Талдықорған: +2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шамның бейбітшілік шырағы Астанада тұтанды

26.01.2017
КҮЛТӨБЕ
Шамның бейбітшілік шырағы Астанада тұтанды
WhatsAppTelegramFacebook

Ғаламның екінші ұстазы тыныс тапқан топырақ қанға бөкті. Жетпіс тілді жетік меңгерген әйгілі әл-Фарабидің жерлестері – Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті Сириядағы қантөгісті қалайда тоқтатуға мүдделі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кірген Қазақстан осындай тарихи қадамға барып отыр. Алтыншы жылға аяқ басқан Таяу Шығыстағы саяси әрі діни қақтығыстарды көз көріп, құлақ естіген сайын әрбір қазақстандық данагөй бабамыз жатқан мекенде қашан бейбітшілік орнайды деп қынжылады. Қазақстан – ежелгі Сириямен сауда-саттықта серіктес, ғылымы мен білімі ұштасқан, мәдениеті мен діні қатар қанат жайған бауырлас ел. Ресми Астана Сириядағы шиеленісті реттеу бойынша халықаралық келіссөзді екі күн бойы жабық түрде жүргізіп, Шәкәрім барған Шаммен тарихи байланысты қайта жаңғырту үшін мәмілегерлік миссиясын құрды. Нәтижесінде, Сарыарқада бас қосқан Сирияның қос тарабы теке-тіресті тоқтату төңірегінде тілдесіп, жабық жиынға қатысқан Ресей, Түркия және Иран елдері бейбіт тұрғындарды титықтатқан соғыс өртін өшіруге кепілдік берді.

