Тамыз айының 17–28 күндері аралығында өткен «Nur Otan» партиясы ішкіпартиялық іріктеу науқанының тіркеу жұмыстары толық аяқталды. Осыған орай, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасы жобасы жайлы, тұрғындардың аманаты мен ұсыныстарын жинау науқаны бойынша Журналистер үйінде брифинг өтті.
Шарада сөз алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева:
– «Nur Otan» партиясы әр аудан, қала және облыс бойынша алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламаларының жобаларын дайындады. Олар негізгі мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ, өзекті мәселелерді жергілікті жерде шешу жолдарын қамтиды. 7 қыркүйек күні партияның primaries.kz сайтында республика бойынша 216, өңірімізде 1 облыстық, 20 аудандық партия филиалдарының сайлауалды бағдарламасының жобасы жарияланды, – дей келе бағдарлама жайында толықтай тарқатып берді.
Бағдарлама дамудың жеті басымдығынан тұрады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты түрде жақсарту үшін жағдай жасау. Сондықтан азаматтарға өз өтініш-тілектерін айтуға қолайлы жағдай жасау мақсатында Республика бойынша қолдау орталығы жұмыс атқарады. Аталған қолдау орталығына 8 800 080 4441 телефоны арқылы тегін қоңырау шалып республикалық, аумақтық және аймақтық партия филиалдарына тікелей байланысқа шығып, сұрақ сауалдарын қоюға мүмкіндік берілген. Халыққа көмек жобасы аясында «Instagram», «Facebook» (Халыққа көмек парақшасы) әлеуметтік желілерінде және де өтініш беруді мобильді ету мақсатында «WhatsApp» 8 700 800 44 41 нөмері арқылы да өз өтініштерін қалдырып, сұрақтар қоюға болады. komek@nurotan.kz почтасы арқылы да азаматтар өз өтініштерін жолдай алады. Ал аталған қосымшаларсыз өтініш беремін деген азаматтарға да жағдай жасалған, барлық ХҚКО арқылы партияға өтініш қалдыруға болады. Ол жерде арнайы мамандар партияның сайты арқылы келген азаматтарға өтініш беруге көмек көрсетеді.
Жиын соңында Гүлнар Қожағұлқызы әр жоба аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар 1-3 қазан күндері жетісулық 90 мыңнан астам «нұротандықтар» үміткерлерге өз дауыстарын primaries.kz веб-порталы, мобильді қосымша, ал егерде интернет желісі болмаған жағдайда дауыс беру учаскелерінде онлайн кабинка немесе бюллетеньдер арқылы үміткерлерге өз дауыстарын беретіндігін айтты.
Айдар ҚАЛИЕВ




