Талдықорған: 0°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Табысқа толы «Табаған»

07.02.2017
КҮЛТӨБЕ
Табысқа толы "Табаған"
WhatsAppTelegramFacebook

Жұмыр жердің 57 мемлекетінен келген саңлақ спортшылар қысқы ойындардың 12 түрінен өзара бақ сынасуда. Солардың қатарында фристайл ойыны бар. 

Белгілі бір биіктіктен құсша самғап, қас қағым сәтте акробаттан бірнеше тәсілді орындап үлгеруі тиіс шаңғышының шеберлігі сыналатын қысқы ойынның бұл түрі – елімізде кенжелеп дамып келеді. Соған қарамастан осыдан 6 жыл бұрынғы ақ Азиада ойындарында алғаш рет сынға түскен ел спортшылары фристайл, могул, параллельді могулдан ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, қос-қостап қоржынға алтын, күмістен медаль салғаны әлі есімізде. Көрерменнің жүрегіне қорқыныш пен қуанышты қатар ұялататын фристайл аса экстирмальді спорт түрі саналады. Жасыратыны жоқ, спорттың бұл түріне екінің бірінің жүрегі дауаламасы анық. Ал қауіп-қатерге толы спортты біздің оңтүстік өңірдің тумалары, талантты спортшылар Жібек Арапбаева, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Ақмұрзаева мен ерлер арасында Бағлан Іңкәрбектер еркін меңгергенін айқын аңғартты. Бұл күнде де фристайл «Табаған» спорттық-сауықтыру кешенінде өтіп жатыр. Оған алты жыл бұрынғы ақ Азиада кезінде дайындалған жарыс жолы фристайлшылардың өнер көрсетуіне өте ыңғайлы әрі лайық деп танылған. 
Аппақ қар жамылған Алатаудың биік шыңдарында екі күн бойы «Алға, Қазақстан!», «Жаса, Қазақстан!», «Жарайсың, Жанбота», «Жібек», «Бағлан» деген жанкүйерлердің жалынды сөздері әлі күнге жаңғырып тұрғандай. Жүрекке жылы, құлаққа жағымды естіледі. Ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың жеңісіне сәттілік тілей отырып, рухын жігерлендіруге Алматыдан, Талғар ауданынан ғана емес, республикамыздың әр түкпірінен, тіпті, алыс-жақын шетелден ағылған жанкүйерлер де жетіп-артылады. Олар өз командаларына қолдау көрсетіп, тілеуін тілеуде.
Сонымен, фристайлдың іріктеуінен сүрінбей өткен жерлестеріміз Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова жекелеген жарыста ақтық сынға жолдама алды. Қос қарлығашымыздың қарсыластары да осал емес еді. Аталған ойын түрінен аспанасты елінің спортшылары өте жоғары шеберлік танытып, алға суырылып шықты. Құстай ұшқан жарыс жолында намысты қолдан бермеуге ұмтылған қаракөздеріміз ел қоржынына алғашқы медальдарды салғанын тағы да сүйіншілей жеткізгіміз келеді. Бірінші күнгі жарыстың қорытындысы бойынша Жібек Арапбаева қытайлық спортшыға есе жіберіп алды. Айта кету керек, Жібек Арапбаева 2011 жылғы елімізде өткен қысқы Азиада ойындарында да күміс алып, ел мерейін өсірген болатын. Ұлтымыздың намысын қорғауға барын салған спортшы қыз сол жолғы жеңісін жаңылмастан қайталады.
– Өз Отанында өнер көрсету үлкен жауапкершілік жүктейді.Үш ұлдың ортасында өскен қызымның бұл жеңісі – Алаш жұртының жеңісі, алдағы жарыстарына да сәттілік тілеймін, – деді жүрегі жарыла қуанған анасы Қалипа Арапбаева. 
2014 жылы Сочи Олимпиадасында үздік алтылыққа кірген, бірнеше Еуропа кубогының биік белестерін бағындырған Жанботаға қысқы Универсиадада үлкен сенім артылғаны белгілі. Бірақ, жекелеген жарыста Жанбота Алдабергенова қателіктерге бой алдырып, қоланы місе тұтты. Ал Ақмаржан Қалмұрзаеваның жарыс жолынан шығып қалуы жеңістің үш тұғырын да бағындыруға ұмтылған құрбыларын қынжылтқанмен, бұл спортшы қыздардың сағын сындыра қоймады. Олар алдағы сынақтарда осы биікті бағындыратындарына кәміл сенімді.
