Қазақстан азаматтары енді Арменияға бару үшін төлқұжат емес, жеке куәлікпен сапарлай алады. Бұл туралы Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Сенаторлар Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтардың сапары, сол елде болу тәртібі және көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар жеке куәлікпен кіре алады, ал елде тіркеусіз болу мерзімі алты ай ішінде 90 күнге дейін ұзартылды.
– Бұл туризмді, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, – деді Максим Споткай.





