Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Солқылдақ заң қой баққандардың да соры

15.01.2026
КҮЛТӨБЕ
Солқылдақ заң қой баққандардың да соры

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

Міржақып Дулатұлының: «Заң әдет-ғұрыпқа қайшы келсе – үлкен аяққа тар аяқкиім кигенмен тең» деген сөзі бар. Қалай біліп айтқан, етігің тар болса еркін жүру мүмкін бе?! Заң да солай. Тіршілігіңе қарсы тұрып жатса, қолайлы өмір сұрап көр. «Заңнан аттап кетпейміз» дейтіні тұр құзырлылардың. Қайтпек керек? ҚР Қылмыстық кодексі ішінде «ит өлген» бап бар. 316-баптың көксегені жан-жануарға қиянат жасауды болдырмау, болған жағдайда жазалау. Дейтұрғанмен, осы бап аяқтағы тар кебіс болып тұр. Қалай дейсіз бе?

Былтыр ақпан айында Көксу ауданы, Мұқаншы ауылдық округінің тұрғыны Ирина Пактың қаздары қырылды. Айдың-күннің аманында көктемде тұқымын көбейтемін деген құстары «тұқымсыз» қалды. Оған себеп – қаңғыбас иттер. 28 бас қаз-үйрегін жайратып тастаған. Хакім Абай: «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі» деген еді. Ал Мемлекет басшысы: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек», – дегенді айтқан. Ирина Николайқызы да адал еңбекпен нан таппақ болған. Ол жұмыстан бос уақытын құр өткізбеудің қамымен қаз бен үйрек өсіруді ойлайды. Сатса жұмыртқасы да, еті де әжептәуір ақша тұратынын ұйғарып, балапан су құстарын сатып алады. Қарабайырын емес, етті және төзімді тұқымдарынан. Ондай құстар арзан тұрмайды. Бұл санаттағы қанаттылар шөпті азық етпей өспейді, суға шомылмай қатаймайды. Содан есік алдын темір тормен оқшаулап, бір мезгіл құстарын өрістетіп жүреді. Жер үйдің шаруасы біткен бе?! Кейде сарыауыз балапандарын көзден таса қалдыруға тура келеді. Мұны аңғарған қараусыз һәм қаңғыбас иттер қаңқылдағандардың балапанына біртіндеп ауыз сала бастайды. Қатаймаған сарауыздарының саны бұлай кемігеніне налыған Ирина Пак қолындағылардың санын арттыру үшін ересек қаз-үйрек сатып әкеледі. Содан балапанға шапқандар үлкен құстарға тиіспейді. Бірақ, былтыр ақпан айында барлығының бағасы 300 мың теңге болатын құстарын қырғын қылды. Құс иесі кімге шағынсын? Амалсыз сазға отырды. Аудандық ветеринариялық стансы бастығының орынбасары Асхат Нұрдәулетұлы тұрғын шағымымен 7 итті ұстаған.

ЖИ

Оның бірінің иесі бар екен. Ауылдық округтің учаскелік полицейі Жаңбырбай Дәуірбек иесіне айыппұл салған. Сонымен іс бітті.
Биыл ше? Дәл сол ауылда қаңғыбас иттер қазды қойып, қойға шабуға көшкен. Мұқаншылық Айнұр Құсайынованың қорасындағы 13 бас қойды қырып кеткен. Бұл жайды ести сала оқиға орнына бардық. Қора іші әлі де қан сасып тұр. Сатса пұл, болмаса бала-шағаның көже-қатығы болады деп ұстап отырған 5 ешкі, 8 қойға 7 қаңтар күні 3 қараусыз ит шауып, бәрін тамақтаған. Мұқаншы ауылына барғанымызда мал иесі үйінде болмай шықты. Телефонмен байланысқа шықтық. Жұмыс бабымен Алматыға кетіпті. Айтуынша, болған іске амал не?

– Жетінші қаңтарда осындай оқиға болды. Иттер 13 бас қой-ешкімізді қырып кетті. Таңғы бестер шамасында 3 қаңғыбас ит кірген. Оған енді ешқандай арыз-шағымым жоқ. Кімді кінәлаймыз? Болар іс болды! – дейді ауыл тұрғыны.

Әлеуметтік желіде желдей ескен видеосын көзбен көрдік. Мал біткен жайрап жатыр. Аудандық ветеринарлық стансы басшысы Әділбек Алпысбаев қараусыз һәм қаңғыбас иттің кәдімгідей «бас ауруға» айналғанын айтуда. Сөзіне сенсек, былтыр Көксу ауданынан 1050 ит ауланған. Оның 457-сі ғана ауланған жеріне жіберілген. Кастрация, ем-дом жасалған. Ал өзгесі ауру-сырқауына байланысты көзі жойылған. Мұқаншы ауылдық округінің өзінен былтыр 88 ит ұсталыпты.

– Бізге түскен хабарламаларға сәйкес қаңғыбас иттерді аулаймыз. Жұқпалы ауруы, қоршаған ортаға қауіпі болмаса, 10 күн қарауда ұстап, ем-дом шараларынан кейін жүрген жеріне қайта жіберіледі. Заң талабы сондай. Әзірге ауданда адамға шапқан ит анықталған жоқ. Ал малға шабу дерегі жыл басынан бері бірінші рет тіркеліп отыр. Қыс айларында иттердің ұйығатын кезі. Осындай уақытта азулылар тосын мінез танытып жатады. Сондықтан ит ұстаған кісілерді барынша сақтық шараларын сақтап, адамға, малға қауіпсіз болуы үшін байлап ұстауға шақырамыз, – дейді ветеринарлық стансы басшысы Әділбек Алпысбаев.

Қазір қойға шапқан 3 ит арнайы орында. Мамандар бақылап отыр. Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Мұхит Мамыр елді мекенде иттен келер қауіп жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

– Қаңғыбас иттер байқалғанда ветстансыға хабар береміз. Олар иттерді аулап әкетіп, 10-15 күн бақылап, емдеп, қайтадан ауылға әкеледі. Мұнан қаңғыбас иттер азайып жатқан жоқ. Тұрғындарға ауласын барынша қымтап, төрт түлігінің қорасын биік етіп қоршау керегін жеткізіп жатырмыз. Негізі қаңғыбас ит даладан келмейді. Тұрғындар өзі асырап, керексіз болғасын далаға, ауыл ішіне бос жібереді. Мәселе кей тұрғынның ит-мысыққа жауапсыз қарауынан туындайды, – дейді ауыл әкімі.

Былтыр қазға, биыл қойға шапқан қаңғыбас һәм қараусыз иттер адамға шаппасына ешкім кепілдік бере алмайды. Алайда жыл сайын бұл азулылардың қатары азайып жатқан жоқ. Ветеринарлық стансы мамандары ауланған иттерді қайтадан мекеніне босатады. Оған тұрғындар асырап, қоя берген иттерді қосыңыз. Бір қызығы, адам біреудің 13 қойын ұрласа ҚР Қылмыстық кодексіне сай жауапкершілікке тартылады. Ал итте мұндай жауапкершілік жоқ. Иесін тапса, оған айыппұл ғана салынады. Тар етіктей солқылдақ 316-баптың салдарынан осындай кемшілік туындап отыр.

Дастанбек САДЫҚ,
Мұқаншы ауылы

Көксу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.