Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Су тасқынынан мың адам эвакуацияланды

28.02.2018
КҮЛТӨБЕ
Су тасқынынан мың адам эвакуацияланды
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы Талғар ауданында жауын-шашын мен еріген қар суы күре жолдар арқылы тасып, үйлерді басуда. Бір мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, — деп хабарлайды «Kazinform» ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 27 ақпан күні су басу қаупіне байланысты Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында 250 үйден 1 мың адам эвакуацияланды. Халықты қауіпсіз жерге көшірумен жергілікті атқарушы орган (25 жұмысшы, 7 техника), Төтенше жағдайлар департаменті (17 қызметкер, 3 техника), «Қазселқорғаныс» мемлекеттік басқармасы (4 қызметкер, 1 техника) және аудандық Ішкі істер бөлімі (18 қызметкер, 6 техника) айналысты. «7 автобус жұмылдырылды, Талғар қаласында эвакуациялық пункттер дайындалды (№13 және 31 мектептер, Экономикалық колледж, Медициналық колледж). 28 ақпан күні сағат 00.45-те эвакуациялық шаралар аяқталды», — делінген ТЖД ақпаратында.

Атап өткендей, ауыл тұрғындары туыс-туғандарына кетті. Сондай-ақ, ТЖД ақпаратына сәйкес, 27 ақпан күні республикалық маңызы бар 6 күре жол арқылы су тасыған. Қозғалыс шектелмеген. Қазіргі уақытта «Қазақавтожол» РМК суды бұру және құбырлы өткелдерді тазалау жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, су тасқынының салдарын жою жұмыстары Жамбыл ауданы, «Алматы-Ташкент» республикалық маңызы бар тасжолының 134-шақырымында, Еңбекшіқазақ ауданы, «Алматы-Көкпек-Көктал» республикалық автожолының 30-шақырымында, Талғар ауданы, «Алматы-Талғар» республикалық автомобиль жолының 64-шақырымында, Қарасай ауданы, «Алматы-Жандосов» республикалық тасжолының 22, 25 және 43-інші шақырым аралықтарында жүргізілуде. Бұған дейін хабарлағанымыздай, су тасқынына байланысты Жамбыл ауданында төтенше жағдай жарияланды. Алматы облыстық ТЖД-дан мәлім еткендей, ауданның Қайназар ауылында төрт көшедегі 50 үйді су алды. Сондай-ақ 27 ақпан, кешкі сағат 18:15-тегі жағдай бойынша Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы Баспана көшесінде 100 ауланы су басты. Бұдан бөлек, сағат 19:32-дегі жағдай бойынша Талғар ауданы Талғар қаласының Қонаев көшесінде орналасқан жер үй толығымен қирады. Зардап шеккендер жоқ. Үйдің тұрғындары туыстарына орналастырылды. «Су тасқыны болған жерлерге төтенше жағдай қызметкерлері мен техникалары жіберілді», — деп хаюарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.