Сириядағы соғысқа әлемнің кейбір елдері сырттан көз салып келді. Ең қорқыныштысы, шиеленіс жылдарға жалғасқан сайын дипломатиямен достықтың іргетасын қалап, демократиямен дербестік туын желбіретіп бейбітшілік орнатуға болады деген жаһандық саяси ұстанымға сенушілер күрт азайды. Саясаттанушылар бүгінде тыныштықтың тығырыққа тірелетін тұсын Сирия деп көрсетеді. Осыдан алты жыл бұрын Сирияның ресми билігі мен оппозиция өкілдері өзара қырқысып, ішкі тұрақтылыққа сызат түсірген еді. Бірақ ешкім бұл ұшқынның алапат өртке ұласып, тұрғындарын басы ауған жаққа бостырып жіберетінін білген жоқ. Мемлекет шаңырағы шайқала бастаған тұста діни ағымның қарулы топтары бүлік шығарды. Сөйтіп, Сирия  «жау жағадан алғанда бөрі етектен тарттының» кебін киді. Атышулы «ДАИШ» террорлық тобы Сирияның әр бұрышында ойран салып, халықты үркітті, тонады, тарихи орындардың күлін көкке ұшырды. Мемлекет пен оппозиция ендігі кезекте етектен ұстасқан діни топқа қарсы тұруға күш біріктірді. Астанада өткен келіссөз процесінде Сириядағы соғыстың осындай себептері қайта қаралып, жиналғандар дүмпудің арғы-бергі тарихын тағы да түгендеп шықты.
Екі күн бойы бүкіл әлемнің назары Еуразияның кіндігіне ауды. Астанада тұтанған Шам елінің бейбітшілік шырағын шартарапқа таратуға 320 журналист келді. Ал Қазақстаннан 120 отандық ақпарат құралы атсалысты. «Rixos President Astana» халықаралық қонақүйінде өткен келіссөзде жеті тараптың өкілдері бас қосты. Әсіресе, Сирияның бір-бірімен бітіспейтін, үнемі жанжал үстінде тарқасатын қарулы оппозициясы мен жергілікті билігінің Астанада төрінде кездесуін әлем саясаткерлері Қазақстанның беделімен байланыстырады. Расында да, Сирияның бейбіт халқын қанға бөктірген қос тараптың Арқа төсінде тілдесуі – тұңғыш болып отырған тарихи қадам. Тарқатып айтсақ, Сириядағы соғысты түбегейлі тоқтатудың алғашқы қадамы Астанада жасалып отыр. Халықаралық келіссөздің бастамашысы болған Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Астанада бас қосқан жеті тарапқа арнайы үндеу жіберді.
«Біздің еліміздің бүгінгі келіссөздерді өткізу орны ретінде таңдалуы кездейсоқтық емес. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы Астанада бірқатар сириялық оппозиция топтары келіссөздерінің екі раунды өтті. Сирия халқына түскен ауыртпашылықты жеңілдету мақсатында сириялық босқындарға 700 мың доллардан астам көлемде қаражат бөлдік, жақында 500 тоннаға азық-түлік түрінде ізгілік көмек жолдадық. Осы басқосулардың арқасында бірқатар маңызды келісімге, атап айтқанда, гуманитарлық мәселелер бойынша босқындардың қауіпсіз өтуіне дәліз қалыптастыру бойынша ортақ келісімге қол жеткізілді. Астана процесінен де осындай оң шешімдер күтіліп отыр», – делінген Елбасының үндеуінде.
Президенттің айтуынша, Сириядағы қақтығыстар халыққа қайғы-қасіреттен басқа ешнәрсе алып келген жоқ. Өркениет пен мәдениет тоғысқан тарихи өлке қазіргі таңда қара жамылып отыр. «Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет әрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Таяу Шығыс өңірінде қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнатылуына және нығаюына мүдделі, – деп сабақтайды Мемлекет басшысы Астана процесіне қатысты өз ойын. – Бүгінгі басқосу – халықаралық қоғамдастықтың Сириядағы жағдайды бейбіт түрде реттеуге бағытталған жігер-ынтасының айқын көрінісі. Қазақстан Сириядағы жағдайды реттеудің жалғыз дұрыс жолы – өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздер деп санайды».
Сириядағы соғысты тоқтатуға сырт елдерден Түркия, Ресей, Иран және АҚШ мемлекеті ықылас танытты. Астанадағы процеске Сирия Үкіметінің делегациясын бастап БҰҰ жанындағы ресми Дамасктың тұрақты өкілі Басар әл-Жафари келді. Ал оларға қарсы қарулы қақтығыс ұйымдастырып жүрген оппозициядан 15 саяси топтың өкілі жиналып, Астананың бітімгерлік алаңында белсенділік танытты. Сондай-ақ, жабық келіссөзге Ресей Президентінің Сирия ісі бойынша өкілі Алексей Лаврентьев, Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Кролл қатысты. Халықаралық ұйым тарапынан тағы да БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі өкілі Стаффан де Мистура келіп, жиында шиеленістің салдары мен себебін түсіндірді. Алайда келіссөз соңында Сирияның оппозиция өкілдері Астанадағы бейбітшілік құжатына қол қоюдан бас тартты. Дәлірек айтсақ, Сирия оппозициясының өкілі Яхия әл-Ариди Астанаға дейін Дамаскте жасалған кейбір келісімшарттардың бар екендігін, егер осы құжатқа қол қойса, сол кездегі талаптарды ығыстыруға тура келетінін айтты. Әсіресе, тараптардың коммюнике жасап жатқанын, алайда ол жерде кейбір тармақтарға келіспеушілердің көптігін тілге тиек етті. Оппозиция өкілі Иран әскерлерін кері қайтару мәселесіне кеңінен тоқталып, олардың ішкі тыныштықты орнатуға кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.
Қазақстанда өткен халықаралық келіссөз нәтижелі аяқталды. Әлем назары ауған жабық жиында тұңғыш рет Сирияның билігі мен оппозициясы бір шаңырақтың астында бас біріктіріп, ымыра жасаудың алғышартын жасасты. Бүгінде саяси және діни топтардың дүмпуінен көз ашпаған бейбіт тұрғындардың бір бөлігі Еуропа ауып, жан сауғалап жүр. Олардың кейбірі Қара теңізде беймәлім себептермен суға батып қаза тапты. Мұндай қасіреттің алдын алудың алғышарты Қазақстанда сәтті өтуі әлем алдындағы Елбасы мен Елорданың беделін тағы бір асқақтатты. Алдағы ақпан айында Астанадағы келіссөз Женева қаласында жалғасын таппақ.

