Талдықорған: -1°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Сенатор: Облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

15.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Сенатор: Облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды

pixabay

WhatsAppTelegramFacebook

Сенатор Бибигүл Жексенбай депутаттық сауалында аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау мәселесінің қаншалықты өзекті екенін көтерді.

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлай

Оның айтуынша, Қазақстанда екі жүзден астам аудандық және қалалық газет бар, олардың басым бөлігі жүз жылдан аса уақыт бойы үздіксіз жарық көріп келеді. Бұл газеттер өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндап, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдаған ресми шешімдерді жариялап, елді мекендердің күнделікті тіршілігін айна-қатесіз көрсетіп отырған.

Алайда соңғы жылдары аудандық баспасөздің мұрағаттары жүйелі қиындықтарға ұшырап отыр. Редакциялар жабылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда, жинақталған материалдар жоғалып кетеді немесе мүлде жойылады. Сонымен қатар, елімізде 1930–2000 жылдар аралығында шыққан аудандық газеттер бойынша бірыңғай цифрлық тізілім де, толыққанды электронды қор да әлі күнге дейін қалыптаспаған.

Бибигүл Жексенбай бұл жағдайдың құқықтық тұрғыдан да елеулі қауіп тудыратынын атап өтті. Себебі 1990–2000 жылдары қабылданған көптеген ресми шешімдер тек аудандық газеттерде ғана жарияланған. Ал сол мұрағаттардың сақталмауы азаматтардың өз құқықтарын қорғауына және сот тәжірибесіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Ресми деректерге сәйкес, айтылып жүрген мәселелерге байланысты соңғы үш жылда алты жүзден аса газет пен журналдың қағаз нұсқасы жабылған. Бұл үрдіс, ең алдымен, аудандық және жергілікті газеттерге тән болып отыр. Ал дәл осы басылымдарда жарияланған материалдар көптеген өңірлер үшін баламасы жоқ тарихи, құқықтық және әлеуметтік дереккөз болып табылады. Қағаз нұсқалардың жабылуы мен редакциялардың таратылуы, архивтердің жүйесіз жойылу қаупін күшейтіп, бірқатар проблемалардың қалыптасқанын көрсетеді, — деді Бибигүл Жексенбай.

Сенатордың айтуынша, әлемдік тәжірибе аймақтық әрі жергілікті басылымдардың мұрағатын сақтау мен оларды цифрлық форматқа көшіру көптеген мемлекеттер үшін ұлттық деңгейдегі маңызды міндет саналады. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияда мұндай газет мұрағаттары жүйелі түрде ұлттық қорлардың қарауына өткізіледі. Кейін олар біртұтас мемлекеттік бағдарламалар аясында кезең-кезеңімен цифрландырылады.

Барлық облыстар бойынша аудандық және қалалық газеттер архивтеріне толық инвентаризация жүргізіп: архивтердің нақты саны, сақталу жағдайы, цифрлық форматтағы көлемі туралы ресми есеп ұсыну қажет. Аудандық баспасөз архивтерін сақтау, цифрландыру және мемлекеттік архивтерге тапсырудың бірыңғай ұлттық стандартын бекіту керек. АҚШ-тың және Ұлыбританияның үлгісінде Қазақстан Республикасының Біртұтас цифрлық аудандық баспасөз архивін құру жөнінде пилоттық жобаны іске қосу керек деп есептеймін. Бірыңғай электрондық іздеу жүйесін құруға арналған жеке бюджеттік бағдарлама және мақсатты грант көздерін айқындау мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, — деді сенатор.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр деген болатын.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.