Талдықорған: +20°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СИҚЫРЛЫ ӨНЕРДІ СЕРІК ЕТКЕН

17.10.2020
КҮЛТӨБЕ
СИҚЫРЛЫ ӨНЕРДІ СЕРІК ЕТКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Бүкіл дүниежүзін дүрліктірген індеттің салдарынан спорттық шаралар тоқтап қалған болатын. Оның үстіне  барлық спорттық мекемелер де жабық болды. Десе де  «Спорт – денсаулық кепілі» деген қанатты сөзді өмірлік қағида етіп, үйінде жаттығу жасап, сиқырлы өнерді жанына серік еткен жандар жетерлік. Солардың бірі әлеуметтік желіде түрлі «челлендждерге» қатысып, әуесқой спортшылар мен жастарды үй жағдайында спортпен айналысуға шақырып жүрген – Кенжебек Жазылбеков. Алпыстың асқарына шығуға таяп қалған атамыз күнде жаттығу залынан шықпайды. Мақтан үшін емес, өзінің өнегелі ісімен жастарға үлгі болғысы келеді. 


Кенжебек Жазылбеков 1962 жылы Ақсу ауданы, бұрынғы Қаракемер кеңшарында қарапайым отбасында дүниеге келді. Ол мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ спорттың әр түрімен айналысып, шымыр болып өседі. Волейбол, футбол, жеңіл атлетикамен шұғылданып, қыста шаңғы тебумен әуестенеді. 6-7 сыныбынан бастап күрес түрлерімен шұғылданып, түрлі жарыстарда жеңістің желкенін көтереді. Былдырлаған балғын шағынан спортты серік еткен бала оқуда да озат, еңбекқор болып өседі. Бірақ, жасындай жарқылдаған жан мектеп бітірген жылдары ауылдың тұрмысы төмен, қиын-қыстау кездер еді. Білім алып, жоғары оқу орнына түсу үшін Кенжебек құрылысқа жұмысқа орналасады. Өкінішке қарай, жұмыс кезінде саусақтарын станок кесіп, жарақат алады. Десе де жігерлі жан алдына қойған мақсатына жету үшін барын салып еңбектеніп, Талдықорғандағы зооветтехникум колледжіне оқуға түседі. Студенттік шағында қайсар жігіт жаттығу залдарына барып, спортпен шұғылданады. Бір күні колледжде «Қанеки, жігіттер» атты спорттық жарыс өтеді. Кенжебек ойланбастан осы сайысқа қатысып, бір қолы жарақат болса да кермеге 78 рет тартылып 1-орынды жеңіп алады. Осы жеңістен жігерленген өрен одан сайын қиындығы мен қызығы қатар жүретін сиқырлы өнерге қызығып, күнделікті жаттығуға көшеді.   

Колледжді тамамдаған кейіпкеріміз кейін Алматыдағы қазақ қатынас жолдары университетіне оқуға түседі. Жоғары оқу орнын бітіріп, еңбекке деген құлшынысының арқасында жігерлі жігіт жұмысқа тұрып, үлкен өмірге белсене араласады. Оның бойында үлгі тұтарлық қасиеттер көп. Сондықтан болар, әу бастан кәсібіне адалдық танытып, үлкен жауапкершілікпен қараған Кенжебектің жұмысқа деген құлшынысына жұртшылық тамсанатын. Талай жыл құрылыс саласында жұмыс істейді. 1988 жылы Арменияда күшті жер сілкінісі болады. Қаншама ғимараттар қирайды. Сол жылдары кейіпкеріміз Арменияға барып құрылыс жұмыстарын жүргізеді. 1983 жылы Гүлнар  Кісенбайқызымен тұрмыс құрады. Бүгінде 3 ұл, 1 қыз, 6 немере тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар бақытты да, бай-лықты да өмірінің жалғасы ұрпақтарынан тапқан өнегелі әулет. Ұлдарының барлығы салауатты өмір салтын ұстанады. Оқыған, білікті маман иелері. Атамыздың үлкен ұлы Бейбіт пен ортаншы баласы Жақсылық еркін күреспен айналысқан. Ортаншысы Астанадағы спорт мектебін бітірген. Сан мәрте халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанған. Кіші ұлы Әкімжан Алматы қаласында  дзюдодан бапкер. Кешегі батыр бабаларымыз сынды намысты спортшылар дайындауда аянбай тер төгіп жүр. Ал қызы Гаухар садақ ату спортымен айналысқан. Бүгінде 9 жасар Нұрмұхаммед есімді немересі таэквандомен шұғылданады. Бүлдіршін қазірдің өзінде ел біріншілігінің жүлдегері. Алматы қаласында өткен талай қалалық турнирлердің жеңімпазы. Талабы таудай баланың болашақта ел намысын асқақтататынына сеніміміз мол. 

Өнер – адамға әке қанымен, ана сүтімен даритыны анық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», – дейді халқымыз. Сондықтан үш ұлының үш бәйтерек болып тамырын тереңге жаюы, спортпен айналысып, білікті маман иелері атанғаны Кенжебек атамыздың арқасы. Алпысты алқымдап қалған атамыз бүгінде Әбдуәлім есімді бес жасар немересін алып күнде бокс залына барып, Ерлан Манашбаев есімді бапкерде жаттығады. Арманы – немерелері мықты спортшы атанып, солардың жеңісті сәттерін тамашалау.  Сонымен қатар, жастарға спортты насихаттау. 

– Спорт десе ішкен асымды жерге қоямын. Күнде ерте тұрып жүремін, жүгіремін. Жүгірудің денсаулыққа пайдасы өте көп. Бұл жастарға да үлгі болса екен деймін. Қартайдым деп спортты тастамаймын. Керісінше, жаттығу жасап, әлі талай додаларда топ жаруға тырысамын. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда кейбір жастардың спортқа деген қызығушылығының болмауы мені қатты қынжылтады.

«Қарттық жетпей тұрып  жастық  шағыңның  қадірін  біл», – деп дана халқымыз текке айтпаса керек. Жастық дәурен адам өміріндегі ең маңызды кезең. Сондықтан кейде сенбі-жексенбі күндері қара базарда ұялы телефон сатып жүргендерге барып спортпен айналысу керектігін айтамын. Бұл қоғам – жүрегі иман нұрына толы, білім мен ғылымға қаныққан, еңбегін адал тірнектейтін, үнемі ізденісте жүретін, спортты жанына серік ететін жастарға зәру. Баяғыда бір данышпан: «Қай елдің болашағын болжағың келсе, алдымен жастарын көр, сонда болжауың дұрыс шығады», – деген екен. Өскелең ұрпақ болашаққа апаратын алтын көпір іспетті. Сондықтан да жастардың келешегіне үмітпен қарауымыз қажет,  – дейді ардагер спортшы.

Кенжебек Жазылбеков спортшы ғана емес, балаларының жол көрсетер әкесі, немерелерінің үлгі тұтар атасы. Басқаларға өнегелі өмірімен танылған қайсар жан. Ұлт болашағы – дені сау ұрпақ. Сондықтан жастарға спортпен шұғылдану керек деп өсиет айтып жүрген ардагердің бұл ісі көпке үлгі. 

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

Қаратал ауданында соңғы қоңырау шарасы заң мен тәртіп тақырыбына арналды

27.05.2026
Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

Нью-Йоркте Қазақстан БҰҰ рөлін нығайтуды қолдап маңызды мәлімдеме жасады

27.05.2026
Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

Ресей – Қазақстан: Еуразия төріндегі одақ

27.05.2026
Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады

27.05.2026
Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.