Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Салық кодексі жобасына түзетулер енгізу мәселесі талқыланды

28.02.2025
КҮЛТӨБЕ
Салық кодексі жобасына түзетулер енгізу мәселесі талқыланды

ҚР Парламенті Мәжілісінде өткізілген дөңгелек үстелде Салық кодексі жобасына түзетулердің жаңа топтамасы талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Дөңгелек үстел жұмысына Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Туризм және спорт министрліктерінің және басқа да министрліктердің, Экономикалық зерттеулер институтының, Ұлттық банктің, Қаржы нарықтарын реттеу агенттігінің, «Атамекен» ҰКП және басқа да ұйымдардың өкілдері, экономистер қатысты. 

Бұрын хабарланғандай, жаңа түзетулер мынадай тетіктерден тұрады:
— Жалпы белгіленген ҚҚС ставкасы 16%;
− АӨК-ті ҚҚС-тан толық босату;
− Бірқатар салаларда – денсаулық сақтауда 10% аралық мөлшерлеме.
− Есепке қою шегін 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендету.
Сондай-ақ жеңілдетілген декларация мен бөлшек салық режимін қайта қарау ұсынылады. Ұсынылған жеңілдетілген декларация режимі бойынша табыс шегі 600 мың АЕК (2 359 млн теңге) және мәслихаттардың 50%-ға төмендету мүмкіндігімен 4%-дық мөлшерлеме сақталған кезде мынадай өзгерістер ұсынылады:
− қызмет түрлерін қысқарту және тек B2C сегментінде жүзеге асыру;
— қызметкерлер саны бойынша шектеулерді алып тастау;
− егер сатудан түскен табыс жылына 100 млн теңгеден асатын болса, ЕТҚ-ны шегеру.

Салық кодексінің жобасында қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, салық түсімдерінің өсуі жыл сайын 4-5 трлн теңгені құрайды деп күтеміз. Салықты көтерудің ықтимал инфляциялық әсері қысқа мерзімді болатынын және жыл ішінде таусылатынын атап өту маңызды, — деді Азамат Әмрин.  

Бюджет-салық реформасының негізгі мақсаттары 3 негізгі сын-қатерді шешу: экономикалық проблемалар, бюджет тапшылығы және салықтық моральды нығайту. Ел бюджетіне түсетін түсімдердің өсуі мемлекет алдында тұрған даму міндеттерін шешуге, Ұлттық қордан алып қоюды шектеуге, мемлекеттік борыш пен оған жұмсалатын шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Алынған қосымша кірістер мыналарға мүмкіндік береді:

− Ұлттық қорға тәуелділікті азайтады;

− Мемлекеттік қарыз деңгейін төмендетеді;

− Қосымша ресурстар инфрақұрылымды, агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеу өнеркәсібі мен қорғанысты дамытуға, инвестициялық жобаларды кредиттеуге, даму институттарын дамытуға, ТКШ, жылу-энергетикалық жүйені жаңғыртуға бағытталады, — делінген хабарламада.

Фото: gov.kz

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.