Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ

11.09.2020
КҮЛТӨБЕ
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ АТАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісудың ақындары Айтақын Бұлғақов пен Төлеужан Ғұмаровтың Алматы облысы  әкімінің қолдауымен  жарыққа шыққан кітаптарының тұсаукесері өтті.   Шараға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Мәрлен Көлбаев, мекеме басшылары, бірқатар аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және Жетісу  ақын-жазушылары қатысты. 


Қос ақын да  облыс  руханиятының өркендеуіне  өзіндік үлесін қосып келе жатқан азаматтар.  Айтақын Бұлғақов 1960 жылы Панфилов ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген.   Ол Үшарал ауылының халық театрының құрамында өнер көрсетіп, аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметтерін атқарды. Талдықорған облыстық  «Қазақ тілі қоғамында» белсенді жұмыс  атқарып, облыстық тіл басқармасында  жетекші маман болған, рухани салаға барынша еңбек сіңіріп келе жатқан Айтақын Мұхамадиұлы облыстық телерадио комитетінде тілшілік қызмет атқарды.  

2008 жылдан бері  «Алатау» қоғамдық-саяси газетінде бас редактор қызметін атқарып келе жатқан Айтекеңді күллі қазақ жұрты біледі.  Оның шашасына шаң жұқпас айтыс ақыны екенін айтыссүйер қауым мойындаған. Өзіне тән әуенін айтсаңшы! «Хайләйлімі» тек өзіне ғана жарасады. 

Ақын шабыты келгенде отырған жұрт қыран-топан күлкіге қарық болады.  Уытты сөзі, ұтымды ұйқасы бұлақша ағылады-ау!  Нағыз дарын! 

Жыр жампозының ел көлемінде жеткен жетістігі де жетерлік. Айтекең Қазақ радиосы ұйымдастырған «Әуе толқыны» айтысында жеңімпаз атанып, аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған республикалық айтыста І орынды иеленді.  

Айтақын актерлік қырымен де танылған жан. Оның «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмінде бақсы рөлін сәтті сомдағанын барша жұрт біледі. Ол қазақтың ұлы тұлғасы Мұхаметжан Тынышбаевтың тарихи мұрасын зерттеуге үлес қосқаны үшін «Мұхаметжан Тынышбаевтың туғанына 130 жыл» медалін, Монғолия демократиялық партиясының «Монғолия тәуелсіздігінің құқығын қорғаудағы  ісіне қосқан үлесі үшін» марапатын иеленген. Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Бұл күні Айтақын Бұлғақовқа «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 

Осы күні кітабы шыққан Төлеужан Ғұмаров мәдениет саласының білгір маманы.  Тоқсаныншы жылғы тоқырауда да жылы жер іздеп кетпей Талдықорғанда қалып, ел мәдениетінің тұралап қалмауына үлес қосты.  

Төлеужан Нүсіпжанұлы студент кезінен облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, ойлы сөз, орамды ұйқасымен көпке танылды.  Кейіннен республикалық, халықаралық айтыстарда маңдайы жарқырап, топты жарды. Төлеужанның «Алға, жасұлан» ән жинағы,  2010 жылы «Сөнбес сәуле» жыр жинағы, 2015 жылы   «Ұрпақ үні»  жыр жинағы мен  мөлтек әңгімелері жарық көрді.  Ол «Елім менің» республикалық композиторлар байқауының екі мәрте лауреаты. «Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері» атағының иегері. 2013 жылдан бастап облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.  

Төлеужан замандас елу деген ердің жасына абыроймен жетті.  Елге сіңірген еңбегі, руханияттың өркендеуіне қосқан үлесі еленіп, осы күні  «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағын алды.  

Қос азаматқа да атақтарыңыз құтты болсын, шабыттарыңыз шалқысын дейміз.

Гүлжан ТҰРСЫН 
 

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.