Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

13.08.2016
КҮЛТӨБЕ
ҚҰРЫШ ҚОЛДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары көз тартатын әсем ғимарат­тар мен сәулетті сарай­лардың, көпқабатты тұрғын үйлер мен өнер­кәсіптік кешендердің көптеп салына баста­ғанына куә болып жүр­міз. Әрине, сәулеті жарасқан мұндай ны­сан­дардың кім-кімнің болса да таңдайын қаққызып, қызығу­шылығын тудыратыны анық. Жетісу өлкесінде де жаңа заман тала­бына сай бой көтеріп жатқан ғимараттар аз емес. Осының бәрі жаздың аптап ыстығы мен қыстың қаһарлы суығына қарамастан еңбектеніп жатқан құрыш қолды құры­лысшылар еңбегінің нәтижесі екені анық. Сондықтан олар қашан­да сый-құрметке лайық.

Тамылжыған тамыз айы­ның орта шенінде тойланатын сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл да жарасымды жалғасын тауып, өз дәре­же­сін­де аталып өтті. Құры­лыс­­шы­лар күні қарсаңында об­лыс әкімдігінде ұйым­дас­ты­рылған мерекелік бас­қосу­да сала үз­дік­теріне барынша сый-құр­мет көрсетіліп, еңбек­те­рі ла­йық­ты бағаланды. Сал­та­натты жиын­да сөз алған об­лыс әкі­мінің орынбасары Ғалымжан ӘБ­ДІ­РАЙЫ­МОВ:

– Сіздерді алда келе жат­қан кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жиынды атқарылған жұ­мыс­тың маңызы мен мән­ділігін сезінуге себеп болатын басқосу деп білемін. Бұл күнді облы­сымыз құрылыс сала­сын­дағы жоғары жетіс­тік­термен қар­сы алуда. Мемлекет басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев өт­кен жылғы 30 қарашадағы «Қазақ­стан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, рефор­малар, даму» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында айт­қан­дай: Біздің халқымыз ешқашан бү­гін­гідей бақуатты тұрмыс кешіп көрген жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру оша­ғын салдық. Олардың бәрі ең соңғы үлгідегі құралдармен жаб­дықталды. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқ­ты ұлы құндылықтар ғана мәң­гі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе ала­тын бөгеттер. Көл­денең шық­қан кедергілерге кідірмей, дамы­ған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәң­гілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбі­ретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдын­да жүзіміз жарқын! Біздің тіре­гіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақ­тылық, білегіміз – бірлік.

Келесі кезекте облыстық құрылыс басқармасының бас­шысы Темірлан Бектасов құ­ры­­лыс саласы  қызмет­кер­лерін кәсіби мерекелерімен құттық­тап, осы бойынша атқа­рылып жатқан жұмыстар мен жеткен жетістіктерге көңіл аударды. Сондай-ақ, жыл өт­кен сайын қалалар келбетінің таны­мас­тай өзгеріп, көз тар­тарлық әсем ғимараттар мен сәулеті жарасқан кешен­дер­мен толыға түскенін әңгі­меледі.

Сала бойынша Жеті­су өңірінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға жинал­ған­дардың назарын аударды. Құры­лыс саласының жыл өткен сайын қарыштап да­мып, игілігі мол істің әлі де тоқтаусыз жал­ғасатынын жеткізді. Үкімет тарапынан бөлініп жатқан қо­мақ­ты қа­ра­жаттың мақсатты жұмса­лып, көптеген әлеуметтік нысандар мен зәулім ғима­раттардың, тұрғын үйлердің бой көтеріп, ел игілігіне беріліп жатқандығына ден қойды

Ел­дегі құрылыс ісін да­мы­тып, өңірлердің әлеу­меттік-эконо­микалық әлеуе­тін көте­руге ықпал етіп жат­қан Елбасы Нұрсұл­тан Назар­баевтың «Нұр­лы жол – 2020», «Өңір­лерді дамыту – 2020», «Қол­жетімді баспана – 2020» сияқты бағдар­ламаларының ма­ңыз­дылығын тілге тиек етіп, ел дамуына үлес қосып жатқан әріптестерін кәсіби мереке­лерімен құт­тық­тады.

Көңіл өсіретін жақсы пікір­ге Қазақстан Республикасы және Орталық Азия Құры­лысшылар одағының вице-президенті Аманжол Шорма­қов, тағы басқа да азаматтар қосылып, әріптестеріне алғыс­тарын білдірді.

Бұдан соң құрылыс нысан­дарында өз қолтаңбаларын қалдырып, жемісті еңбек етіп жүрген бір топ құрылысшының есімдері аталып, Қазақстан Республикасы Ұлттық эконо­мика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері коми­тетінің «Құрметті құрылыс­шы», «Құрметті сәулетші» төс­бел­гісін омырауларына қадап, «Алғыс хатпен» марапатталды. Мәселен, «Асан М Компани» ЖШС басшысы Жақсылық Ма­ку­лов, Көксу аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбеков, Панфилов аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Жүнісов, «Жөндеу құры­лыс» ЖШС ұстасы Тілеу Кө­шек­баев, «Құрылысшы ТБС» ЖШС прорабы Ертай Бай­дау­летовтерге  «Құрметті құры­лыс­­шы» деген атақ берілді.

Ал «Урбостиль» ЖШС жо­ба­ларының бас инженері Татья­на Ковалева, «Градо» жобалау фирмасы» ЖШС жо­ба­ларының бас сәулетшілері Сағындық Ауғанбай мен Ри­шад Ыб­райымов, «Казги­про­град» жо­ба­лау институты» ЖШС жо­ба­ларының бас сәулетшісі Людмила Кур­ганова және Алматы облысы бойынша «Мемсараптама» РМК филиа­лының сарап­шы­сы Татьяна Карабутқа «Құр­метті сәулет­ші» атағы бұйыр­ды.

Қазақстан Республикасы Орталық Азия және Құры­лысшылар одағы вице-прези­дентінің Құрмет грамота­сымен «Альтаир» өндірістік кооперативінің басшысы Сейт­­хан Қырқынбаев, Талды­қорған қалалық құрылыс бөлі­мінің басшысы Әсет Шаях­метов, Еңбекшіқазақ аудан­дық құрылыс бөлімінің бас­шысы Әділжан Смағұлов, «ДорТехМонтаж» ЖШС бас­шысы Виталий Гринченко, Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Әкеғұлов, «New Construction» ЖШС басшысы Ринат Рыс­құлов, Қарасай аудандық құ­ры­лыс бөлімінің басшысы Мұрат Анарқұлов марапат­талды.

Ал Алматы облысы бо­йын­ша «Мемсараптама» РМК филиалының сарапшысы Оль­га Сосина, Владимир Ува­ров, тағы басқаларына Қазақ­станның Құрылысшылар қа­уым­дастығының Құрмет гра­мотасы тапсырылды. Сол сияқты бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары та­бысталды.

 

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі өзгереді

Ақылы автожолдарда сараланған төлем енгізу ұсынылды

12.02.2026
Сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституция жобасын талқылады

Сарапшылар Қазақстанның жаңа Конституция жобасын талқылады

12.02.2026
Тоқаев Дубайда үздік нәтижеге қол жеткізген командаларды құттықтады

Тоқаев Дубайда үздік нәтижеге қол жеткізген командаларды құттықтады

12.02.2026
Жетісу полициясы ер адамды балконнан құтқарды

Жетісу полициясы ер адамды балконнан құтқарды

12.02.2026
Kazakhstan – UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы

Kazakhstan – UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.