Талдықорған: -7°C
$ 494.28
€ 587.06
₽ 6.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚазҰУ-да BASF компаниясының Mining Solutions зертханасы ашылды

28.08.2025
КҮЛТӨБЕ
ҚазҰУ-да BASF компаниясының Mining Solutions зертханасы ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында BASF Mining Solutions техникалық қызмет зертханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан ауқымды ғылыми жоба.

Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректоры Алина Галеева, «BASF Орталық Азия» ЖШС бас директоры және «Тау-кен өнеркәсібіне арналған шешімдер» бағытының жетекшісі Ростислав Камкин, BASF компаниясының EMEA және Орталық Азия аймағы бойынша аймақтық бизнес-директоры Мильяна Спасич, сондай-ақ BASF Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласындағы клиенттері мен серіктестері және бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Жаңа зертхана минералды шикізатты өңдеу және гидрометаллургия салаларында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тау-кен өндірісінің тиімділігін арттыратын инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналған.

Салтанатты шарада академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева жаңа зертхананың ашылуын ғылым мен өндіріс арасындағы стратегиялық серіктестіктің нақты көрінісі ретінде атап өтті. «Біз BASF компаниясын университетіміздің кампусында қарсы алуға қуаныштымыз. Бұл серіктестік ғылым мен бизнесті жақындастырып, студенттер мен зерттеушілерге практикалық және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігін береді. Біз химия және химиялық технология факультетінің студенттері осы зертханамен жұмыс істеу арқылы алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады және бағалы тәжірибе жинақтайды деп сенеміз», – деді проректор.

Өз сөзінде бас директор Ростислав Камкин зертхананың ашылуы компания миссиясының маңызды бөлігі екенін айтты. «BASF компаниясында біз тұрақты болашақ үшін химия жасаймыз. Тау-кен өнеркәсібіне арналған шешімдер бағыты клиенттермен де, академиялық қауымдастықпен де тығыз байланыста жұмыс істей отырып, инновациялық өнімдерді енгізуге және тау-кен саласына өзіміздің техникалық тәжірибемізбен бөлісуге бағытталған. Қазақстанда зертхана ашу – әріптестерімізбен ынтымақтастықты нығайту және оларға сапалы техникалық қолдау көрсету жолындағы маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл – болашақта саланың дамуына үлес қосатын жас мамандарды даярлауға қосқан ортақ үлесіміз. Бұл біздің тұрақты даму саласындағы миссиямызға толықтай сай келеді», – деді компания жетекшісі.

Мамандардың айтуынша, зертхана BASF-тың флотация мен гидрометаллургия бағыттарындағы жаһандық тәжірибесіне сүйене отырып, кен өндіру саласындағы компанияларға минералдарды бөліп алу, шығындарды азайту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Lupromin, Luproset, Luprofroth, LIX, Alamine, Aliquat, және LixTRA сияқты химиялық реагенттерді сынауға арналған бұл платформа заманауи құралдармен жабдықталған және халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ BASF Central Asia мен ҚазҰУ арасындағы бұл серіктестік аясында студенттер үшін өндірістік тәжірибелер ұйымдастыру, бірлескен дәрістер курсын өткізу, сондай-ақ химия және химиялық технология факультеті ғалымдарының ғылыми жобаларға қатысуы жоспарланып отыр. Бұл бастама тек университетке емес, жалпы өңірлік тау-кен өндірісінің дамуына оң әсер етпек.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

2027 жылы Астанада УЕФА-ның Конгресі өтеді

2027 жылы Астанада УЕФА-ның Конгресі өтеді

12.02.2026
«Біз әрдайым спортшыларымызға сенеміз» – вице-министр Жарасбаев

«Біз әрдайым спортшыларымызға сенеміз» – вице-министр Жарасбаев

12.02.2026
Мерзімді қызметтің 196 сарбазы алғаш рет парашютпен секірді

Мерзімді қызметтің 196 сарбазы алғаш рет парашютпен секірді

12.02.2026
Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

Роналду Қызылордада, Месси Шымкентте тұрады

12.02.2026
Жырлау үшін келгенмін

Жырлау үшін келгенмін

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.