ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында біздің алдымызға 11 нақты міндет қойды. Осы міндеттердегі басқармаға қатысты мәселелер бойынша жоспар құрып, алдымызда тұрған ауқымды әрі күрделі тапсырмаларды қазіргі заманның қарқынына сәйкес тың тәсіл, жаңаша ойлармен жүзеге асыруымыз қажет. Яғни, өзгеріп жатқан және өзгеретін құрылыс саласы бойынша басқарманың негізгі міндеті құрылыстың сапасын қадағалап, бақылау бағытында болып жатқан өзгерістерге дайын болу және заңнамалардың өзгерістері мен толықтыруларын үнемі назарда ұстап, соған байланысты міндеттерді айқындау.
Осы тұрғыдан егеменді еліміздің нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаумен қатар қазіргі кездегі қоғамымыздың дамуына қарай мемлекеттік органдардың жұмысында, оның ішінде, осы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыруда ҚР «Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына және тексеріс жүргізу тәртібіне, мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттарына сәйкес орындау және оны жүзеге асыру маңызды болып табылады. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауындағы «Жаңа шындықтағы экономикалық даму» бөлігінде: «Заңды түрде және іс жүзінде нысанның формадан басым болуы керек: жалпы түсінік пен мазмұн қатаң құқықтық нормалардан басым болуы мүмкін.Тексеруге үш жылдық мораторий мұндай реттеуді «таза парақтан» енгізуге жақсы мүмкіндік береді. Ең сыбайлас жемқорлық жаулаған салаларынан бастау керек: сәулет-құрылыс қызметі, санэпидқадағалау, ветеринария, сертификаттау және басқалар», – деп айтып кетті.
Сәулет-құрылыс қызметі біздің облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (бұдан әрі – басқарма) тікелей қатысы бар. Сәулет-құрылыс қызметі бақылау және қадағалау органы болғандықтан сыбайлас жемқорлық мәселелері жоқ деп айта алмаймыз. Осыған байланысты соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық көріністерін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізумен, мемлекеттік қызметшілерге семинар-кеңестер өткізумен, еңбекақыларын көбейтумен, басқарманың қызметінде ішкі талдаулар жүргізумен сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюда ауқымды жұмыстар атқарылуда және бұл жұмыстар өз нәтижесін беруде. Сәулет-құрылыс қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Сондай-ақ мораторий де бар.
Өзгерістерге сәйкес басқарманың мемлекеттік инспекторлары салынып жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына кедергісіз кіріп және жедел инспекциялау жүргізе алмайды. Сондай-ақ, Президентімізбен енгізілген үш жылдық мораторийға сәйкес шағын және микро кәсіпкерлік субъектілеріне барып тексеріс жұмыстарын жүргізуге болмайды. Сонымен қатар, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша лицензиялау және аттестаттау бағытында сыбайлас жемқорлық көріністерін жою мақсатында көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмау үшін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі электрондық автоматтандырылған түрде ұсынуға көшті және ол «азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес АҚ филиалдары арқылы жүзеге асырылады. «Е-лицензиялау «мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі лицензиялау процестерін автоматтандыру және мемлекеттік органдар – лицензиарлар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық тетігін қамтамасыз ету мақсатында құрылып, жүйе «электрондық үкіметті» қалыптастыру және дамыту бағдарламасы және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылды.
Сарапшыларды аттестаттау бойынша сұрақтарды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті жасайды және комитет сайтында таңдау нұсқаларымен орналастырылды, тестілеу бағдарламасы мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) желісінде орналастырылады, бұл сырттан кіру мүмкіндігін болдырмайды. Сондай-ақ, басқарма мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында нақты жұмыстар жүргізуде.
Яғни, жыл сайын басқарма қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. Толығырақ айтқанда, мемлекеттік органдарға бағынышты емес ұйымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып, басқарманың әр бөлімінің әр бағытын жеке-жеке қарастырып, ондағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, көріністерін анықтап, талдау анықтамасын жасап шығару. Одан кейін, осы анықтамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатындағы жасалған ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс ретінде жолдау болып табылады.
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында жеке және заңды тұлғалар өтініштерін, арыз-шағымдарын қазіргі заманға сай жан-жақты қабылдауда. Мысалы, басшылықпен азаматтарды жеке қабылдау, қызметтік ғимаратта азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәшік, басқарманың сенім телефоны (8-7282 24-52-05), басқарманың арнайы интернет-ресурсындағы (сайтындағы) басшының блогы, Facebook (басшының жеке блогы Абдыбеков Д. Т., Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әлеуметтік парақшасы) және Instagram (gask_alm_obl) әлеуметтік желілерінде парақшалар мен аккаунттар жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті реттейтін нормативтік актілермен танысу бойынша басқарма қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырумен, мақсатты және дәйекті айналысатын мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен семинарлар өткізілуде. Атқарушылық тәртіпті сақтау мәселелері, мемлекеттік мекемелерге жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау регламентін реттейтін қолданыстағы заңнама басқармада аппараттық кеңестерде жүйелі түрде қаралады.
Құрылыс сапасын одан әрі жақсарту және оларды халықаралық стандарттарға келтіру, сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету үшін басқарма келесі міндеттемелерді жоспарлайды. Олар: бизнес және жеке кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдайлар жасау, облыс халқының іскерлік белсенділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, инвестицияларды тарту бойынша шараларды әзірлеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, облыс объектілерінің құрылысын уақытылы бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету.
Басқарма қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсетуді 100 пайыз электронды форматта көрсету, салынып жатқан құрылыс нысандарын бақылау, қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында бюрократтық рәсімдерге жол бермей, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін барынша, белсенді түрде қарастырып, мотивациялық жауаптар беру, қарапайым халыққа ашық болу, қажетті ақпараттармен қанағаттандыру, мемлекеттік қызметтің оң иммиджін қалыптастырып, тиімді жұмыс атқару, жаңа жүйемен жаңа белеске шығу үшін басқарманың мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуіне өзіндік үлесін қосады деген сенімдемін.
Данияр ӘБДІБЕКОВ,
облыстық мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының басшысы





