Талдықорған: -2°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Шеберлер сынағы

04.04.2017
КҮЛТӨБЕ
Шеберлер сынағы
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің жұмысшы мамандықтарында оқитын білім алушылар арасында «WorldSkills Taldykorgan» аймақтық чемпионаты өтті.

Елбасының кешендi бағдарламалық тапсырмалар топтамасында 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасы халықтың әл-ауқаты мен сапалық деңгейiн көтерудi көздеген қадам. Осылайша аймақ экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімді мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Нәтижесінде кәсіби-техникалық білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар басталды. Кәсіптік білім беру оқу орындары индустриялық-инновациялық сала үшін кадрлар даярлауға баса назар аударды. Осының нақты дәлелі Талдықорған қаласында жалғасын тапты десе болады. Өңіріміздің барлық  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің ішінен үздік деген қырық төрт болашақ маман иесі аталмыш чемпионатқа қатысты. Мұнда олар екі топқа бөлініп, «Дәнекерлеу технологиясы», «Аспаз ісі», «Шаштараз өнері» және «Киім үлгісін модельдеу мен дизайны» мамандығы бойынша шеберлік байқасты. Он саусағынан өнер тамған жастар бұл байқауға тыңғылықты келгендерін байқатты. Дәмі тіл үйіретін тағамдарды әзірлеген аспаздар шын шеберліктерін көрсете білді. Бірінен-бірі өтіп, нағыз мамандықтың иесі екенін айқындай түскендей. Алдымен жарысты ұйымдастырушылар «Қаратал» мейрамханасында ашылу салтанатын жасап, әр қатысушы өз мамандықтарын айқындайтын көріністер көрсетіп, келген көрерменнің көңілін көтеріп тастады. 
Мұндай шара әлемнің дамыған мемлекеттерінде жиі өтіп тұрады. Осыған сай мамандықтардың мәртебесін көтерумен қатар, сұранысын жоғарылату мақсатында Жетісу жері де бұндай шараны кең көлемде көрсете білді. Көрсеткен істері арқасында жастық жалын мен кәсіби шеберлікке деген қызу қарқын жастардың бойынан табылып жатты. Әсіресе нағыз таптырмайтын және сұранысқа көп ие болатын мамандықтың бірі дәнекерлеуші мамандығы болды. Міне, осы сын бойынша сайысқа түскен жас жігіттер нағыз шеберлікті көрсетті. Өз істерін сауатты орындап, сарапшылардың көңілінен шығып жатты. Осылайша екі күнге созылған чемпионат та өз мәресіне жетті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар жүлдеге қол созды. Шараның жабылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар чемпионаттың мәніне кеңінен тоқталды. Елбасының тапсырмасы бойынша кәсіби шеберлерді дайындау және оларды мамандығына сай жұмыспен қамту сіз бен біздің нақты міндетіміз екенін де тілге тиек етті. Бұндай чемпионаттар әлемдік стандартта бар, сондықтан біз де көштен қалып қалмауымыз керектігін айтты.  Сонымен қатар, тұңғыш чемпионат болғандықтан нәтижесі жаман емес, алдағы уақытта бұдан да жоғары дәрежеде  өткізіп, қатысушылар мен оларды қолдайтын жанкүйерлердің санын арттыруды тапсырды. 
Мұнан кейін жарысқа қатысушыларды марапаттау рәсімі жалғасты. Ең алдымен жақсы ісімен көзге түскен барлық қатысушыны арнайы сертификаттармен марапаттады. Үшінші орынға аспаз ісі бойынша Алакөл гуманитарлық колледжінің білімгері Любовь Нефедченко, дәнекерлеу технологиялары бойынша Талдықорған сервис және технология колледжінің білімгері Аскербек Айдын, киім үлгісін модельдеу және дизайны бойынша Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Айнұр Бакубаева, Шаштараз өнері бойынша Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің студенті Гүлнұр Серікқали үшінші орынды жеңіп алды. Осы рет бойынша Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенті Григорий Клименко, Талдықорған гуманитралық-техникалық колледжінің қатысушысы Арнур Усенов, Талдықорған сервис және технология колледжінің студенті Карина Омирханова, С. Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Нұрбибі Демизак екінші орынға қол жеткізді. Ал бірінші орынды Талдықорған сервис және технология колледжінен келген Фарух Ниязов, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінен Ильяс Рысбеков, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің білімгері Назерке Болатбекқызы, Текелі кәсіптік колледжінің түлегі Марина Агеева жеңіп алды. Нағыз шеберлердің шебері бас жүлдеге таласты. Мұнда бағы жанған Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің студенті Ерасыл Арғынбек аспаз ісі атанса, Бастөбе сервистік-техникалық колледжінің түлегі Игорь Ким дәнекерлеу технологияларының хас шебері атанды. Қапшағай көпсалалы колледжінің түлегі Гүлжан Қабидолла киім үлгісін модельдеу және дизайны номинациясы бойынша бас жүлдеге қол жеткізсе, Талдықорған сервис және технология колледжінің студенті Мадина Бапова “Шаштараз шебері” деген атаққа лайық деп танылды. Осылайша жеңіске жеткен болашақ маман иелерін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы марапаттап, соңынан естелік суретке түсті.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.