Талдықорған: +21°C
$ 469.93
€ 541.64
₽ 5.71
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

СӨЗБҰЙДА СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ҰЛАСАДЫ

11.02.2024
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Осы уақытқа дейін экономикамыз біршама алға басты дегенімізбен қоғамда осыған дейін қордаланып қалған проблемалар әлі де жоқ емес. Жаңа Қазақстанымыз ондай түйткілдер түйінін біртіндеп тарқатып келеді деуге болады. 


7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай шешімін күткен мәселелердің бірқатары күн тәртібіне қойылды. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл орайдағы міндеттер қатарында бюрократияны тоқтату жайы алғашқы болып аталды. 

– Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс, – деген Президент бұл өзгерістерді жасауға не кедергі екендігін де атап өтті. – Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болғаны жөн. Мәселені жедел шешумен қатар экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз ету маңызды.

Бұл жерде бюрократияны тоқтату жайындағы әңгіме бір қарағанда жалғыз ғана сөйлеммен тұжырымдалғандай көрінеді. Алайда зер сала қараған адам мәселе мәнісінің тым тереңде жатқанын, қойылып отырған міндеттің мәселені жедел шешумен қатар экономиканың ұзақмерзімді дамуын қамтамасыз етуге келіп тірелетінін айқын аңғарады. 

Иә, мәселені жедел шешу жағына келгенде бюрократияның ең бірінші кедергі болатыны әлмисақтан белгілі. Белгілі бір ұсыныспен, бұл жерде тиімді ұсыныспен, өтінішпен дегенді алдыңғы орынға шығарайық, мемлекеттік қызметкердің алдына барған адамға көп ретте «бұл үшін анау керек, мынау керек, мынадай анықтамаларды алып келуіңіз керек» дегендей сансыз талаптың қойылатыны жасырын емес. Қаншама уақыты мен күш-жігерін жұмсап, ондай талапты орындаған күннің өзінде тағы бір «қажеттің» құлағы қылтиып шыға келуі мүмкін екендігін өтініш айтушының іші сезіп тұрады. Мұндай әуре-сарсаң адамды қажытып, түптеп келгенде бәріне қолын бір-ақ сілтеп тиімді ұсынысынан бас тартуға мәжбүр етеді немесе мәселені шешу үшін оны заңсыз қадамдарға баруға итермелейді. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз де сайып келгенде көп ретте нақ осы әуре-сарсаңнан туындап жатады. Экономиканы дамытып, қаншама күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін тиімді жобалардың жүзеге аспай сол жоба күйінде қалып жататыны да осыдан десек, ешбір асырып айтқандық бола қоймайды. 

Бұл тұжырым инвестициялық жобаларды іске асыруға да тікелей қатысты. Елімізге келген бірқатар инвесторлардың жоғарыда сөз болған бюрократиялық кедергілерден қашып, бұдан арғы уақытта бірлесе жұмыс істеуден бас тартатындықтарын да мерзімді басылымдардан оқып, теледидардан көріп жүрміз. Содан кейін де «Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек. Мекеме басшыларының шетелге жасаған әрбір іссапары нақты нәтиже беруге тиіс. Сапар қорытындысы бойынша Үкімет басшылығына, қажет болған жағдайда Президентке есеп берілуі керек» деген тұжырымдар нақты өмір қажеттілігінен туындап отыр деп есептейміз.

Қағазбастылық, көзбояушылық дегеніміз де негізінен сол бюрократиядан бастау алып жатады. Яғни мұның өзі де жол беруге болмайтын жайттардың қатарында. Қасым-Жомарт Кемелұлының өз сөзінде «Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отырмау керек. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет» деп осы мәселеге айрықша тоқталып өткені бекер емес. 

Жоғарыда бюрократия мен жемқорлық мәселесінің түптеп келгенде бір тамырдан бастау алатынын тұжырымдадық. Демек алдағы уақытта қоғамымызды жайлап кеткен сыбайлас жемқорлықты барынша азайтамыз десек, Президентіміз айтып өткендей, бюрократиямен, қағазбастылықпен де жүйелі күрес жүргізуіміз қажет.   

Бюрократияны жемқорлықпен байланыстырмай жеке алып қарағанның өзінде оның келеңсіз құбылыс екендігі талас тудырмайды. Замандастарымыздың жүйкесін жұқартып, небір реніштерге себеп болатын бұл құбылыс халық шаруашылығының қай саласында болсын байқалып қалады. Тұрғындардың толғағы жеткен мәселелері сөзбұйдаға салынып, жылдар бойы шешілмегендіктен олардың көңілдерінде орынды реніш те туындайды. Жалпы еліміз бойынша ондай проблемаларды шешетін уақыт әлдеқашан жетті деп ойлаймыз. 

Осыған орай Жетісу жерінде жақсы бір үрдістің қалыптасып келе жатқанын да айтып өткен жөн. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан қоғамдық қабылдауларында тұрғындар лебізін тыңдап, олардың орынды деген өтініштерін сөзбұйдаға салмай нақты шешу, бірден жолын табу мүмкін болмаған жағдайда қолданыстағы заңға сәйкес мүмкіндіктерді қарастыру үрдісі қалыптасты. Бұған дейінгі кездесулерде айтылған ұсыныс-тілектердің қаншалықты жүзеге асқанын жариялап отыру да көпшілік көңілінен шығатын жайттардың қатарында. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұдан басқа да көптеген маңызды мәселелер көтеріліп, айрықша құзыретке ие болған жаңа Үкіметке жауапты міндеттер жүктелді. Соған орай Үкімет те мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, еліміздің дамуына, қоғамымыздың жақсы жағына қарай өзгеруіне қатысты шұғыл шешімдер қабылдайды деп сенеміз. Көңілде үміт сәулесін жылт еткізген жаңа Үкіметтің алдағы уақыттағы әр қадамы жемісті болсын деп тілейік.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі

 

Қатысты жаңалықтар

Сашка бәрін біледі

Сашка бәрін біледі

09.08.2026
Тағдыр табыстырған

Тағдыр табыстырған

09.08.2026
Ұлттық құрамда жаңа бапкер

Ұлттық құрамда жаңа бапкер

08.08.2026
Балуаннан балуан озар белдескенде

Балуаннан балуан озар белдескенде

08.08.2026
Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

Жетісуда биыл 3300-ден астам жаңа пәтер беріледі

08.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.