Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СҰРАПЫЛ СОҒЫСТА ЕРЖЕТКЕН

9 мамыр 2024
КҮЛТӨБЕ
СҰРАПЫЛ СОҒЫСТА ЕРЖЕТКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғыста етігімен қан кешкен ерлер аз емес. Сұрапыл соғысқа қатысып, Жеңіске қол жеткізген ардагерлер қатары бүгінде сиреп барады. Облыс бойынша қан майданды көрген 4 ардагер ғана қалыпты. Солардың бірі – Гаврил МОИСЕЕВ.


Майдангер 1922 жылы Ақсу ауданы Қапал ауылында дүниеге келген. 1929 жылы  Қапал мектебінің табалдырығын аттап, 1939 жылы жетіжылдық мектепті аяқтайды. Кейін Қапал педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Қанаты қатайып, буыны бекіген бозбала қару асынады деп кім ойлаған? 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол Қызыл армия қатарына еніп, әскери мектепке оқуға жіберілді. Майдангер 1943 жылға дейін түрлі бөлімшелерде болып, ұрыс даласында өлшеусіз ерлік көрсетеді. Өкінішке қарай, майдангер 1943 жылы ауыр жарақат алып,  Қызыл армия қатарынан босатылады.
Соғыстан келгеннен кейін ардагер ауылын өркендету үшін түрлі салада жұмыс істейді. Алғашқы жылы Қапал орта мектебінде сабақ берді. Кинотеатрда, ұжымшарда түрлі қызмет атқарады. 
1945 жылы үйленіп, отбасын құрады. Жан жары  М. Клименко екеуі 4 бала тәрбиелеп өсіреді. Майдангердің әйелі 2008 жылы 84 жасында дүниеден өтті. Қазіргі таңда майдангер Ақсу ауданы Қапал ауылында кіші ұлы және келінімен бірге тұрады. 
«Ер жігіт елі үшін туады» деген бар. Қазақ даласынан аттанған азаматтың майданда көрсеткен ерен ерлігі ескерусіз қалған жоқ. Ол Отан соғысы орденін, «Германияны жеңгені үшін» және көптеген мерекелік медальді кеудесіне тақты.
Біз елі, жері үшін ұрыс даласында атой салған батырларымызды ұлықтап, есімдерін ұрпақ жадында жаңғырта беруіміз керек. Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ол адамзатқа бейбітшілік пен тыныштықты мәңгілік сақтау керектігін ескертіп тұрғандай. 

Аяулым  Сәбетжанқызы, 
ЖУ-дің студенті

Қатысты жаңалықтар

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01
Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.