Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАЛАП БАР ЖЕРДЕ ТӘРТІП БАР

07.09.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің табысты жолмен қарқынды дамуы үшін, ең алдымен, сауатты, бәсекеге қабілетті, өз кәсібін жетік меңгерген менеджерлер қажет екенін үнемі айтып келеді. Қазіргі заманның тілімен айтқанда, менеджер – ұжым қызметкерлерін ұтымды ұйымдастыра білетін, білім мен біліктілікке қатаң талап қоя алатын, сонымен бірге, жұмыстың сапасы мен нәтижесін аз күнде көрсететін өз саласының көшбасшысы. Кеңестік кезеңде мұндай менеджерлер тәлімгерлік мектебі арқылы тәрбиеленіп отырды. Жоғары оқу орындарының жас, идеяшыл жастары алдыңғы буын ағалардан кәсіби кеңес алып, қаншалықты қиын болса да  қасынан қалмай жүріп маманданатын. Бұл оң нәтиже беріп, мемлекеттің барлық саласында алға жылжу болды. Осындай үлкен мектептің қалыбында шыңдалып, қызметтің қазанында қайнаған білікті менеджер, білімді басшы Мақсат Бекетаев десек, артық айтпағанымыз.


Естіген де шығарсыз, бәлкім, білесіз де, Есік қаласында ерекше қарауды қажет ететін жандардың орталығы бар. Ерекше болғанда, жүйке жүйесі сыр берген сырқаттарды емдейтін мекеме. Әрине, бір естігенде, тіксінесіз, үрей де билейді. Бірақ тағдырдың айдауымен сонда жатқан жандарды кімдер емдейді? Басы-қасында жүрген, ыстық-суығына төзген қандай жанкешті адамдар? Осы жағын ойлағанда орталық қызметкерлеріне еріксіз бас иесіз.

Иә, «Аманат» Есік арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ұжымы – тағдыр сынағына түскен, жүйке ауруына шалдыққан науқастардың қамқоршысы. Бір сөзбен айтқанда, олар – түрлі үйірмелер, емдеу әдістері арқылы науқастардың көңілін аулап, жалғызсыратпай жанынан табылып жүрген үлкен жүректі жандар. Мақсат Бекетаев – осындай мейірім мен күтімге мұқтаж жандарды қарайтын мекеменің басшысы. Өзінің адами асыл қасиетімен, кеңестік кезеңнен жинаған баға жетпес тәжірибесімен аз күнде сырқаттардың қамқоршы әкесіне айналып үлгерді.

Ол қай қызметте жүрсе де өзінің бастамашылдығымен, кәсіби әлеуетімен алдыңғы қатардан көрініп келеді. Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары лауазымында да өзінің адами болмысымен, қызметтегі шешімталдығымен, ұйымдастыру қабілетімен халықтың көңілінен шықты. Ауданның ауылшаруашылығы саласын өркендетуге үлкен үлес қосты. Облыс қана емес, республика көлемінде бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерімен Еңбекшіқазақ ауданының атын шығаруға ерекше еңбек сіңірді. Аудандағы фермерлердің жаңа технологияларды меңгеруіне, сол арқылы өнім сапасынф көтеруге күш салған бастамалары еш кеткен жоқ. Отандық өндірісті дамытқан шаруашылық қызметкерлерінің шетелмен байланыс орнатып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызды. Тіпті, АҚШ, Израиль, Венгрия, Сербия, Италия елдерінің фермерлерімен тәжірибе алмасуға атсалысты. Ауылшаруашылығы ғылымы мен тәжірибені ұштастырып, экспортқа баса көңіл бөлген білікті мамандардың бірі болды.

Мақсат Тоқбергенұлының қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да елеусіз қалған жоқ. Аграрлық саладағы еңбегі үшін «Ауылшаруашылығының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен бірге, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Құрметті профессоры атанды.

Осы жылдың наурыз айынан бері Мақсат Бекетаев жоғарыда тілге тиек еткен орталықтың директоры қызметін абыроймен атқарып келеді. Санаулы ай өткенімен оның әрқайсысы бір жылға тең десек, қателеспеспіз. Өйткені, Мақсат Тоқбергенұлының жаңа қызметі әлемдік пандемияның өршуімен, соған байланысты жарияланған Төтенше жағдай режимімен тұспа-тұс келді. Карантин кезінде орталықтың жұмысын күшейтіп, науқастар арасында сақтықты қатаң қадағалау қажет болды. Осыған байланысты кәсібилікке деген талап та өзгеріп, қиын уақытта қызметкерлер бұрынғыдан да үлкен қарқынмен жұмыла жұмыс істеді.

Орталық директорының бастамасымен психиатриялық кемістігі бар науқастар ұсталатын мектеп-интернатқа өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, жеке және көпшілікпен отыратын бөлмелерге жайлы жағдай жасалды. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кірген адамға сүреңсіз көрінетін бөлме заттары жаңасына ауыстырылды. Ескі теледидарлар жаңартылды. Зал көрнекіленіп, кірген адамға бірден жайлылық сыйлайтындай болды. Бұдан бөлек, орталықта жатқан науқастар демалатын аумақ та абаттандырылды. Әдемі гүлзарлар жасалып, көгалдандыру жұмысы жүргізілді. Гүлзар арасымен серуендеген адам табиғаттың сұлулығына тамсанып, алқызыл гүл аңқыған ауаны құшырлана жұтатындай мүмкіндік туды.

Баса айтатын мәселе – орталықта қызметкерлер мен науқастар арасында бірде-бір коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл жаңа басшының талап ете білетін ерен еңбегінің арқасында екені айтпаса да түсінікті. Емдеу мекемесінде санитарлық талап қатаң сақталды. Арақашықтық, жиі-жиі қолды сабынмен жуу, бетперде тағу нормалары қадағаланды. Әсіресе, емделушілер арасында аурудың тарап кетпеуіне баса назар аударылды. Бұл талап індеттің беті қайтып, карантин режимі жеңілдетілсе де, күшін жойған жоқ. Өйткені, бұл мекемеде сақтық аса қажет. Ұзын саны 320 қызметкері, 500-ден астам емделушісі бар үлкен орталық үшін бұл өте маңызды.

Ерғанат ОРАЛБАЕВ
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.