Талдықорған: +2°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Құрғақ порттың» мүмкіндіктері пайдаланылады

3 сәуір 2017
КҮЛТӨБЕ
"Құрғақ порттың" мүмкіндіктері пайдаланылады
WhatsAppTelegramFacebook

Инвестиция тартып, ел экономикасының әлеуетін еселеу өңір әкімдері үшін басты міндеттің бірі. Осы ретте облыс әкімі Амандық Баталов Татарстан Республикасының Менделеев муниципалды ауданының делегациясымен кездесті. Екіжақты пікір алмасу барысында мәдениет, ауылшаруашылығы, сауда және өнеркәсіп салаларындағы байланыс туралы кеңінен сөз өрбітті.

Жиын барысында делегация Жетісу өңірінің еркін экономикалық аймақ құрудағы, көлік логистикасындағы тәжірибесімен танысып, мәдени-рухани қарым-қатынастарды нығайтуды көздейтіндіктерін жеткізді. Әрі халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне де қатысуға ниетті екендіктерін тілге тиек етті. 
– ЭКСПО көрмесіне республикамыздың Президенті Рустам Минниханов келеді деп күтілуде. Егер сол сапарында муниципалды аудандардың жетекшілерін ертетін болса, біз көрмені тамашалауға қуана келеміз. Жалпы Татарстанда 45 муниципалды аудан бар. Біздің басты  мақсатымыз – қазақ елімен тығыз қарым-қатынас орнату, – деді Менделеев ауданының басшысы Валерий Чершинцев. 
Бұдан соң ол аудан тарихы мен Менделеев қаласының өркендеуі, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, маңызды әлеуметтік және өнеркәсіп нысандары туралы баяндай келіп, Панфилов ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларды өз көздерімен көргенін айтты. Ондағы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА мен «Құрғақ порттың» зор мүмкіндіктері туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Өз кезегінде Амандық Ғаббасұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, өзара тәжірибе алмасудың әрқашан тиімді нәтиже беретінін де атап өтті.
– Сіздерге біздің елде, соның ішінде облысымызда мол мүмкіндік ашылып отыр деуге болады. Екіжақты келіссөздер өз нәтижесін берсе, келешекте өздеріңіз көріп қайтқан «Құрғақ порт» арқылы өз өнімдеріңізді Қытай нарығына еркін шығара аласыздар. Ол үшін бізде барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, алдағы уақытта екі елдің мәдени-рухани байланысын арттырамыз деген ойдамын, – деді облыс басшысы.
Осы кездесуге дейін делегация Талдықорған қаласының көрнекті орындарын аралап, қалалық көпсалалы ауруханада, Достық үйінде болды. Осы барыста қонақтар бауырластарымен де кездесіп, өзара ой бөлісті.

Қозыбай ҚҰРМАН

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Экологиялық мәдениет – ұлттық сананың жаңа деңгейі

Ең қымбат ұғым

Бүгін, 18:37
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның цифрлық серпілісіне баға берді

Жарқын болашақ

Бүгін, 17:30
Қыз тағдыры – ұлт айнасы

Отбасылық қолдау

Бүгін, 16:30
Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Жауапкершілік – саналы қоғамның негізі

Бүгін, 15:00
Жетісу облысында өрт көрсеткіші өсті: Тұрғындарға қандай ескерту жасалуда?

Жалын жүрек, жас өрен

Бүгін, 14:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.