Талдықорған: +23°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

РАПС — ПАЙДАЛЫ ДАҚЫЛ

14.09.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының іргесіндегі Өтенай ауылдық округінің аумағына орналасқан «Agropark Taldykorgan» егістік алқабында Талдықорған өңірінде күздік рапс өсіруге байланысты оқу-семинары өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев пен облыс, қала ауылшаруашылық басқармасы мен бөлімдерінің басшылары, жермен айналысатын шаруа қожалығының иелері, сортты тұқым өсірумен айналысатын шаруашылықтың өкілдері, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары қатысып, салиқалы ой өрбітіп, тұқым себу жұмысына куә болды.


Аталмыш шара ашық аспан астында, егіс алқабында өткенімен де сақтық шаралары қатаң сақталды. Көпшілік егіс алқабының бір шетіне қатар-қатар тізілген жаңа техника мен шатырларға орналасқан тұқым сортын өсіретін шаруашылықтардың өнімімен  аралық сақтай отырып, танысып шығуға мүмкіндік алды. Осыдан кейін оқу семинары басталды. 

Семинарда  облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев сөйлеп, аймағымыздың ауылшаруашылығы саласындағы үлкен жетістіктерінен жұртты хабардар етті. Сондай-ақ, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Андрей Агеенко, белгілі қоғам қайраткері, меценат Сергей Терещенко, тағы да басқа азаматтар кезек-кезек сөз алып, бүгінгі шараның маңызды тұстарына тоқталды.

Жалпы, өңірімізде ауылшаруашылығы қарқынды дамуда. Әсіресе, шетелдік және отандық сортты тұқымдарды жерсіндіру нәтижесінде қызылша, жүгері, майбұршақ дақылдарының егіс көлемі ұлғайып, өнімділігі арта түскені анық. Аумағы 35 гектар жерді алып жатқан «Agropark Taldykorgan» егіс алқабының өзінде бүгінде қант қызылшасының 17, майбұршақтың 5, жүгерінің 15 сортты тұқымы жерсіндірілуде. Өткен жылдан бастап Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты рапстың жаңа тұқымын сынақтан өткізуді бастады. 

– Биыл Алматы облысы бойынша мың гектарға, Жамбыл облысында 200 гектардың үстінде, Түркістан облысында 300 гектарға жуық алқапқа осы жаңа тұқымды егіп, сынақтан өткізбекпіз. Қазіргі уақыттағы ауа райының жағдайына қарай егіс жұмысын Талдықорған өңірінен бастап отырмыз, күз айы біткенше басқа өңірлерге жоспарланған жұмыс өз деңгейінде орындалады. Рапс егудің бірнеше тәсілі бар. Талдықорған өңірінің топырақ қабатының ерекшелігіне сай алдымен жерді жыртып, тегістеп, тұқым сіңіру әдісін таңдап алдық. Жерді жыртпай-ақ тікелей тұқым сіңіретін тәсіл де бар. Оны өзге өңірлердің жағдайына қарай қолданамыз, – дейді Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мал азығы және майлы дақылдар бөлімінің меңгерушісі Серік Абаев.

Егер рапс күзді күннің қоңыр салқын ауа райы жағдайында өсіп, күш алса, көктемде оны баптауға көп шығын кетпейді. Дәнінің майлылығы 45,6 пайыз, қалған бөлігі мен өсімдік сабағын мал азығы ретінде пайдаланады. 

Жалпы, рапс тиімді егіс дақылы санатында. Оған аз қаржы жұмсап, көп пайдаға кенелуге болады. Мамандардың айтуынша, бір гектар рапс алқабына тұқымы, жер жырту құны, баптау, суғару, дәрі-дәрмегі, жанар-жағармай, тағы да басқа шығындарын қоса есептегенде 100 мың теңге айналасында қаражат жұмсалады. Бүгінде оның бір килограмы 270 теңге айналасында сатылады. Суармалы жерде гектарынан 3,5 тонна, суарылмайтын жерде 2-2,5 тонна өнім алынады. Шаруалар өнімін «қайда сатамын?» деп те бас қатырмайды. «Талдықорған» индустриалды аймағындағы тәулігіне 500 тонна рапс және 400 тонна күнбағыс дәнін өңдейтін «Агрокомплекс Жетісу МаЖиКо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты қанша өнім болса да алуға ниетті.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

Астана – мемлекеттік реформаның орталығы

06.07.2026
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті

05.07.2026
Жетісуда домбыра дәріптелді

Жетісуда домбыра дәріптелді

05.07.2026
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.