Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Су электр стансысы ашылды

01.12.2016
КҮЛТӨБЕ
Су электр стансысы ашылды
WhatsAppTelegramFacebook

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай Сарқан ауданының Қойлық ауылында бой көтерген «Лепсі – 2» су электр стансысының ашылу салтанаты болды. Оған аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков бастаған ауданның атқамінер азаматтары, ақсақалдар мен студенттер көптеп жиналыпты. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов арнайы қатысып, жаңа нысанның лентасын қиды. Өңір басшысы көпшілікті қуанышымен құттықтап, өңірдің электр қуатына деген қажеттілігін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысын сөз етті.

– Қадірменді көпшілік, сіздерді өңір өндірісіне серпін беретін маңызды нысанның ашылуымен құттықтаймын. Бәріңізге аян, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында көптеген игілікті іс атқарылып жатыр. Бүгін балғындардың бақытын еселеген Қаратал ауданындағы 320 орынды балабақша мен облыс орталығында бой көтерген Тұңғыш Президенттің ескерткіші жұрт қуанышын еселесе, Сарқан ауданындағы су электр стансысы көп қуанышын шалқыта түсті. Былайша айтқанда, бұл нысан – жаңа энергия көзі болып табылады. Бұл келесі жылы өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің басты тақырыбына да сай келеді. Демек, осы арқылы біз елімізде атқарылатын маңызды істерге үлес қосудамыз. Өңірімізде бой көтерген «Мойнақ» су электр стансысын айтпағанның өзінде, бұл нысан қуаттылығы  жоғары су электр стансысы болып саналады. Осыған дейін Талдықорған қаласының маңындағы, яғни, Текелі қаласын басып өтетін Қора өзенінің бойынан бірнеше су электр стансысы салынып, жаңартылған энергияға деген сұранысты қанағаттандырды. Бүгінгі шараны соның жалғасы деп білген жөн. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғаса береді, – деді ол.
Келесі кезекте сөз алған «ACПMK – 519» ЖШС бас директорының орынбасары Павел Немытов жаңа нысанды салуға қолдау танытқан өңірлік «Темірбетон» ЖШС, «Ақсу» АҚ, «Аманат – А» ЖШС, «АТП Энергострой» ЖШС, «Гидроспецстрой» ЖШС, тағы да басқа кәсіпорындарға алғысын білдіре келіп, мұндағы өндірілген электр қуатының «КЕGOK» және   «TATEK»-тің орталық желілеріне жиналып, одан ары электр қуатын қажет ететін орындарға жіберілетінін тілге тиек етті. Сол қатарда Сарқан қаласындағы политехникалық коллеждің студенті Владимир Картинки аталған су электр стансысының колледждің электромонтер мамандығын оқып жатқан студенттердің дуалды оқыту жүйесі бойынша сапалы білім алуына жол ашатынын зор шабытпен сөз етті.
Мамандардың пікірінше, еліміздің су көздерінен электр қуатын өндіру мүмкіндігі 62 млрд. КВт/с екен. Қазір соның бар болғаны 8 млрд. КВт/с ғана пайдаланылып отыр. Ал Жетісу өңіріндегі өзендерге 1800 мегаваттық 158 нысан салуға мүмкіндіктің бар екендігі айтылып жүр. Ал облысымыз бойынша энергия тапшылығы 700  мегаватты құрайды. Осы кемшілікті болдырмаудың бірден-бір жолы өңірдегі жаңартылған энергия көздерін дамыту. Бұл орайдағы жоба-жоспарлары да ауқымды. Жаңадан іске қосылған «Лепсі–2» су электр стансысы соның негізінде жасалынып отыр. Жобаға 4 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Нысанның қуаттылығы 17 мегаватт. Бұл өңірдің энергия көзіне деген сұранысын айтарлықтай азайтады. Нысанда қуат өндіретін 4 генератор орнатылған. Ондағы жұмыстың денін компьютер атқарады. Бүгінде осы нысанда жұмыспен қамтылған 30-ға жуық адам компьютердің көмегімен судың деңгейін, қуат беру көлемін қадағалап отырады. Демек, осындай заманауи нысан енді тәуелсіз елдің ертеңгі болашағы үшін жұмыс атқарады. 
Мұндай қуаныш алдағы уақытта да көбейе түспек. Облысымызда 23 шағын су, 6 жел және 2 күн электр стансысын салу жоспарда бар. Яғни, осы жобалар арқылы баламалы қуат көздерін тұтыну қарқыны артып, электр қуатын өндіру ісі де қалыпты жүйеге түспек. 

Қажет АНДАС

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.