлы әлемнің үздік 10 жас теннисшісінің қатарына кірді

03.02.2026
Ұстай алсаң қасиетің

Ұстай алсаң қасиетің

03.02.2026
ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

03.02.2026
Сарбаздар туыстарымен кездесті

Сарбаздар туыстарымен кездесті

03.02.2026
Баспана баға неге өсіп жатыр?

Баспана баға неге өсіп жатыр?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.