КЕЛІССӨЗДЕН КЕЙІН:

АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

Стаффан де МИСТУРА,
БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі 
арнаулы Елшісі:

——————————————————————————-

– БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериштің атынан осынау маңызды шараны өткізген Қазақстанға, Сирияда бейбітшіліктің орнауы үшін маңызды үлес қосып келе жатқан Президент                 Н. Назарбаевқа ризашылығымды білдіргім келеді. Президент конференция табысты өтуі үшін жеке үлес қосып, барлық мүмкіншілікті жасады. Сонымен қатар, Түркия, Ресей және Иранға Сириядағы соғыс режимін тоқтатуда кепілгер болу сынды жауапкершілікті өз мойындарына алғаны үшін алғысымды білдіремін. Бізге соғысты тоқтату қажет. Сириялық тараптан Сирия Үкіметінің, сонымен бірге оппозицияның рөлін атап өткім келеді. Олар үшін осы жерге келіп, ұзақ жылдан кейін алғаш рет келіссөздер үстелінде басқосу үшін саяси ерік-жігер қажет болды. Сирия Үкіметімен бір бөлмеде отырған қарулы топтар да болды. Олар өздерінің өкініштері мен өтініштерін естіді. Сирия халқы қантөгіске ұласқан жанжалдардың тоқтағанына зар болып отыр. Біз оппозициямен ұзақ уақыт бойы әңгімелестік. Олар соғысты тоқтауға қатысты нақты ұсыныстарымен бөлісті. Біз Сириядағы бейбітшілікке саяси жұмыстардың көмегімен ғана қол жеткізе аламыз.

ҚАЙТАДАН ЖАНДАНДЫ

Сергей ЛАВРОВ,
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрі:

—————————————————————————————————————-

– Сирия жөніндегі келіссөздер өткізу алаңы ретінде Астананың таңдап алынуының өз себебі бар. Сириялық дағдарысты реттеу басталған сәттен-ақ Қазақстан оның табысты болуына жәрдемдесуге ұмытылып келеді. Сирияаралық келіссөздерді бастауға алаң дайындау кезінде келіссөздерге Сирия Үкіметімен қатар оппозицияның барлық секторын қамту үшін бұл процестің инклюзивті сипатын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Былтыр басталып, кейін тұйыққа тірелген келіссөздерді жандандырудың орны да маңызды. Қарым-қатынасты қалпына келтіретін бұл процесті қайда жалғастыру қажет деген кезде бұл келіссөзге қатысушылардың барлығы да оңтайлы орын ретінде Қазақстан елордасы – Астананы еске алды. Астананың мүмкіншілігі шектеулі емес. Керісінше, өзінің қызметін дұрыс ұсына алады деуге толық негіз бар.

САУАПТЫ ІС

Ерлан ҚАРИН,
Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер 
институтының директоры:

———————————————————————————————————————-

– Кездесудің Астанада өтуі Қазақстанды әлемдегі саяси орталықтардың бірі ретінде бекіте түседі. Дипломатияда, сыртқы саясатта «саяси астаналар» деген түсінік бар. Мәселен, әлемде қанша ел мен олардың астаналары болғанымен, санаулысы ғана осындай халықаралық кездесулер өтетін орын ретінде танымал. Сондықтан, бұл кездесудің Астанада өтуі Қазақстанның халықаралық саясаттағы өзіндік рөлін одан сайын айқындай түседі. Екіншіден, бұл – еліміздің саяси беделінің көрсеткіші. Сирия дағдарысына қатысты кездесудің өзге елде емес, Қазақстанда өтуінің тағы бір себебі – Ресей тарапынан да, Түркия мен Иран тарапынан да ресми Астанаға деген сенім. Сондықтан бұл, біз үшін, Қазақстан үшін өте жоғары маңызға ие оқиға. Сириядағы дағдарыс – бұл мұсылман бауырларымыздың басындағы трагедияға ұласып жатқан жайт. Ал біз Астанадан Сирия дағдарысын шешуге орын беру арқылы бір дінді ұстанатын, бүгінде соғыс зардабын бастан кешіріп отырған мұсылман бауырларымыздың жағдайын шешуге өз үлесімізді қосамыз. Бұл – сауапты іс.

Қуаныш ТҰНҒАТАР

 

Қатысты жаңалықтар

Бабалар рухы кернеп тұр

Аса маңызды қадам

05.03.2026
Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

Жоғарғы сот судьялары қызметінен босатылды

05.03.2026
Миллиардер Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

Миллиардер Ибрагимов «Тобыл» футбол клубын сатып алды

05.03.2026
Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

Жол ережесін бұзғандарға бейнежазбаны онлайн алу мүмкіндігі берілді

05.03.2026
8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

8 наурызда әйелдерге қандай сыйлық беруге болады?

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.