Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІН ИЕЛЕНДІ

13 қыркүйек 2020
КҮЛТӨБЕ
"ҚҰРМЕТ" ОРДЕНІН ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуанышбек Қашқымбаев Есік қаласындағы ауданаралық көпсалалы ауруханасына арнайы барып, аталған мекемеде ұзақ жыл  еңбек етіп келе жатқан дәрігер Шарван Кусульбекованың кеудесіне «Құрмет» орденін салтанатты түрде тақты.


Шарван Асылханқызы Есік қаласының тумасы. Оқушы кезінен-ақ дәрігер болуды армандаған қаршадай қыз мектепті үздік бағалармен бітірді. 1978 жылы Алматыдағы медициналық институтқа оқуға түсіп, онда алты жыл бойы дәрігерлік мамандықтың қыры мен сырына қанығады. Білікті ұстаздардан дәріс алады. Сөйтіп, 1984 жылы қолына дипломын алып, дәрігер маман атанды.

Алғашқы еңбек жолын өзі туып-өскен Есік қаласындағы ауруханадан бастайды. Осы күнге дейін аталған мекемеде қырық жылға жуық табан аудармай жұміс істеп келеді.

Дәрігер-инфекционист Шарван Асылханқызының есімі аудан жұртшылығына жақсы таныс. Білікті маманды ұжымы ерекше құрмет тұтады. Ол артынан ерген жас дәрігерлерге өз білген-түйгенін үйретуден еш жалыққан емес.

Әрине, еңбек еленеді. Жоғары санатты дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі Шарван Кусульбекова ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденіне лайық деп танылды. Марапат иесін құтықтай келген аудан әкімі Қуанышбек Қашқымбаев ақ халатты абзал жандарға ыстық лебізін білдірді.

– «Денсаулық – зор байлық» Ұлт саулығы үшін қызмет етіп келе жатқан дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Әсіресе, биылғы адамзатқа төнген қауіпті індетпен күресуде сіздер үнемі алғы шепте жүрсіздер. Міне, бүгін әріптестеріңіз, дәрігер-инфекционист Шарван Асылханқызы «Құрмет» орденін иеленіп отыр. Еңбектеріңіз елене берсін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді аудан әкімі Қуанышбек Қалиұлы.

Есіктегі ауданаралық көпсалалы аурухана оңтүстік аймақтағы ірі медициналық мекеме. Сондықтан бұл аурухана ұжымына коронавирус індеті кезінде жауапты міндет жүктелді. Мұнда  инфекциялық ауруларға қарсы үш стационар үздіксіз жұмыс істеді. ПТР зертханасы ашылды. Көршілес аудандардан келген науқастар қабылданды. Дәрігерлер күн-түн демей аурумен арпалысты. Қауіпті індеттің таралуына барынша тосқауыл болуда.

– Мен коронавирус індеті ке-зінде ауырған науқастармен тікелей байланыс орнатқан жоқпын. Әріптестерім «Сіз егде жасқа келдіңіз. Сондықтан қауіпті ошаққа сіздің түсуіңізге жол бермейміз. Алыстан бақылап, ақыл-кеңесіңізді айтсаңыз да жеткілікті» деп елжіреді. Сондықтан бұл «Құрмет» ордені маған ғана емес, менімен бірге жүрген бүкіл ұжымға көрсетілген құрмет деп білемін, – дейді Шарван Асылханқызы.

Дәрігер дұрыс айтады. Бәрі де құрметке лайық. Осынау қиын-қыстау кезде олардың жүздерінен қуаныштың лебін көру де бір ғанибет. 

Вирустың таралуы тоқтаған жоқ. Дәрігерлер көрінбейтін жаумен әлі айқасып жатыр. Олардың осынау жауапты жұмыстарына сәттілік, жеміс тілейміз.

Болат МӘЖИТ 
 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.