Сенім бар жерде жеңіс туының желбірейтіні хақ. Күні кеше осылай ой бөліскен фристайлшылар келесі кезектегі командалық жарысқа бар күш-жігерлерін жұмылдыра келгені байқалады. Жапалақтай жауған аппақ қар да ақ жол тілеп, үмітін үкілеген елінің ыстық сәлемін үздіксіз жеткізіп жатқандай сезілді. Табиғаттың тамаша көрінісі спортшыларымызды ширатып, жіберіп алған есесін қайтаруға ерекше қуат беріп жатқандай. Осылайша қиқулап шабыт беріп, тағатсыздана күткен жұптық жарыс та басталды. Бұл жолы ел намысын қорғауға екі спортшымыз – Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек бел буған екен. Сәтсіздікке бой алдырмай, сабырлы кейіп таныта білетін Жанботаның ізденісін жаттықтырушылары өте жоғары бағалайды. Міне, Ресей,         Беларусь сынды алып елдің командаларын ысырып, ақтық сынға шыққан команда мүшелерінің әр қадамы осы ойымызды нақтылай түседі. Алайда, фристайлдан алғашқы күні алтынды қағып кеткен аспанасты елінің қос бірдей командасымен сынға түсу оңай еместігін сезінетін жерлестерімізге жанкүйерлер жан-жақтылы қолдау көрсетті. Бұл жарысқа қатысқан қазақстандық 1-ші команда Дархан Мұхаметжанов пен Ақмаржан Қалмұрзаева бірінші іріктеу сынында 5-орынға табан тірегенін айта кету керек. Жалпы, фристайл бойынша іріктеу сынына 7 команда қатысқан болатын. Ақтық бәсекені бастаған Қытайдың 2-ші командасының спортшылары биіктікті бағындыруда бірінен соң бірі бірден сәтсіздікке ұшырады. Сөйтіп, жүлделі орыннан үміттері үзілді. Жарысты жалғастырған Жанбота Алдабергенова ақтық сындағы тапсырманы еш кедергісіз сәтті орындап, қазақстандық құрама 79,17 көрсеткішпен алға суырылып шықты. 
Ал ерлер арасында күміс медаль алған Го Жми де жеңіске деген мүмкіндігін төмендетіп алды. Келесі кезекте жарыс жолына шығатын Бағлан Іңкәрбекті жанкүйерлері тағатсыздана күтті. Сонымен, демімізді ішке алған жарыстың шешуші сәтінде амалды айна-қатесіз орындаған Бағлан Іңкәрбектің қорытынды көрсеткіші 167,5 болды. Қазақстан құрамасы жалпы есеппен чемпион атанып, фристайл бәсекесінде жарқыраған алтын медальді алғашқылардың бірі болып қоржынға салды.
 – Ақтық сынға шыққанда қобалжу болды. Ауа райының бұзылуы да жылдамдыққа кері әсерін тигізеді. Соған қарамастан ел намысын уыстан шығармауды басты мақсат еттік. Қытайлықтарды жолда қалдырдық. Біз Универсиада ойындарында алтын алуды мақсат еткенбіз. Алтынды алдық, – деп ағынан жарылған Жанботаның қуанышын Бағлан Іңкәрбек жалғастырып: 
– Жанботаның жанында құлап қалу – азаматтығыма сын болар еді, – деді.
Бұл біздің Универсиадада өнер көрсеткен қаракөздеріміздің қайталанбас жетістіктері мен жеңістері. Жалпы, осы спорттық жарыста сайысқа шыққан саңлақтарымызға пара-пар келетіндер табылмады. Оған фристайлдың могул бағдарламасы бойынша жеңіс тұғырына көтерілген қос спортшы Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхердтің жарқын жеңістері дәлел. Саңлақ спортшыларымыз жұптық могулда да шеберлік танытып, екінші алтынды мойындарына жарқырата таққаны туралы сүйіншілеген едік. Жалпы, 28-қысқы Универсиада ойындарында ел қоржынына түскен 10 АЛТЫННЫҢ 5-уін фристайлшылардың салғаны шын мәнінде зор қуаныш!
Бүгінгі күнге қазақстандық құраманың қоржынына спортшыларымыз 10 алтын, 3 күміс, 10 қола салып, жалпыкомандалық есепте 2-орында тұр. Ал әзірге 19 алтын, 20 күміс, 12 қола медальмен ресейліктер көш бастап келеді.
Алатаудың бөктеріндегі дүбірлі жарыстарда отандастарымызға тек жарқын жеңіс тілейміз!

Ұлбосын ИСАБЕК «Табаған» спорт кешені,
Талғар ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.