Талдықорған: +14°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қою шайдағы қауіпті қоспа

11.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Қою шайдағы қауіпті қоспа

Gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өнімдердің сапасы мен құрамына қатысты қатаң талаптар белгіленген. Бұл талаптар тек қана жалпы азық-түлік үшін емес, күнделікті тұтынылатын сусындарға, шайға да қатысты. Жақында еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен шай өнімдерінің құрамынан тыйым салынған заттар табылып, олардың елге алып келуі мен сатуына тосқауыл қойылды.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы техникалық регламенттері мен санитарлық талаптарына сай, шай құрамында кейбір тағамдық бояғыштар мен қауіпті қоспалар болмауы тиіс. Мамандардың зертханалық талдауы барысында тағамға рұқсатсыз қолданылған жағдайда аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін тартразин (E102) анықталған. Енді осы анықталған қоспа туралы кеңінен тарқатып айта кетейік. Мысалы, тартразин көмірді қайта өңдеу өнімдерінен алынатын алтын-сары түсті жасанды тағамдық бояғыш. Осыны тұтынғандықтан кейбір адамда есекжем, Квинке ісігі немесе ринит пайда болуы мүмкін. Аспирин ішкенде аллергиясы бар адам үшін бұл бояу аса қауіпті. Ал понсо (Е124) өнiмді бояу үшiн пайдаланылатын, оларға тартымды көрiнiс беретін ашық қызыл немесе қоңыр түстi синтетикалық азобояғыш. Хош иісті көмірсутектерден, көбінесе мұнайдан алынатын бензол қалдықтарынан «Понсо» азобояғышы жасалады. Балалардағы гиперактивтілікке байланысты «понсо» кейбір елдерде зиянды қосымша саналады. Қолдануға тыйым салынған жасанды сары бояғыш (E110) мұнай өнімдерінен алынатын синтетикалық суда еритін сары-қызғылт түсті тағамдық бояғыш. Мұны өнімдерге тәбет ашатын түс беру үшін пайдаланылады. Міне, біз күнделікті тұтынып жүрген шайлардан осындай адам ағзасына өте зиянды қоспалар анықталуда. Аталған қосындылар шай өндірісінде қолдануға, Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) техникалық регламентіне сәйкес рұқсат етілмегендіктен, сатуға және импорттауға тыйым салынады. Бұдан бөлек, шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлар көрсетілген. Демек, бұл шайды шығарып, пайда табушылар заңды белшесінен басып, өз жоспарларын жүзеге асырып, қалта қампайтудың ғана қамын ойлап келген.

Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сауда объектілерінде сатылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша жүйелі жұмыс атқаруда.

– Азық-түлік сатып алғанда, ең бірінші өнімнің таңбалануына назар аударған жөн. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілінде жазылуы керек. Анық, түсінікті жазылған таңбалы өнімді ғана тұтынуға болады. Таңбалауда міндетті түрде атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және шектеулер, генетикалық түрлендірілген ағзаның болуы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Өткізу кезінде тыйым салынған немесе дұрыс таңбаланбаған өнім анықталған жағдайда, бірден санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, оның аумақтық басқармаларына нақты дәлелдерді көрсете отырып, өтініш жасай аласыз. Сондықтан да алған әрбір заттарыңызға мұқият болыңыздар. Себебі, біз үшін халықтың денсаулығы аса маңызды, – дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев.

Бүгінгі таңда елімізде шай өнімдерінің сапасы мен құрамына қойылатын талап күшейтілді. Егер құрамында қауіп төндіретін немесе техникалық регламент талаптарына сай келмейтін заттар анықталса, сол өнімдердің импортталуына және сатылуына тікелей тыйым салынады. Енді «Апамның шайы Premium gold», «Al-Hayat» Gold, «Балқия Premium gold», «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», «Aje Onim», «Al-Jannat Premium», «Alfarah» шайлары санитарлық шаралар негізінде айналымнан шығарылды.

Халима АСҚАРҚЫЗЫ, Талдықорған қаласының тұрғыны:
– Қазіргі шайлардың дәмі жоқ, тек бояу. Бұрынғының шайын табу дегеніңіз өте қиын. Біз бірнеше жылдан бері шай емес, бояу ішіп жүргенімізді мойындауымыз керек. Дүкенге барсақ қызылды-жасылды қораптар көз жауын алады. Соңғы жылдары қалтасы қалыңдар суреттерін жарнамалап, шай шығарып кетті. «Осыған қашан тыйым болар екен?!» деп жүр едім. Мына қаулының шыққанына қатты қуандым. Десе де жауапты мекемелер мықты тексеріс жүргізіп, қатаң талап қоймаса… Ең бастысы – қалтаны емес, халықтың денсаулығын ойлау керек.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ, сатушы:
– Саудамен айналысқаныма 15 жыл болды. Азық-түлік дүкені болғандықтан күнделікті тұрмысқа қажетті тауарларды сатамыз. Әсіресе, үлкен кісілер қоюлап, дәмділеп шай ішкенді жақсы көреді. Апалардың қонаққа шай апаруы да жазылмаған дәстүр. Қазір дүкенімізде шайдың он шақты түрі бар. Бірақ соңғы жаңалықтарда көрсетілген шайларға тапсырыс беруден бірден бас тарттым. Бұрындары білмедік. Бәрін ала беретінбіз. Енді қалған 5-6 қорап шайды тастауға тура келеді. Не істесек те адал тірліктен ғана мол табыс келетінін ұмытпайық.

Еңлік Кенебай

Қатысты жаңалықтар

Қайта тіркелуі тиіс

Қайта тіркелуі тиіс

05.04.2026
Алаяқтарға аяушылық жоқ

Алаяқтарға аяушылық жоқ

05.04.2026
Есірткі сатып есірген

Есірткі сатып есірген

05.04.2026
Ауылдан күш аламын

Ауылдан күш аламын

05.04.2026
Тіл тазалығы – ортақ мәселе

Тіл тазалығы – ортақ мәселе

05.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.